СҚО тұрғыны газ баллонындағы ақау салдарынан көз жұмды

0

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны газ баллонындағы ақаудан шыққан өртте көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«24 ақпан күні 21:00-де өрт сөндіру қызметіне Солтүстік Қазақстан облысы Ш.Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарланды. Газ баллонының редукторындағы ақау салдарынан газ ауамен араласып, оның арты өртке ұласқан. Үйдегі жиһаздар өртенген, жалын 12 шаршы метр ауданды шарпыған», — делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілері 21:37-де тілсіз жауды ауыздықтап, 21:56-да толықтай сөндірді. Апат кезінде күйік шалған 1964 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері және 2 техникасы жұмылдырылған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz