Алматыда жеңіл жүрісті әйел клиентін өлітіріп, сосын тонап кетті

0

Бір қызығы қылмысқа «түнгі көбелектің» күйеуі қатысқан.

Алматыда адам өлімі дерегіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотында ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) және 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына (Бір топ адамның алдын ала келісім бойынша адам тонау) сәйкес қылмыс жасаған әйелге, сонымен қатар ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына (Бір топ адамның алдын ала келісім бойынша адам тонау) сәйкес қылмыс жасаған ер адамға қатысты қылмыстық істің қаралымы аяқталды.

Сот 2018-жылғы 8-қараша күні түнде жалдамалы пәтерде сотталушы, интимді қызмет көрсететін әйел мен оның клиентінің арасында келіспеушілік орын алғанын анықтады. Оған арадағы келісімнің бұзылуы себеп болған. Келіспеушліктің соңы төбелеске ұласқан. Жаға жыртыс барысында әйел адам бос шампан бөтелкесімен қаруланып, клиенттің басына бірнеше соққы жасап, ер адам төсекке құлайды.

«А. есімді сотталушы әйел мұнымен тоқтамай, шөлмек сынығымен жапа шегушінің мойынына бірнеше соққы жасап, артынша ескті сыртынан іліп, қылмыс орнынан кетіп қалған. Арадан біршама уақыт өткен соң А. есмді сотталушы әйел өзінің В. есімді күйеуімен қылмыс орнына қайта келіп, ашық түрде жапа шегушінің заттарын ұрлауға кіріскен. Бұдан бөлек, олар әлі тірі жатқан адамды күштеп, банк картасының пин-кодын айттырған. Сосын оны өлім аузында қалдырып кеткен», — делінді сотта.

Сотталушылар өз кінәларын жартылай мойындады.

Сот үкімімен әйел адам ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес екі бірдей бап бойынша айыпты деп танылып, оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ал «түнгі көбелектің» күйеуі өмірінің үш жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады.

Сотталғандар өз жазаларын қауіпсіздігі орта деңгейлі қылмыстық-түзеу жүйесінде өтейді.

Сот процессуалды шешім шығармастан алдын олардың өкініштері мен баласының барлығын және істің басқа да жағдайларын ескерген.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz