Оралда қалың қардың салдарынан балабақша шатыры опырылып түсті
Жапа шеккендер жоқ.
Толассыз жауған қар балабақша шатырының опырылып құлауына себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Масина, 44 мекен-жайында орналасқан нөмірі 19-бөбекжайдың шатыры жартылай құлап түскен.
Шатырдың жалпы аумағы 500 шаршы метр аумақты құрайды. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz