Кепіл туралы шарттың жасалу мәселелері

0
251


Мазмұны
Кіріспе 3
I.Кепіл ұғымы 4
1.1.Кепіл мәні және оның түрлері 4
1.2.Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл және мүлікті ұстап қалу, кепілдік жарна 12
II.Кепіл туралы шарттың жасалу мәселелері 14
2.1.Ипотекалық несие түсінігі 14
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе
Кепіл — азаматтық құқықта: міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табу құқығы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебінен өтеледі. Кепілді иеленуші тұлға — кепіл ұстаушы, кепіл нысанын ұсынушы тұлға — кепіл беруші деп аталады. Борышкердің өзі де, үшінші бір тұлға да кепіл беруші болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекс бойынша кепіл — күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайтын жылжымайтын мүлік пен басқа да бағалы заттар түрінде салатын ақшадан тұратын бұлтартпау шарасы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі — ҚІЖК).
Менің бұл тақырыпты алған себебім — бұл ұғым күнделікті өмірде жиі кездесетін таныс ұғым. Тақырыптың мақсаты — кепіл ұғымымен толығымен танысып шығу және бұл бағыттағы сауаттылықты ашу болып табылады.
Келесі қарастыратын мәселе ломбард ұғымы — ол халықтың өз мүліктерін кепілге қою арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бір жолы.
Ломбард — заңды тұлға болып табылатын және банк болып саналмайтын, жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік кепілдігімен қысқа мерзімді қарыз беретін мекеме. Тұңғыш рет Францияда 15 ғасырда Ломбардиядан шыққан италиялық көпестер құрған. Ломбардқа заттарды (асыл металдан, асыл тастардан жасалған бұйымдарды, кілем, сәндік әшекейлерді, т.б.) кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілзат билетін беруімен рәсімделеді. Ломбард кепілге салынған заттарды бағасының толық сомасында сақтандыруға міндетті. Ломбард қызметкерлері кепілге салынған заттардың жоғалғаны, бүлінгені үшін, мұның тылсым күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жауапқа тартылады. Ломбард қызметкерлерінің кепілге салынған заттарды пайдалануға, иеленуге құқы жоқ. Кепілзатпен қамтамасыз етілген несие сомасы ломбардқа уақытында қайтарылмаған жағдайда ол нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде кепілзатты сата алады. Заттарды сақтайтын үй-жайды да ломбард деп атайды.
Ипотека(грек. hypotheke — кепіл‚ кепілзат) — ұзақ мерзімге несие алу үшін жылжымайтын мүлікті кепілге салу. Ипотекалық қарыз ақша (ипотекалық несие) қозғалмайтын мүліктің кепілдігіне банк беретін қарыз ақша. Ипотекалық несие жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін несие нысанында қаржы ресурстарын тарту тәсілі, яғни ипотекалық‚ коммерциялық банкілер‚ сақтандыру және басқа несие-қаржы мекемелері жылжымайтын мүлік кепілімен беретін несие.
I.Кепіл ұғымы
1.1.Кепіл мәні және оның түрлері
Азаматтық құқықта міндеттемелердің көптеген түрлері бар. Несие беруші олардың әрқайсысының орындалуына мүдделі болады, сәйкесінше, осындай орындауды қамтамасыз ететін құқықтық шараларды пайдалануға ұмтылады. Тараптар өз мүдделерінің сақталуын арнайы қамтамасыз ету шараларын қолдану қажеттілігі туындамайтындай дәрежеде шарттың негізгі талаптарымен кепілдік ете алады. Осыдан, егер шартта өнімнің құнын алдын ала төлеу көзделген болса, бұл жағдайда уақытылы төлемегендігі үшін айрықша санкцияларды белгілеу қажеттілігі де болмайды. Бірақ көп жағдайларда міндеттеме тараптары өздерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін арнайы құралдарды қолдануға мұқтаж болады. Алайда мұндай қамтамасыз ету шаралары шарттық міндеттемелерде де, сонымен қатар шарттан тыс міндеттемелерде де пайдаланылуы мүмкін, сонда да олардан туындайтын мүмкіндіктердің барлығы шарттар саласында көрініс табады. Азаматтық-құқықтық міндеттемелерді бұзушыларға әсер етудің түрлі тәсілдері үшін түрлік категориясы ретінде Азаматтық кодекстің мазмұнынан шығатын құқықты қорғау шаралары түсінігі көрінеді. Бұл норма құқықты қорғау түсінігін жекелеген құқық қорғаушы шараларды білдіретін түсінік ретінде бекітеді. Құқықтарды қорғаудың негізгі шаралары азаматтық кодекстің нақ осы бабында белгіленген және аталған. Азаматтық кодекстің 9-бабында аталған құқық қорғаушы шаралардың ішінен арнайы қамтамасыз ету шаралары дербес топты құрайды. Азаматтық айналым қатысушылары, шарттық қатынастарға түсе отырып, өздерінің жасасқан шарттары арқылы көздейтін мүдделерін қамтамасыз етуге ұмтылады. Осы мақсатпен олар өздері үшін барынша тиімді шарттарға қол жеткізеді және ең маңызды талаптардың көмекші міндеттемелермен қамтамасыз етілетіндей жағдайда осы шарттарды белгілі бір жүйеге енгізеді. Аталған маңызды талаптар өзара ерекшеленетін екі топқа бөлінеді:
1) басқа талаптарды орындаудың алғышарттарын қалыптастыру мен бекітуге бағытталатын талаптар (мысалы, шарттың бір талабы тараптың өнімді сату міндетін көздесе, басқа талаптар оны сатуға қажетті лицензияны алуға, кедендік тазалауды жүзеге асыруға міндеттейді; бір шарттық талап мүлікті кепілге беру міндеті туралы айтса, басқасы — осы мүлікті сақтандыру міндеті туралы, т.б.);
2) басқа талаптарды орындамаған жағдайда қолайсыз салдарлардың орын алу қаупін тудыруға бағытталған ережелер. Кепіл — ең ежелгі құқықтық институттардың бірі. Кепіл туралы Құранда айтылады. Мысалы, 2 Сүренің 283-тармағында мынадай мазмұндағы ереже бар: Егер де сіз жол жүрген болсаңыз және жазатын адамды таппасаңыз, онда кепіл алыңыз. Сондай-ақ ол туралы Библияда да айтылған. Мысалы, Исход деп аталатын кітапта былай делінген: Егер өз жақыныңның киімін кепілге алған болсаң, оны күн батқанша қайтар; Второзаконие кітабында: Егер сен өзіңнің жақыныңа бір нәрсені қарызға берген болсаң, одан кепіл алу үшін үйіне барма; сыртта күте тұр, ал қарыз берген адамың кепілді саған сыртқа алып шығады т.б. Азаматтық кодекстің 299-бабында кепілге мынадай анықтама берілген: мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.
Кепіл қатынастарының тараптары кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Күнделікті өмірде кепіл деп әдетте несие берушінің борышқордан алған құжаттарды: төлқұжат, жүргізуші куәлігі т.б. айтады. Азаматтық-құқықтық кепіл қатынастарының моделі жария құқықта қолданылады. Осыдан, айрықша кепіл қатынастары кеден органдарының қызметінде бар. Алайда, азаматтық-құқықтық нормалар бұндай кепілге қатысты қолданыла алмайды, себебі ҚР АК-нің 1-бабының 4-тармағына сәйкес, Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, бiр тараптың екiншiсiне әкiмшiлiк немесе өзге де билiк жағынан бағынуына негiзделген мүлiктiк қатынастарға, соның iшiнде салық жөнiндегi және басқа бюджеттiк қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуші басқа тәсілдермен салыстырғанда кепіл белгілі бір артықшылықтарға ие. Мысалы, оның маңызды ерекшелігі болып несие беруші-кепіл ұстаушының талаптарын борышқордың қаржылық жағдайына қарамастан қанағаттандыру мүмкіндігі, ал басқа кең тараған қамтамасыз ету шаралары — айып төлеу мен кепіл болушылық борышқорда қаржы құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Кепіл азаматтық заңнамада белгілі міндеттемелердің барлық түрлеріне қатысты қолданыла алады.
Алайда кепілді тәжірибеде қолдану саласы, ең алдымен, шарттық міндеттемелерді, соның ішінде заем, сатып алу-сату және т.б. қамтамасыз етуге бағытталады. Кепіл акцессорлық міндеттеме болып табылады, сәйкесінше, негізгі (қамтамасыз етілетін) міндеттеменің тағдырын бөліседі. Кепіл міндеттемесінің акцессорлығы туралы ереже бір алып тастауды біледі. Егер ипотека шарты бойынша құқықтарды басқа тұлғаға берсе, бұл (ипотека ипотекалық куәлікпен рәсімделген жағдайда) сондай-ақ негізгі міндеттеме бойынша құқықтардың да берілуін білдіреді. Бұнда негізгі міндеттеме қосымша міндеттеменің тағдырын бөліске салып отыр, керісінше емес. Аталған жағдайда заң шығарушы кепілдің акцессорлығын алып тастай отырып, ипотекалық куәліктердің айналым қабілеттілігін арттыру үшін құқықтық жағдайларды қалыптастыру мақсатын көздейді. РҚ АК-нің 299-бабының мәтіні бойынша кепілдің мәні кепіл ұстаушы үшін оған берілген мүлікті өзінің жеке меншігіне айналдыру мүмкіндігінде емес, басқа несие берушілерге қарағанда кепілге салынған мүлік құнынан басым қанағаттандыруды алу мүмкіндігінде. Кепіл міндеттемесінің нәтижесінде кепіл ұстаушы өз талаптарын қанағаттандырудың қосымша мүмкіндігін алады, бірақ сонымен бір мезгілде әдеттегі несие берушінің мүмкіндіктерін жоғалтпайды. Бұл мүмкіндіктердің арасында таңдау жасау құқығы кепіл ұстаушыға тиесілі болады. Сондықтан, даулардың біріндегі кепіл ұстаушының кепіл пәнінен өндіріп алу туралы талап-арызын, кепіл берушінің пікірінше, кепіл ұстаушы кепіл беруші үшін оның есепшотынан ұстап қалу, аккредитивтен ақшаны даусыз алып қою сияқты мейлінше жеңілірек мүмкіндіктерді пайдаланбағандықтан, қанағаттандырмау туралы кепіл берушінің талабын негізсіз деп тану керек. Кепіл ұстаушы өзіне тиесілі қарызын кепіл берушінің басқа несие берушілерінен бұрын алады. Бірақ бұл артықшылық тек борышқордың кепілге салынған мүлкіне қатысты қолданылады. Борышқордың басқа мүлкі несие берушілердің азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамаларымен айқындалатын жалпы кезектілігі бойынша өндіру пәні болып табылады.
Кепіл ұстаушының талаптарын артықшылықпен қанағаттандыру туралы ережеден алып тастаулар тек Азаматтық кодекс қана қарастыра алады. Алайда кепіл ұстаушының өз талаптарын қанағаттандыруға басым құқықтары оның талаптарының кезектен тыс қанағаттандырылуын білдірмейді. Әдетте кепіл ұстаушылар несие берушілердің үшінші кезегіне жатады. Басқа кезектілік те белгіленген, атап айтсақ, АК 21-бабы — банкрот болған жеке кәсіпкердің талаптарын қанағаттандыру үшін кепілдік несие берушілер екінші кезекке жатқызылады; АК 1080-бабы бойынша мұра қалдырушыны жерлеумен, сондай-ақ мұраны қорғаумен және басқарумен, өсиетті орындаумен, өсиетті орындаушыға немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеумен байланысты шығындар мұраның құнынан басқа барлық талаптардан, соның ішінде кепілмен қамтамасыз етілген талаптардан бұрын басымдықпен өтеледі. Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңның мәжбүрлі тәртіппен таратылатын банктің несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне арналған 74-2-бабында несие берушілердің 10 кезектілігін қарастырылған. Бұнда таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптары алтыншы кезекке жатқызылады. Астық туралы Заңның несие берушілер талаптарының қанағаттандырылуу кезектілігіне қатысты ережелеріне сәйкес,
үшінші кезекте кепіл туралы мәліметтері бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары, төртінші кезекте — кепіл туралы мәліметтері жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары, бесінші кезекте — таратылатын нан қабылдау кәсіпорны мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша талаптары қанағаттандырылады. Кейде тараптар кепіл туралы шартқа мүлікті кепіл ұстаушының меншігіне беру туралы ережелерді енгізеді. Кепіл ұстаушының талаптарын басымдықпен қанағаттандыруды алу құқығы ретіндегі кепілдің мәніне қайшы келетіндіктен, кепіл шартының бұндай ережесі жарамсыз болып табылады. Алматы облыстық соты екі ЖШС-тің өзара заем шартын жасасқан істі қарады. Ақшаның қайтарылауын қамтамасыз ету үшін жауапкер талапкерге Ситроен автокөлігі мен құрастырмалы екі үйді қарыз өтелмеген жағдайда бұл мүліктің талапкердің жеке меншігіне өтетіндігі туралы шарттармен кепілге берді. Борышқор қарызды уақытында қайтармағандықтан және МАИ органдары кепілге салынған мүлікті сот шешімінсіз талапкердің атына қайта тіркеуден бас тартқандықтан, кепіл ұстаушы автокөлікке меншік құқығын тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. Сот талапты қанағаттандырды, алайда Жоғарғы Сот бұл шешімнің қателігін атап көрсетті, себебі кепіл туралы заңнама кепіл пәнін кепіл ұстаушының меншігіне айналдыруды қарастырмайды. Тараптар қамтамасыз етуші шартта борышқор міндеттемені бұзған жағдайда мүлік несие берушінің меншігіне берілетіндігін қарастыра алады, бірақ бұл кезде несие беруші кепіл ұстаушының артықшылықтарынан айрылады. Кепілді құқықтық реттеуде барлық кепілдік қатынастарда қолданылатын жалпы ережелер және ипотекаға қатысты қолданылатын арнайы ережелер ажыратылады.
Азаматтық кодексте белгіленген кепіл туралы жалпы ережелер Ипотека туралы ҚР Заңында өзгеше белгіленбеген жағдайларда ипотекаға қатысты қолданылады. Жылжымайтын мүлік кепілін кепіл туралы жалпы ережелерден ажырататын арнайы ережелердің ішінен, мысалы, жылжымайтын мүлікті кепілге беруге бірге иеленушілердің нотариалды түрде куәландырылған келісімінің болуы, ипотекалық шарттың міндетті тіркелуі туралы талап, кепіл ұстаушы құқықтарын айрықша бағалы қағазбен — ипотекалық куәлікпен куәландыру мүмкіндігі, ипотеканы соттан тыс тәртіппен жүзеге асыру үшін сенім білдірілетін тұлғаны тек кепіл ұстаушының ғана емес, сондай-ақ ипотекалық шартта айқындауға жол берілуі, кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеменің сомасынан төмен сомаға сатқан жағдайда негізгі міндеттеменің тоқтатылуы т.б. Кепіл түрлеріне Азаматтық кодекстің 303-бабы арналған. Бұл бап кепілдің түрлері ретінде ипотеканы, кепілзат пен құқықтарды кепілге салуды атайды. Осы түрлермен қатар, заңнама айналымдағы тауарлардың кепілі мен ломбардтағы кепілді де қарастырады. Аталған бұл кепіл түрлері кепіл пәніне билік ету бойынша және кепіл ұстаушының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктеріне байланысты кепілді құқықтық реттеудің айрықша тобын құрайды. Ипотека — кепiлге салынған мүлiк кепiл салушының немесе үшiншi бiр жақтың иелiгiнде және пайдалануында қалатын кепiл түрi. Континентальдық жүйе құқығы елдері ипотеканы жылжымайтын мүлік кепілі ретінде қарастырады. ҚР АК-нің 303бабының 1-тармағы ипотеканың дәстүрлі түсінігін түбегейлі өзгертетін норманы енгізді. Қазақстандық заңнама бойынша ипотеканың жалғыз белгісі болып кепілге салынған мүлік қарамағында болатын субъект табылады. Сондықтан бұл түсінікке кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігінде жіне пайдалануында қалатын қозғалатын мүлік кепілі де саяды. Жылжымайтын мүліктің кепіл пәні ретіндегі айрықша мәніне байланысты ипотеканың бұл түрін құқықтық реттеуге Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы және Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ҚР Президентінің арнайы Жарлықтары арналған. Ипотека түсінігіне сондай-ақ кепіл берушіде қалатын құқықтардың кепілі де жатады. Кепілзаттың кепіл түрі ретіндегі негізгі қасиеті — кепіл берішінің кепіл пәнін кепіл ұстаушы иелігіне беруінде. Алайда, АКтің 303-бабының 2-тармағына сәйкес, кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiлге салынған зат кепiл ұстаушының құлпы салынып, мөрi басылып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн. Кепiл мәнi кепiл туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiндігі қарастырылған. Қазақстандық заңнама бойынша кепілзат пәні болып қозғалатын, сондай-ақ қозғалмайтын мүлік табылады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі екі үйінің бірі ипотека пәні, ал екіншісі кепіл ұстаушының иелігіне берілуі мүмкін. Кепілзат пәні кепіл берушіде қалдырылатын жағдайда кепіл пәнін басқа мүліктен жекелеу мен шектеудің қандай тәсілін, яғни кепіл ұстаушының мөрі мен құлпы салынатынын немесе белгілер салатындығын тараптар өздері шешеді. Егер бұл шартта көзделсе, кепіл ұстаушы өзіне берілген кепіл пәнін пайдалануға құқылы.
Кепіл пәні кепіл берушіде қалдырылған жағдайда кепіл ұстаушы мүдделерінің қорғалуының азаматтық-құқықтық кепілдігі ретінде кепіл берушідегі мүлікті құжаттар бойынша және оның іс жүзінде бар екендігін, мөлшерін, жай-күйі мен сақталу жағдайларын тексеру мүмкіндігі, кепіл пәнінің жоғалуы немесе бүлінуі нәтижесінде келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап ету т.б. мүмкіндіктері сияқты шаралар көрінеді. Мүліктік құқықтар кепіл пәні ретінде олар ажыратылуы мүмкін болатын жағдайларда ғана бола алады. Азаматтық кодекстің 303бабының 3-тармағы осындай құқықтардың тізімін береді. кәсiпорындарды, құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды жалға беру құқықтары, шаруашылық серiктестiк мүлкiндегi үлеске құқық, борыштық талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге де мүлiктiк құқықтар кепiл мәнi болып табылады. Жер учаскесiне құқықтарды, сондай-ақ өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепiлге беруге, жер және өзге табиғи ресурстық заңдарда белгiленген шектер мен ережелер бойынша жол берiледi. Мерзiмдi құқық оның әрекет жасау мерзiмi бiткенге дейiн ғана кепiл мәнi бола алады. Кепiл құқығының борышқоры кепiл туралы хабардар болуға тиiс. Егер кепiлге салынатын құқық құжатпен расталатын болса, кепiл шарты құқық белгiлеушi құжатты беру арқылы ресiмделуi мүмкiн. Айналымдағы тауарлар кепілі ретінде тауарлардың кепіл берушіде қалатын кепіл танылады. Бұл жағдайда кепіл берушіге кепілге салынған мүліктің (тауар запастары, шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, дайын өнім т.б.) құрамы мен табиғи нысанын олардың жалпы құны кепіл шартында көрсетілген құннан төмендемейтіндей талаппен өзгерту құқығы беріледі. Мысалы, БТА Банк АҚ Бүркіт жанар май-энергетикалық компаниясына Алматы облысының Райымбек ауданындағы Ойқарағай кен орнында орналасқан жалпы құны 261 450 АҚШ долларын құрайтын көмірдің кепілімен несие берді. Аталған жағдайда көмір айналымдағы тауар кепілінің пәні болып табылады, себебі кепіл берушіге көмірдің запаста қалатын бөлігінің құнын аталған сомадан төмендеуіне жол берместен, сату құқығы берілген.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, айналымдағы кепiлге салынған тауарлар құнының кемуi кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалған бөлiгiне сәйкес болуына жол берiледi. Айналымдағы тауар кепілінің негізгі белгілері болып мыналар танылады:
1) айналымдағы тауар кепілі туралы шартта кепілге салынған тауардың түрі мен басқа да түрлік белгілері, кепіл пәнінің жалпы құны, тауардың орналасқан орны көрсетілуі тиіс;
2) кепілге салынған тауар кепіл берушіде қалады;
3) кепіл беруші кепілдерді жазу кітабын жүргізуге міндетті;
4) айналымдағы тауарлар кепілі ілесіп жүру құқығына ие болмайды, яғни кепілге салынған мүліктің жеке меншіктен (шаруашылық жүргізуден) шығып қалған жағдайда кепіл құқығы тоқтатылады;
5) кепіл беруші кепілге салынған мүліктің құрамы мен табиғи нысанын олардың жалпы құны төмендемейтіндей талаппен өзгертуге құқылы. Айналымдағы тауарларды кепiлге берушi кепiлдердi жазу кiтабын жүргiзуге мiндеттi, оған тауарларды кепiлге салу шарттары туралы, кепiлге салынған тауарлар құрамының немесе нақты түрiнiң операция жүргiзiлетiн соңғы күнде өзгеруiне әкелiп соқтыратын, соның iш i нде оларды ұқсатуды қамтитын барлық операциялар туралы жазбалар жасалады. Кепiл берушi айналымдағы тауарларды кепiлге салу шарттарын бұзған жағдайда кепiл ұстаушы кепiлге салынған тауарларға өзiнiң белгiлерi мен мөрiн қою арқылы шарттың бұзылуы жойылғанға дейiн олармен операциялар жасауды тоқтата тұруға құқылы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, аталған кепіл түрінің әлсіз жері болып тауарды сатып жіберген кепіл берушінің сол тауардың орнына басқа тауарларды алмаған кезде несие беруші мүдделерін қорғаудың қандай да бір кепілдігінің болмауы танылады. Кепіл ұстаушы бұндай жағдайда өзіне кепіл міндеттемесімен тиесілі болатын құқықтарын жоғалтады. Кепiл берушi иелiктен айырған айналымдағы тауарлар оларды алушының меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе оралымды басқаруына көшкен кезден бастап кепiлге салынған нәрсе болудан қалады, ал кепiл берушi сатып алған, кепiл туралы шартта аталған тауарлар оларға кепiл берушiнiң меншiк немесе шаруашылық жүргiзу құқығы пайда болған кезден бастап кепiлге салынған нәрсеге айналады. Кепілдің бір түрі болып ломбардта заттарды кепілге салу танылады. Қысқа мерзімді қарыздарды қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады. 2004ж. 16 ақпанда ҚР Қаржы нарығы мен қаржы операцияларын реттеу мен қадалау бойынша агенттігі басқармасының қаулысымен бекітілген Ломбардтар қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережелеріне сәйкес, ломбард деп банк болып табылмайтын, қаржы нарығы мен қаржы операцияларын реттеу мен қадалау бойынша уәкілетті органының және Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде бірқатар банктік және бсқа операцияларды жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға аталады.
Ломбардта заттарды кепілге салу шарты ломбардтың кепілге салу билетін беруімен рәсімделеді. Азаматтық кодекс ломбардта заттарды кепілге салу шартында кепіл берушінің құқықтарын АК-пен, өзге де заң актілерімен берілген құқықтармен салыстырғанда шектеуге тыйым салады. Кепілге салынатын заттар ломбардқа беріледі. Кепілге салу билетінде қойылған мүлікті сақтандыру туралы талап болуы мүмкін. Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру ломбардтың есебінен жүзеге асырылады. Ломбардтың кепілге қойылған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқығы жоқ. Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.
Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін Ломбард операцияларын жүргізу ережелері болғанда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпарат қамтылуы тиіс:
1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;
2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;
3) операциялар жүргізгені үшін ставкалар мен тарифтер;
4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
5) кепілге салу билетін жоғалтқан жағдайда кепіл берушіге дубликаттар беру тәртібі;
6) өзге де талаптар. Ломбард операцияларын жүргізу ережелері ломбардтың клиенттері көре алатындай жерге орналастырылуға тиіс. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың, Азаматтық кодексте кепіл берушіге берілетін құқықтармен салыстырғанда, кепіл берушінің құқықтарын шектейтін талаптары шарт жасалған кезден бастап жарамсыз болады. Мұндай талаптардың орнына Азаматтық кодекстің тиісті ережелері қолданылады. Бүгінде қоғамымызда міндеттемелер өте кең таралған. Олар тек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда ғана емес, сонымен қатар қарапайым азаматтардың күнделікті өмірінде де қолданыста болады. Азаматтардың қаржы ұйымдарымен несиелік қатынастарға түсуі осының айқын мысалы бола алады. сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің әрекеттері кезінде де бұл қатынастар кеңінен көрініс табады. Күнделікті өмірдің түрлі салаларынан көрінетін міндеттемелік қатынастар азаматтардың әлауқатын арттыруда өз үлесін қосады және бұл орайда соңғы орында емес деп топшылауға толық негіз бар.
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл үстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артық-шылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады. Кепіл құқығы заң немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді. Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл устаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіне меншік құкығы немесе оның ліаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз борышқордың өзі, сондай-ак оған үшінші жақтың да құқығы бар. Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінін кұкығын кепіл жөніндегі шарт бойынша талаптардан бас тартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы. Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік кұқыктар (талаптар) бар. Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және кұжатта-рымен оларды басқаға беруге тыйым салынған озге кұқықтар кепіл пәні бола алмайды. Кепіл талаптын койылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру, кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шығынын өтеу косылады. Кепіл ұстаушы аталған сомалар бойынша шығынның орнын толтыруды талап етуге кұкылы. Кепіл туралы шарттың нысаны мен мазмұны және ерекше талаптар хақында заңда белгіленген. Шартта кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс. Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді. Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жәнінен — бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер беругежатпаса, кепіл тура-лы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Кепіл туралы шарт тіркеуге жатқан жағдайда, ол тіркеуден өткен сәтінен бастап жасалған деп есептеледі. Казіргі қолданылып жүрген зандар кепілге салынып үлгерген затты қайталап кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартта рұқсат етілген не тыйым салынбаған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мұндай мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырыл -ғаннан кейін кепіл мәнінің қүнынан қанағаттандырылады.
Кепілдің екі түрі болады: а) итотека; ә) кепілзат.
Ипотека — кепілге салынган мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіпорындар, жекелеген кұрылыстар, ғимараттар, яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) бас-қа да объектілер, сондай-ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады.
1.2.Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл және мүлікті ұстап қалу, кепілдік жарна
Кепілдік бойынша кепілдік беруші борышкердің кредиторы (несие берушісі) алдында осы тараптың міндеттерін орындауына толық немесе борышкермен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Ал кепіл болушылық (аманат) бойынша кепіл болушы басқа тараптың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді (АК-тің 330-б.). Яғни, кепіл болушыға қарағанда, кепілдік етушінің құқықтық жағдайы бірталай күрделі болады (АК 329 — 336 б., б.).
Кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартының жарамсыз болуына әкелiп соқтырады. Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышкердің мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын несие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл … жалғасы