Қазақша реферат: Цитизин қазақша мәлімет |
Цитизин — Cytizinum. Алкалоид. Суда, спиртте, хлороформда жақсы еритін ақ түсті кристалды ұнтақ. Сулы ерітінділері жарыққа және температураның әсеріне төзімді келетіндіктен, ұзақ сақталғанда бүзьимайды. Медициналық мақсаттар үшін 0,15 % ерітіндісін цитито-Cytitonum деген атпен шығарады. Цитизин тыныс алуды күшейтіп, қан айналуды жақсартады. Күре тамыры арқылы еккенде әсері күшті, ал бұлшық етке немесе тері астына еккенде әсері баяу болады. Бірнеше жануарларға жасалған төжірибелерде, тыныс алу толық тоқтап қалған жануарларға 6-8 минуттен кейін өсер еткеннің өзінде тыныс алу толық қалпына келген. Препараттың тағы бір бағалы қасиеттерінің бірі оның қан қысымына қолайлы әсер ететіндігінде. Вена тамырға еккен цитизин адреналин тәрізді әсер етеді, бірақ оған қарағанда әсері әлсіздеу келеді. Цитизин еккенге дейін қан қысымы төмен болса, оның әсері күшті болады. Арнаулы тәжірибелер арқылы цитизин тыныс алуға тыныс алу орталығы және синокаротидты аумақтар арқылы әсер етеді, ал қан қысымына осы аталған орталықтар арқылы және симпатикалық жүйке жұйесі арқылы әсер етеді. Қолданылуы: Асфиксияда, әртүрлі себептердің әсерінен болған тыныс алудың бұзылуында, естен тану және талықсу кездерінде қолданылады. Иньекцияны 15-20 минуттен кейін қайталауға және тәулігіне төрт ретке дейін егуге болады. Вена қан тамыры арқьшы еккендегі мөлшері: жылқыларға 5-10мл; иттерге 1-2 мл. Тері астына еккенде препараттың белсенділігі төмен болады.