Қазақша реферат: Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi туралы қазақша реферат

0

Заң актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Төлемақыны есептеудi байланыс саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат құжаттарында көрсетілген техникалық параметрлерге сәйкес, радио байланысының түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай, жылдық ставкалар негiзiнде жүргiзедi. Есептi салық кезеңiндегi радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлем сомасын он екiге бөлiп, оны радиожиiлiк спектрi пайдаланылған айлардың санына көбейту арқылы анықталады. Байланыс саласындағы уәкілетті органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетiп хабарлама жазады және оны төлеушiлерге ағымдағы есептi кезеңнің 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiбередi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган салық төлеушiге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей хабарлама жiбередi. Жылдық төлемақы сомасы салық төлеушінің тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша бюджетке ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегiнен және 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлеспен төленедi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлеу мерзiмi болып табылады.
Салық есептiлiгi: Төлемақы төлеушiлер жыл сайын өзi тiркеу есебiнде тұрған жердегi салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.
Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етiледi.
Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, салық төлеушi ағымдағы төлемдер сомасының есебiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның жазып беретiн хабарламасын алған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Төлемақыны есептеуді байланыс саласындағы уәкілетті орган жылдық ставкалар негізінде, рұқсат құжаттарында көрсетілген абоненттердің санына сәйкес жүргізеді. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы берілген тиісті ай санына көбейту арқылы айқындалады. Байланыс саласындағы уәкілетті орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге жібереді. Жылдық төлемақы сомасы салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегінен және 20 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде бюджетке төленеді. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын белгіленген мерзімнен кейін алған кезде рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.
Салық есептілігі: төлемақы төлеушiлер жыл сайын өзi тiркеу есебiнде тұрған жердегi салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi. Ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.