Қазақша реферат: Холиномиметикалық заттар |

0






Бұл топқа біз табиғи холиномиметикті — ацетилхолинді, оның тұрақтандырылған препаратын — карбохолинді, сондай-ақ ацетилхолиннің түзілуін жандандыратын заттарды — ареколинді, пилокарпинді, ацеклин және бензамонды жатқызамыз. Ацетилхолин — хлорид — Acetylcholini chloridum. Ацетилхолин -биогенді амин, делірек айтқанда, жануар организмінде тұзілетін ширектік моноаммонийлі қосылыс. Ацетилхолин көп жақты әсер ететін медиатор болып табылады. Бірақ қаралып отырған хлорлы ацетилхолин препараты негізінен постганлийлік холинергиялық иннервация медиаторы ретінде әсер етеді. Ол организмге холинмиметик заттардың өсер етуіне тән езгерістер туғызады, вегетативтік түйіндерде никотинреактивтік құрылымдарға едөуір әлсіз өсер етеді және көлденең жолақты бұлшық еттерге одан да әлсіз әсер етеді. Ацетилхолин — хлоридтің ветеринария үшін практикалық мөні жоқ, өйткені ол жануарлардың организмінде тез гидролизденеді, сондықтан тым өткінші әсер етеді. Бірақ оның осы топтағы дөрілік заттардың кұрылымы мен өсері арасындағы байланысты анықтау үшін зор мәні бар, атап айтканда, барлық холинмиметик заттарда холинорецепторларға тікелей жөне оның үстіне талғап әсер үш немесе төрт метилдік топтағы азоттың оң зарядталған тобын туғызатыны анықгалды. Ацетаттық қосылыстардың метиддік тобын аминдік топкд ауыстыру қосылыстардың ацетилхолинэстеразаға тұрақылығын күшейтеді.

Карбохолин — Carbocholinum — үш — метил — аммоний хлориді, ягаи ацетилхолин — хлорид. Онда сірке қышқылының метилдік тобы аминдік топпен ауыстырылған. Молекулада мүндай болмашы езгерістер оның әсеріне ықпал еткен жоқ, бірақ сақтау кезінде, жоғары температураның және басқалардың әсері кезінде препараттың тұрақтылығын күрт арттырады. Оның ацетилхолинэстеразада нашар бұзылатыны ерекше бағалы болып шықты, сондықтан ағзада 40 — 80 минут әсер етеді. Карбохолин суда оңай, спиртте нашар еритін ақ кристалды ұнтақ. Ерітіндісі түрақты, қайнауға төзімді, «Аң тізімі бойынша сақталады. Карбохолин — холинергиялық иннервацияның типтік миметик заты. Ол сондай-ақ ацетилхолин сияқты да әсер етеді. Бірақ карбохолин ацетилхолинэстеразада баяу бұзылатындықтан ол организмде ағзада үзақ болуы мүмкін, сөйтіп холинергиялық жүйкелерде тітіркеңдіру кезінде қандай әсер байқалсы, сондай әсер туғызуы мүмкін.








Ac қорыту жүйесіне мұндай әсердің өте зор мәні бар. Сілекей бездерінің секрециясы 3-5 минуттен кейін күрт кушейеді. Секреттің мөлшері 6-16 есе тез көбейеді жөне осы деңгейде 30 — 40 минутке жуық сақталады. Сілекей карбохолиннің әсерінен неғұрлым сұйық болады, оңдағы ферменттік заттардың мөлшері біраз азаяды. Асқазан сөлінің мөлшері 30-70 минут ішінде бірнеше есе көбейеді. Карбохолин асқазан бездерінің секрециясына қандай әсер етсе, ішек бездерінің секрециясына да сондай әсер етеді. Ішек жиырылуының күшеюі жөне әлсіреуі жағдайында секреция өдетгегі жағдайдан гөрі азырақ көбейеді. Карбохолиннің аз мөлшерінен ішек — қарынның қозғалыс — қимыл функциясы күщейеді, сонымен бірге іштегі нөжістің сыртқа шығарылуы жеделдетіледі. Препаратты көп мөлшерде қолданғанда карын бұлшық еттерінің жиырылуы өте күшті күшейеді. Ірі қара және уақ малда аз мөлшерде қолданылған карбохолин ас қорыту жолының барлық бөліктерінің секреторлық және қозғалыс — қимыл функциясын жандандырады. Мөлшері көбейген сайын ол таз қарынның бұлшық ет қабырғасының жиырылуын күшейтеді және оның әлсіреуін азайтады. Таз қарын ұзақ уақыт бойына кұшті жиырылады және аз әлсірейді.





.

Күйіс қайыратын жануарларда карбохолин-сілекей, ішекқарын, кеңірдек бездерінің секрециясын, қарынның және бүкіл ішектің (бұған қоса тоқ ішектің де) жиырылуын күшейтеді. Карбохолиннің әсерінен карын мен ішектің бұлшық етінің жиырылуы ғана күшейіп қоймайды, сонымен бірге интерорецепторлардың тітіркенуі — кезінде жауап реакция неғұрлым айқын көрінеді. Жиырылу бірден күшейіп, заңды сипатқа ие болады, сонымен бірге секреция кұшейіп, шырынның ферментативтік белсенділігі артады, ас қоқыту бұған дейін бұзылмаған болса, бәрі қосылып оған жағымды әсер етеді.
Қарын мен ішектің секреторлық жөне қозғалыс — қимыл функциясының бір сағатқа жуық уақытқа созылған тым едәуір күшеюінен кейін жоғарыда аталған барлық бағыттарда ас қорыту жүйесінің жоғары функциялық белсеңділігінің тағы да ұзақ уақыт бойына сақталуы маңызды.





.

Вегетативтік иннервация саласында әсер ететін заттарды атап айтқанда карбохолинді қолдану, пайдасын тигізудің орнына зиянын тигізуі мүмкін, өйткені көп мөлшерде қолданғанда немесе жануарлардың сезімтаддығы жоғары болғанда ас қорыту жолындағы жынның қозғалуына бөгет жасайды. Бұған ішектің түйіліп ауыруы септігін тигізеді, ал ас қорыту жолындағы жынның мөлшері едәуір көп болғанда тіпті ұлтабардың немесе ішектің жарылып кетуі мүмкін.

Ac қорыту жолында карбохолиннің әсерінен болатын өзгерістермен қатар ұрғашы малда жатырдың жиырылуы күшейіп, күйіт кезеңінің ұзаққа созылуы байқалады. Жатыр әлсірегенде немесе төддеу кезіндегі және одан кейінгі әлсіреуде, метриттің (жатырдың қабынуы) кейбір тұрлерінде жатырдың тонусын күшейту өте бағалы. Бірақ, карбохолиннің көп мөлшерде қолданылуынан жатырдың кушті жиырылатыны соншалық, тіпті іш тастатады. Оның мұндай өсері әсіресе буаздықтың екінші жартысында ете қауіпті. Карбохолиннің әсерінен болатын қан қысымы ұсақ қан тамырлары мен капиллярлардың кеңеюі салдарынан төмендейді. Бірақ бұл өсер ацетилхолинді қодданғандағыдан 2-3 есе өлсіздеу. Жүректің жиырылуы препарат енгізілгеннен кейін тек алғашқы кезенде ғана баяулайды, сонан соң қалпына келеді, кейде тіпті жиілейді. Жүректің жиырылуы жиілете түсуімен қатар, карбохолин жүрек бұлшық етіндегі гликогеннің қүрамын көбейтеді, 1-1,5 сағаттан кейін препарат күшін жойып, оның әсері тоқтайды. Карбохолинге бой үйрету немесе оған аса күшті сезімталдық байқалмайды, оны 2-3 сағаттан кейін қайталап қолдануға болады.






.

Карбохолин көздің қарашығын кішірейтеді жөне көздің ішкі қысымын төмендетеді, бұл карбохолинді тері астына қолданғаннан кейін байкалады, бірақ оны көздің кілегейлі қабығына тамызғанда неғүрлым айқын байқалады. Жылқының жөне ірі караның ревматикалық шаншуында, күйіс қайыратын малдардың қосалқы қарындарының, әсіресе таз қарынның өлсіреуінде, ішек жиырылуының босаңсып, әлсіреуінде, бұған қоса жынның быршып, газдың түзілуінде, ішкуысы операциясынан кейін, перитонитте (іш пердесінің қабынуы), ішектің салдануында, жатыр әлсіздігі мен босаңсуында карбохолинді қолдануға болады. Егер карбохолинді енгізерден 3-4 сағат бұрын ішке сабур (алоэ) берілетін болса, онда карбохолиннің ас қорыту жолына өсері 2-2,5 есе күшейеді. Осыған байланысты оның емдік мөлшері 2 есе азайтылуға тиіс.

Прозерин сияқты карбохолин да, кейде ірі қараның гинекологиялық ауруларында қолданылады. Осы мақсатпен карбохолиңці тері астына 0,002 г мөлшеріндегі 0,1 % ерітінді түрінде араға уақыт салып үш дүркін; шу түспеген жағдайда препарат енгізілгеннен кейін араға 12 сағат уақыт салып, эндометритте (жатырдың шырышты қабығының қабынуы) және жатырдың жиырылуының кешеуілдеуінде — екі тәулік, ал аналық без күлкілдеуігінде (киста) араға үш төулік уақыт салып енгізу ұсынылады. Тыныс алу жолдары мен өкпе ауруларында карбохолинді қолдануға болмайды, өйткені оның әсерінен кеңірдек бездерінің функциялары күрт күшейіп, соншалықты шырышты секрет түзіледі, мұның өзі бронхларды кабындыруы мүмкін. Карбохолинді ішектің конкременттерінде (тас байлануда) және безоараларында (қоя кептелуде) қолдануға болмайды, өйткені ішек қабырғалары бұлшық еттерінің қатты жиырылуы салдарынан ішек қатты ауырады, тіпті оның жарылып кетуі де мүмкін. Көрі-құртаң және арық малда, сондай-ақ эндокардитте карбохолинді қолданудан жүрек қызметінің бүзылуы, малдың өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Малға карбохолинді қолданғанан кейін буаздықтың соңғы айларында ол көбінесе ерте төлдейді, ал одан да ерте кезенде іш тастауы мүмкін.

Бензамон туралы мәлімет — Benzamonum. Карбохолинге ұқсас әсер етеді. Холинге жақын алкалоидтарден мускаринді де айта кету қажет, ол улы саңыраукұлақтың-шыбынқырғыштың құрамында болады. Саңырауқұлақтың жануарлар үшін улылығы уытты негіздер комплексіне байланысты, ал саңырауқұлақты кептіру кезінде жойылатын басқа улар шыбынды қырып тастайды. Шыбынқырғыштар іш жүзінде ветеринарияда пайдаланылмайды, бірақ мал азығына араласқаннан кейін, олар (тіпті кептірілген күйінде де) кәптеген жануарлар үшін өте улы. Уланғаннан кейін мал лоқсып, кұсады, асқазаны ауырады, іші өтеді, тамырының соғуы бұзылады, жұрек қызметі өлсіреп, бұзылады, қан қысымы төмендейді, тыныс алуы қиындайды, есеңгіреп талықсиды. Мускаринмен уланғанда қолданылатын уға қарсы зат-атропин. Саңырауқұлақтармен уланған жағдайда атропиннен басқа құстыратын және іш өткізетін дәрі-дөрмектер, жүрек-қан тамырларын жөне орталық жүйке жүйесін қоздыратын заттар қолданылады(стрихнин, кофеин, камфора).