Менің Отаным Қазақстан!

0



Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар

Күні: 01.09.2018ж.Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан!

Мақсаты: Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Н.Назарбаев портреті, Ел рәміздері, Білім күніне арналған сюжетті суреттер. Әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету. Сабақтың барысы: Шаттық шеңберіОтан деген — атамекен,Отан деген — туған жер.Отан — ана, Отан — үлкен, Қазақстан — туған ел!

Гимн орындау.Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным – Қазақстан» деп аталады.

— Отан — біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.Біздің Отанымыз — Қазақстан.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды.Мемлекеттік рәміздермен таныстыру:Елтаңба,ту, гимн .Олар еліміздің тарихын,дәстүрін, болашағын айқын көрсетеді.Мемлекеттік ту-көгілдір түсті. Оның ортасында арайлы күн , күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста –ұлттық оюлармен көмкерілген тік жолақ өрнектелген. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.Мемлекеттік елтаңбаның негізі –шаңырақ. Шаңырақ мемлекеттің түп негізі-отбасының бинесі. Шаңырақ- күн шеңбері.қанатты тұлпар-дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың , мұқалмас қажырдың , тәуелсіздікке , бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп өркендеуін, рухани байлығын көрсетеді. Бес бұрышты жұлдыз мемлекетіміздің жол көрсетер жарық жұлдызы іспетті. Елтаңбаның авторы Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.Мемлекеттік гимнның әнінің авторы Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар Жұмекен Нажмаденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекеттік тіліміз -қазақ тілі.Қазақстан республикасының астанасын білеміз бе?Астана- Отанымыздың елордасы. Елбасының ұсынысымен 1997 жылы Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды. Қаланың ортасынан Есіл өзені өтеді. Астана тез өсіп дамып келеді. Ол –еліміздің мақтанышы.«Астана-Бәйтерек» кешені-Астананың символы.Қазақстан қалаларын таныстырып кету. Мақал – мәтелдер.Отан – оттан да ыстық.Отанды сүю отбасынан басталады.Отан үшін отқа түс күймейсің.

Топпен жұмыс.

Балаларды үш топқа бөліп, тудың суретін бояту.

Қорытынды:— Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?— Қазақстан Республикасының Президенті кім?— Рәміздерді атаңдар.— Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Балаларды мақтап, мадақтау.

>


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.