Абайдың өлеңдері, болыс болдым мінеки

0
531

Абайтану 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері
Сабақтың жалпы мақсаты: «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері, билікке таласқан пенденің әлеуметтік – психологиялық бейнесі, болыс, ояз, ел туралы ой – толғаныстары, жағымпаз болыстың портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз атынан баяндау тәсілі, болыстың іс – әрекет, мінез – құлқын, психологиясын бейнелеу шеберлігі, патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін әшкерелеуі, өлеңнің көркемдік – эстетикалық құрылымы, екі өлеңнің өзара үндестігі, ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі, ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи факторлар, заманның кемшілік – қайшылықтары, өлеңдегі улы мысқыл, сарказм туралы ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі:
1) М. О. Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж
2) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;
3) Қ. Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
«БОЛЫС БОЛДЫМ, МІНЕКИ» – Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Көлемі 148 жол.
Ақын бұл шығармасында малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік – психологиялық кескінін жасайды. Өлеңнің мағыналық құрылымында бірнеше тұлға бар: а) болыс; ә) ояз; б) ел. Бұл үш тұлғаның бастысы – болыс. Шығарманың алғашқы бөлігінде жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл – күйі көрсетіледі. Малын шашып, шығынға батса да, оның бар тілегі болыс болу. Болыстыққа қолы жеткен соң да оның көңілі орнықпайды; өзінен күштілерге құлдық ұрып, әлсіздерге ыңғай бермей, қырын қарайды. Сыртқы жұртқа сыр бермей, сырбаз жүргенмен, сыяз бар деген хабарды құлағы шалса – ақ, жүрегі суылдап, мазасы қашады. Өйткені сыяз болса, елге ояз келеді. Елге ояз келсе, болыстан тыныштық кетеді: ылау дайындау, үй тігу, сый – сияпат жасау, бағып – күту – бәрі де болыстың не өзі жасайтын, не елге жасататын ісі; егер оязға не ісі, не өзі ұнамай қалса, онда болыстықтан түсіп қалуы да қиын емес. Өлеңнің екінші мағыналық бөлігінде болыстың сыяз үстіндегі іс – әрекеттері мен ой – толғаныстары баяндалады. Оязбен оңаша қалған болыс елін мақтарға сөз таппай, ықылас танытпай, елдің ел болып отырғаны өзінің, қала берді – ояздың арқасы екендігі туралы ойды шиырлай беретін болса, елімен, жұртымен бетпе – бет келгенде, оязға өзі сенімді, сөзі өтімді кісімсіп, ел мүддесін қорғай жүрген адамға ұқсап маңызданып, сыртқы жүнін қампитып шыға келеді. Алайда сыяз үстінде болыс та, ояз да ел ішіндегі дау – шардың бірқатарын халықтың, халық билерінің қатал талабы бойынша әділ шешуге мәжбүр болады. Соның нәтижесінде болыстың өз малым, өз мүлкім деп иеленіп қалған мал – мүлік иелеріне қайтарылып беріледі. Сөйтіп, болыстың арты шөмейіп, шыға келеді. Өлеңнің келесі мағыналық бөлігінде болыстың сыяз бітіп, ояз кеткеннен кейінгі хәлі бейнеленеді. Әуелден артының қуыстығын білген болыс сыяз бітсе де, елінің ұрысы мен қарысын тиып, телі мен тентегін жөнге саларлық ірі іске бара алмайды. Ел алдында ояз барда жасаған қылығын ояз кеткеннен соң жасай алмай, кәкір – шүкір, көр – жерді пайда көріп қала береді. Келесі сайлауда бұл күніне дезар болы қалардай қиналады. Ақын болыстың өз күйін өзіне баяндатып қана қоймайды, оның ел туралы ойларын да аша түседі. Болыс өзі билеп отырған еліне кеңілі толмайтынын айтудан да тайынбайды. Табанынан тозып, жүгіріп жүруі, ел ішіндегі істерге ояздың разы болмай, шартылдап ашу білдіріп жатуы – бәрі де, оның ойынша, елінің бұзықтығынан. «Қайтіп көмек болады, Антұрған өңкей ұры – қар?»- деп күйіне отырып, болыс өзінің бүл елді ұстарлық кісі еместігін де айтып салады, өзін бүл азапты, рақатсыз істен құтқарушы іздейді. Сөйтіп ақын ел басқарған кісінің ісі мен ойының барша маңызы мен мәнін толық ашып береді. Іс, оқиға желісі мен ой жүйесін болыс болған кісінің өз атынан баяндау тәсілі ақын шығармасының көркемдік – эстетикалық бітімін әрлеп, көркейте түскен.
Өлең 7 – 8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Өлең араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Болыс болдым, мінеки, Мәз болады болысың өлеңдері жүктеу