Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт

0

Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт казакша Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт на казахском языке

Жас жігіт өзіне қол жұмсауды ойлап, қолына жіп алып, орманға қарай беттепті. Оған бір қария жолығыпты. Бейтаныс жігіттің жүзіне үңілген шал:
— Жүзің жабырқаулы ғой. Не болды? — деп сұрапты. Жігіт:
— Отбасымда ауыр жағдай орын алды. Мен өлуге бел байладым, асылып өлем — дейді. Не жағдай болса да, шешуге болатынын айтқан қария, жігітті сөзге тартып, әңгімесін тыңдапты.

— Мен есейген қызы бар, жесір әйелге үйленген едім. Ал әкем әйелімнің қызына ғашық болып, екеуі үйленіп те алды. Осылай, әкем — қызымның күйеуі болды. Ал, мен — әкемнің қайын-атасы болдым. Енді, әйелім бір бала тапса, ол — әкемнің немересі болмақ. Өз кезегінде, менің балам — әкемнің әйелінің бауыры болады. Негізінде, ол — менің балам. Әкемнің әйелі — бір бала дүниеге әкелсе, ол — менің інім атанады және маған немере болады. Өйткені, ол — әйелімнің немересі ғой. Әйелім — інімнің апасы болады. Ал менің балам әкемнің баласының інісі болады. Оның қызына әкемнің әйелі жеңге болады. Жеңгесі менің қызым болады. Ал менің әйелім әкемнің әйеліне-дей бергенде
Әлгі қария, оны тоқтатып:
— Е, бар, асылып қалшы, миды шіріттің ғой — депті.