Қазақша мақал – мәтел: Ақымақтық

0

Қазақша мақал - мәтел: Ақымақтық казакша Қазақша мақал - мәтел: Ақымақтық на казахском языке

Ақымақтың ақылы көзінде.


Ақымақтың ала-құласы болмайды.


Ақымаққа арнап заң жазылмас.


Ақымақ атқа мінсе, атасын танымас.


Ақымақ атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.


Ақымақ бұзуға бар да, түзеуге жоқ.


Ақымақтың айтқаны келмейді,
Сандырағы келеді.


Ақымақ жауынды күні суға түсер.


Ақымаққа жылтырағанның бәрі алтын


Ақымақпен астаспа,
Ақылдымен қастаспа.


Ақылсыз қайрат – азап.


Ақымақ ойбай салар,
Ақылды ойға қалар.


Ақымақ бастан ақыл шықпайды,
Ақыл шықса да, мақұл шықпайды.


Ақымақтық аңқаулықпен дос,
Жаңғалақтық жалқаулықпен дос.


Ақымақ алғыс алмайды,
Алғыс алмаған алысқа бармайды.


Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.


Ақымақ артын ойламас,
Аласа суға бойламас.


Ақымақ атқа мінсе,
Өзін төре санар.


Ақымақты алдыңа түсірме.


Ақымаққа айтқан сөз ағып жатқан сумен тең.


Ақылдыға айтқан сөз қолға ұстаған тумен тең.


Арыстан асқынса, айға шабар,
Ақымақ асқынса, анасын сабар.


Арықтың сорпасында дәм болмайды,
Ақымақтың сөзінде мән болмайды.


Ақымақтың айты алты күн.


Ақылсыз жігіт – Ауыздықсыз ат.


Ақылы аздың азабы көп.


Ақылсыз қайрат бас жарар.


Ақылы жоқтың арманы жоқ.

Ақылы жоқ адамға
Адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға
Сылдыраған сөз бітеді.


Баста ми болмаса,
Екі аяққа күш түседі.


Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді.
Ашулы баста ақыл жоқ.


Дүние ақылдыға жарық,
Ақылсызға тамұқ.


Жетесізге айтқан сөз
Желмен бірге кетеді.


Санасызға сан айтсаң да, опасы жоқ.


Ессізге ерік берсең, еңіретеді.


Есуастан ел сұрама,
Есерсоқтан жөн сұрама.


Ісі ерсінің түсі ерсі.


Есеңгірегеннің есі болмас,
Міңгірлегеннің миы болмас.


Шақшадай басы шарадай.


Өзі қаңбақ болсын,
Онда қандай салмақ болсын?


Әпербақан ұр кеуде,
Ақылы жоң, құр кеуде.


Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді.


Түбі тесік қазанға
Қанша құйсаң да толмайды.
Ақылы жоқ адамға
Қанша айтсаң да қонбайды.


Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді,
Сәурік айғыр саяққа тыным бермейді.


Баста ақыл болмаса,
Көз – бөстектің жыртығы.


Қалпақтың қапысы жоқ,
Киетін басты айт.


Жетесізге сөз өтпейді.


Өзің диуанасың,
Кімге пір боласың?


Арсыз бен санасыз күлкішіл.


Айтпасаң, білмейді,
Ашпасаң, көрмейді.


«Үһ!» десең ұшып кетеді,
Өпсең ұмытып кетеді.


Ымға түсінбеген дымға түсінбейді.


Шақпақ, шақпаққа от берген ақымақ.


Алтыннан қымбат сөз айтсаң,
Ақымақ құлақ аспайды.


Әсіре қызыл тез оңар.


Дөңгелектің шегі жоқ,
Кеңкелестің тегі жоқ.

Аузы дәм білмегеннің,
Мұрыны иіс білмес.


Ақымақ бас — аяқтың соры.


Досың аз, дұшпаның көп болса, жер боларсың.


Ақылың аз, ашуың көп болса, қор боларсың.


Бидайдың басын көтергені – дәні жоқтығы;
Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.


Бір қайнауы ішінде.


Ақымақты үйрету – Өліні тірілту.


Ақымақтың алды-арты болмайды.


Ақымақ астан жеріп, аштан өледі.


Ақылды бақырды да бағалайды,
Ақымақ алтынды да қаралайды.


Тентектің мақұлын бақ,
Ақымақтың ақырын бақ.


Тентектің тобасы болмас,
Ақымақтың обасы болмас.


Дүние ақылдыға жарық,
Ақымаққа тамұқ.


Сымбатына сын жоқ,
Ішкі сарайында дым жоқ.


Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді.


Өлерменнің өзі жаман,
Ақымақтың сөзі жаман.


Ақылы алқымынан аспаған.


Ақылы аузында, көзі төбесінде.


Ақымақ Есекқырғанды Шолпан,
Кезқұйрықты лашын дейді.


Есті елін табар,
Ессіз жаттық отын жағар.


Ақымақта дос, итте бажа жоқ.


Жарым адам,
Жарым молда,


Жарым мұсылман қиянатшыл.


Парықсызға бәрі бір: мейлі қамқа, мейлі бөз.


Ақылсыздың сүйгені жаман,
Ақымақтың түйгені жаман.


«Бас» десе «Құлақ» дейді.


Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтсаң құйып алады.


Көзсіз көбелек
Екі дүние бір қадам.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз