Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінəсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер

0


Астана қаласының Білім басқармасы
Астана қаласы әкімдігінің Көпбейінді колледжі МКҚК

)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қонақ үй шаруашылығының экономикасы

Тақырыбы: Еңбек және еңбекақыны жоспарлау

Мамандығы: 0507000 «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру»
Біліктілігі: 050706 3 — Қызмет көрсетуші менеджер

Курстық жоба
бағасы _________________
___ _________ 20 __ г

Студент_________________ ____Нургожина Қуралай Кадыржанова_
(қолы) (Ф.И.О.)

Жетекшісі _____________ ___Жумабаева Гулзат Тулендиевна_____
(қолы) (Ф.И.О.)

Астана, 2018 ж.
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..4
1. Еңбек жəне еңбек ақы сипаты. … … … … … … … … … … … … … … … 6
1.1 Еңбек ақыны есептеудің жалпы ережесі … … … … … … … … … … … … … … .6
1.2 Еңбек ақы түрлері мен жүйесі … … … … … … … . … … … … … … … ..9
1.3 Еңбек ақының топтамалық жəне талдамалық есебі … … … … … … … .1 1
1.4 Еңбек ақыдан ұсталатын жəне шегерілетін соммалар есебі … … … … ..12
2. Еңбек жəне еңбек ақыны жоспарлау … … … … … … … … … … … … 13
2.1 Еңбек ақыны жоспарлау жəне реттеу … … … … … … … . … … … … .13
2.2 Кəсіпорындағы персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау … … … … … ..14
2.3 Еңбекті мөлшерлеу … … … … … … .. … … … … … … … … … … …19
3. Қонақ үйдегі еңбек ақыны төлеу жүйесі … … … … … … … . … … … ..20
3.1 Rixos President қонақ үйі туралы мəлімет … … … … … … … … … … .20
3.2 Еңбекке қарым-қатынас жəне еңбек ақы төлеу жүйесі … … … … … … 24
3.3 Еңбек қатынастары жəне жалақы жүйесі … … … … … … … . … … … 25
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … ..26
Пайдаланылған əдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … .28

Кіріспе

Қонақ үй — жолаушылардың уақытша тұруына арналған жай. Ең алғаш рет қонақ үй өнеркəсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мəдениет əлемі жəне қайталанбас тағдырымен жəне жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар əлемі. Ең алғаш рет қонақ үй өнеркəсібі туралы ескі манускриптерде Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде əңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы əртүрлі болған. Кейбіреулері қонақжайлық сөзі ескі француз сөзі ospis біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі hospitalis дегенді яғни — қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар — дəл осылай антика дəуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған.
Қонақ үй кешендерінің дамуы тарихының бірі Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын,жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде бекеттірді,қонақ үй палаткалармен шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 жылы Алматы қаласында алғашқы Европа қонақ үйінің салынуына əкеп соқты.Тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 1559-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе,оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан обылыстары аумағында орналасқан.Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Əрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды əдетке айналдырған — 45,8%, ішкі туризм бойынша — 37,9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небəрі 16,3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады. Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік əріптестерімен жұмыс жасап, əр қаладағы біріккен өнеркəсіптермен жəне шетел өкілеттіліктерімен қатар əр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді. Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы бірдей жұлдызды қонақ үйлердің сапа деңгейінің əр түрлі екендігі ешкімге жұмбақ емес. Тіпті арнайы маман емес, қарапайым турист көзімен-ақ кейбір жұлдызы төмен қонақ үйлердің қолайлығымен қызмет көрсету деңгейі, оның жоғары жұлдызды ағайындарына қарағанда əлдеқайда биік екендігін көруге болады. Дəлірек айтсақ, сол сияқты, бірақ төмен деңгейлі бағамен қолайлы, европалық деңгеймен салынған 3 жұлдызды қонақ үй, тек бизнес туристерге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғат кереметін тамашалауға келген қарапайым шетел қонақтарына да ұнайтыны сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан қонақ үйлері ең алдымен елге келетін туристер ағымының 86 % құрайтын алыс шетел адамдарының, содан кейін тек 14 % құрайтын ТМД туристерінің қалауынан шығуға жұмыс істеуі қажет.
Қазақстан Республикасында 2010 жылы 319 тұру орны бар, оның ішінде 159 қонақ үй, 29 санаторий, 26 демалыс үйі, 17 туристік лагерь, 13 демалыс базасы, 12 пансионат-диспансерлерге арналған 11 санаторий, аңшыларға арналған үй — 10, диспансерлерде — 8. Сонымен қатар, қонақ үйлердің 66% -ы шағын бизнеске, 29% — орта бизнеске жəне 5% -ы ғана (8 қонақ үй) ірі ұйымдарға тиесілі. Қонақ үйлердің жалпы санының 87% -ы жеке меншік, 9% -ы коммуналдық меншікте, 4% — шетелдік қатысушылары бар бірлескен кəсіпорындар.
Қонақ үйлердің біржолғы сыйымдылығы 2010 жылы 16389 орынды құрады, бөлмелер саны — 9124. Қазақстандық қонақ үйлер төмен жұмыс жүктемесін сипаттайды: 2000 жылы 20% жəне 2010 жылы шамамен 40% (қонақүйлердің орташа саны 55-60%), өсім ескірген материалдық-техникалық базаны ұстауға арналған шығындар жəне төмен рентабельділік (əлемдік орташа 25,6% -бен салыстырғанда шамамен 15%). 2010 жылы Қазақстандағы қонақ үй кешенінің жұмысынан шығын 18,6 мың АҚШ долларын құрады. Пайда тек мейрамханалар мен қызметтердің кең спектрін қамтитын жаңа, заманауи қонақ үйлерден əкелінеді . Қонақ үй қызметтерін сатудың өсу үрдісі тек жеке қонақ үйлерде жəне шетелдік қатысуда қонақ үйлерде байқалады. Мемлекеттік меншіктегі қонақ үйлерде үнемі құлдырау байқалады.

1.ЕҢБЕК ЖƏНЕ ЕҢБЕК АҚЫ СИПАТЫ

0.1 Еңбек ақыны есептеудің жалпы ережесі.

Еңбек ұғымы тауар өндіруде жəне қызмет көрсетудегі барлық дене жəне адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді. Еңбекақы жөніндегі саясат кəсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады жəне оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына жəне шығарған қажетті өнім көлеміне сəйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең жəне оның ақшалай түрі болып табылады. Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет жəне оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жəрдемдесетің заттардың жинақ құны.
Қазақстан Республикасының » Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы » заңы. Қазақстан Республикасының » Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылғанү. Бұл заңға сəйкес, жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбектік арақатнастары нормативтік құқықтық актілермен жəне еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен, ұжымдық шартпен реттеледі.
Жеке еңбек шарттың мазмұны
Жеке еңбек шартында:
-тараптарлардың реквизиттері: жұмыс беруші заңды тұлғаның толық атауы жəне орналасқан жері, жұмыс беруші. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу номерімен уақыты; жұмыс берушінің тегі, есімі, əкесінің аты жəне қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен жайы, басын куəлəндірəтін құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; қызметкердің есімі, əкесінің аты, жеке басын куəлəндіратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; əлеуметтік жеке кодының нөмері (ƏЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмері (СТН);
Жеке еңбек шартының мерзімі
Жеке еңбек шарты:
* белгісіз мерзімге;
* белгілі бір мерзімге;
* белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін.
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы. Ұжымдық шарттыың мазмұның келіссөздер жөніндегі екі жақты комиссияда тараптар белгілейді.
Ұжымдық шарт:
* оның қолданылу мерзімі туралы;
* орындалуын бақылау тəртібі туралы;
* шарт талаптарының орындалмағаны үшін жауапкершілігі туралы;
* өзгерістермен толықтырулар енгізу тəртібі туралы ережелерді қамтиды.
Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі мен аясы:
1. Ұжымдық шарт тараптар белгілейтін мерзімге жасалады.
2. Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшіне енеді жəне тараптардың орындалуы үшін міндетті болады.
3. Ұжымдық шарт басқару органының құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшінде қалады жəне қолданыла береді.
4. Ұжымдық шарт қайта ұйымдастыру кезеніңде өз күшін сақтап қалады. Кейіннен ұжымдық шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
5. Ұйымның меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады.
6. Ұйым тартылған жəне банкрот деп жариялаған жағдайда тарату немесе банкроттық турулы тиісті шешім қабылданған кезден бастап ұжымдқ шарттың қолданылуы тоқтатылады.
7. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі оған өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара келісуі бойынша ұжымдық шартта белгіленген тəртіпен ғана жүргізіледі.
8. Тараптардың өкілдері қызметкерлерді ұжымдық шартпен таныстырып, оларға орындалу барысы туралы хабарлап отыруға міндетті.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы:
* Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сəйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі.
* Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына қырық сағаттан аспуы тиіс.
* Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.
Өнім өндіру үшін қажеттілікпен еңбек заттары еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігін белгілі. Кез-келген кəсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстары орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап , олардың сіңірген еңбегіне қарай əділ еңбек ақы төлеу қай кəсіпорын болмасын күрделі мəселелердің бірі болып табылады. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек қарастырлады.
Еңбек пен еңбек ақы есебінің негізгі міндеттері:
1. Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбек ақы мөлшерін дұрыс анықтау .
2. Еңбек өнімділігінің өсуін бақылау.
3. жұмсалған еңбектің саны мен сапасын қадағалау.
4. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін еңбек ақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан жəне тағы басқа қорлардаң бөлінетін қаржыларды бақылау.
5. Жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
6. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мəліметтер алу.
7. Еңбек пен еңбек ақы жайлы статистикалық жəне бухгалтерлык қорытынды есепті беру .
Сонымен қатар, еңбек пен еңбек ақы есебі ұйымдастыруды одан əрі жетілдіру үшін мынадай жағдайларда қажет:
1. Еңбек өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбек ақыны тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
2. Еңбек пен еңбек ақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
3. Еңбек пен өндірісті басқаруда ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.
4. Еңбек пен еңбек ақыны есептеуде осы киінгі талапталға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің арасыңдағы қатынастар ұжымдық келісім шартпен реттелуі мүмкін. Мындай келісім шарттарды əзірлеу, жасау жəне орындау 1992 жылы 4-інші шілде де шыққан Қазақстан Республикасының «ұжымдық келісім шарт туралы» Заңымен анықталады. Бұл келісім шарт жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне қарап, заңмен белгіленген ең төменгі мөлшерідегі еңбек ақымен салыстырғанда онда жоғарғы деңгейде тіркелуі мүмкін. Одан басқа, ұжымдық келісім шарт бір шама мəселелерді қарастыруы мүмкін, атап айтқанда, өндіріс тапсырмаларын, еңбек ақы төлеу жағдайларын, үй тұрмыстық жəне тағы да басқа.
Олардың қатарына:
* Тегін арнайы киімдер алатын жұмыстар мен мамандақтардың тізімі;
* еңбекерлер үшін қосымша жеңілдік жəрдем ақы құқығын беретін жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
* жұмыс уақытының жиынтық жалпы есебін жүргізетін өндірістер, цехтар, учаскерлердің тізімі.
Қызметкерлерді бір бөлімнен екіншісіне ауыстырғанда «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық» жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкерлері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы жəне жаңа жұмыс кəсіпорын басшысыс қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке карточкаға, еңбек кітапшасына жəне өзге де құжаттарға белгілерін қояды. Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орыны бойынша жауапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүліктік материалдық жəне басқадай бағалы заттар туралы белгілер қояды.

0.2 Еңбек ақы түрлері мен жүйесі

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі жəне қосымша деп аталатын екі турге бөлінеді. Негізгі еңбек ақы жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытында, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.
Негізгі еңбек ақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді жəне кесімде еңбек ақы;
2. Сыйлықтар жəне сый ақылар;
3. Үстеме сыйлық ақылар.
Қосымша еңбек ақыға:
* Еңбек заңына сəйкес шарттарда қаралып белгіленген;
* Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген;
* Қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады.
Бұндай төлемдер қатарына:.
* Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
* Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарда атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
* Жаз сəбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін үзілістерге төленетін төлемдер.
* Жаз өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
* Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінəсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
* Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттардың құны.
* Жоғары немесе арнайы оқу орындарында жəне өзге де мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.
* Əскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер жəне тағы да басқалар жатады.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығына басқа да салаларында еңбек ақы есептеудің жəне оны төлеудің мерзімді жəне кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады. Мерзімді еңбек ақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына ,сағаттық немесе күндік еңбек ақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегені қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді.
Мерзімді еңбек ақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инжерлік- техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төленуге негізделген.
Мерзімді еңбек ақыны түрлері:
1. Жай мерзімді.
2. Мерзімді сыйлықты;
Жай мерзімді жүйесі бойынша- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты: —
* Жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбек ақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне;
* Санына;
* Сапасына;
* Тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбек ақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатында қолданылады. Еңбек ақы есептеудің жəне төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбек ақы олардың өндірген өнімнің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дəрежесіне қарай жұмыстың əр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерің анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтик жүйеде қаралады.
Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Тарифтік кесте;
2. Тарифтік еңбек ақы мөлшері;
3. Тарифтік мамандық анықтамалары.
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделігіне жəне көп еңбек сініруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады жəне жұмысшылар мен Қызметкерлерге еңбек ақы мөлшері мамандық дəрежесіне қарай оларға тариф бойынша əр түрлі белгілінеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың əрбір түріне жұмыстың күрделігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылықпен жауапкершіліке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте əрбір атқаратың жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі жəне жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме беріледі. Тарифтік кестеде- жұмысшылар мен қызметкерлердің əрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің ара қатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбек ақы ( сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым жəне жеңіл бірінші дəрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғарғы дəрежелі еңбекке төленетін еңбек ақы бірінші дəрежелі болып төленетін еңбек ақы мөлшерімен осы қарасытырылып отырған дəрежелі еңбектің ара қатынасының тарифтік коэффициентінен, бірінші дəрежелі еңбекке төленетін еңбек ақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады. Тарифтік кестеде тарифтік еңбек ақы жұмыстың түріне қарап кесімді жəне мерзімді еңбек ақы болып екіге бөлінеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбек ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетің өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу өндірісін ( процесі) жүргізу кезінде анықталады.

1.3 Еңбек ақының топтамалық жəне талдамалық есебі

Кəсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бəріне жəне олардың əр қайсысына бір айға төленуге тиісті еңбек ақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға жəне қосымша төлемдер мен қосымша еңбек ақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталынуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды жəне оларға төленуге тиісті еңбек ақы сомаларын жинақтап қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме əрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Еңбек ақы жөінде есеп айырысу төлеу тізімдемесі əрбір жұмысшылар мен қызметкерлер бойныша есептелген еңбек ақымен басқа да төлем сомаларын жəне одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады Бұл тізімдемеде жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік номері, оларға есептелінген негізгі жəне қосымша еңбек ақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары жəне сол айдың басы мен соңындағы кəсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кəсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбек ақыны алып, қол қояды. Бұл тізімдеме бойынша біріншіден жұмысшылар мен қызметкерлермен еңбек ақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдамалы есебі болып табылады, ал үшіншіден ол тізімдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбек ақыларын төлейді. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айрысу тізімдемесі ғана толырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімдемесі журнал түрінде жасалып, негізгі жəне қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі жəне қосымша еңбек ақылары мен жəрдем ақыларының соммасы жəне олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мəліметтері көрсетіледі. Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығына байланысты болады. Бұл тізілімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін жəне депотенттелген еңбек ақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Кəсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі 681-ші Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу деп аталатын топтамалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі.

1.4 Еңбек ақыдан ұсталатын жəне шегерілетін соммалар есебі.

Еңбекақыдан ұсталатын жəне шегерілетін сомалар есебі.Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сəйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кəсіпорынның бухгалтериясы (есеп бөлімі) арқылы ұстауға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатқызылады:
* Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерде);
* Табыс салығы (белгіленген заңдарға сəйкес); ·
* Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл жəне т.б.);
* Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар;
* Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы;
* Жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар;
* Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.

2. ЕҢБЕК ЖƏНЕ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ЖОСПАРЛАУ

3.1. Еңбекақыны жоспарлау жəне реттеу.

Еңбекақыны жоспарлау жəне реттеу. Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нəтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы жəне олардың жеке табыстарының негізгі көзін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады. Еңбек қатнастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің жəне ұжымдық келісім шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кəсіподақтардың арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім шарттың қағидасы табылуы керек.
Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік əлуметтік норматив тəрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады жəне əлуметтік факторларға байланысты сараланады.
Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағнасы өнімді еңбектегі жəне жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қаблеттілігін қолдауды білдіреді. Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірінғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады. Осының нəтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық шаруашылығының саласындағы əрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі ұйымдарда, кəсіпорындарда жəне салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрятқа, біліктілік топқа, атаққа жəне дəрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қаблеттіліктеріне жəне қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.
Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кəсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі жəне еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан. Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбекақыны реттеудің жəне жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:
* кəсіпорынның нарықтық қызметінің жəне оның пайдалылығының нəтижесі;
* кəсіпорынның кадрлыық саясатының есебі;
* мамандыққа байланысты қызметкерлердің арасындағы, облыстар, аймақтар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі;
* кəсіподақтардың бəсекелестердің жəне мемлекеттердің əсерлері;
* байланыс саласындағы кəсіпорындардың саясаттары жəне т.б.
Кəсіпорында еңбекақыны төлеуді оңтайлы ұйымдастыру қызметкерлердің қызметін жəне еңбектің нəтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін жəне пайдалылығын, дайын өнім жəне еңбек нарығының бəсекеге қаблеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.
Еңбекақы төлеудің оңтайлы ұйымдастырылуының мақсаты кəсіпорынның шаруашылық қызметінің нəтижесіндегі қызметкердің еңбектік салымы мен еңбекақы төлеу шамасының арасындағы сəйкестілікті қамтамассыз ету, яғни тұтыну шамасы мен еңбек шамасы арасындағы сəйкестікті бекіту. Көптеген Қазақстандық кəсіпорындарда еңбекақы төлеуді ұйымдастыруының негізіне мынадай басты қағидалар тиісті:
* еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру;
* кəсіпорынның салалық жəне аймақтың қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбекақыны саралау;
* нақты еңбекақының ретті жоғарылауы, яғни көрсетілген еңбекақының өсу қарқыны кезінде инфлясиядан жоғарылап кетуі;
* еңбек өнімділігі өсу қарқынының орташа еңбекақының өсу қарқынынан артып кетуі.

2.2 Кəсіпорындағы персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау.

Кадрларды жоспарлаудың негізгі кезеңдері. Кадрлық саясаттың болашағына бағытталған ұзақ мерзімді тұжырымдаманы кадрлық жоспарлаудың көмегімен орындауға болады. Персоналды басқарудың бұл əдісі жұмыс берушілер мен жұмыс алушылардың мүдделерін келістіруге жəне теңестіруге мүмкіндік береді.
Кадрлық жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында қажетті көлемді, олардың қабелеттілігі мен бейімділігіне сəйкес жəне өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады. Кадрлық жоспарлау ұйымның да, оның персоналының да мүдделері орындалуы үшін іске асырылады.
Кадрлық жоспарлаудың негізгі мəселелерінің бірі ұйымның барлық жұмыскерлерін көзқарасын ескеру болып табылады. Кадрлық жоспарлау ұйымның жалпы жоспарлау процесіне қосылғанда ғана тиімді болатындығын ескерте кету керек. Кадрлық жоспарлау келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Қанша жұмыскерлер, олардың қандай бірліктері бар, қашан жəне қайда қажет болады?
Қалайша персоналға əлеуметтік нұсқан кетірмей олардың артығын қысқартып, қажеттісін жұмылдыруға болады?
Персоналды, оның мүмкіндіктеріне сəйкес қалай тартымды пайдалануға болады?
Біліктілігі жоғары жұмыс орындарын жаңа жұмыс күштерімен қамтамасыз ету үшін кадрлардың дамуын қамтамасыз етуге жəне олардың білімдерін өндіріс талаптарына сəйкес көтермелеуге қалай қол жеткізуге болады?
Жоспарланған кадрлық іс-шаралар қандай шығындарды талап етеді?
Персоналмен атқаратын жұмыстың оперативті жоспарының құрылымы. Персоналмен атқаратын жұмыстың оперативті жоспарын жасау үшін арнайы жасалған саулнаманың көмегімен келесі мəліметтерді жинау керек:
* персоналдың тұрақты құрамы жөнінде (аты-жөні, мекен-жайы, жасы, жұмысқа тұрған уақыты жəне т.б);
* персоналдың құрамы жөнінде (біліктілігі, жынысы, жасы, ұлты, мүгедектердің үлес салмағы, жұмысшылардың, қызметкерлердің, білікті жұмысшылардың үлес салмағы жəне т.б.);
* кадрлардың тұрақсыздығы жөнінде;
* өндірістің тоқтап тұруы мен адамдардың науқастануына байланысты уақыттың жоғалуы туралы;
* жұмыс күнінің көлемі туралы;
* жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақылары туралы;
* əлеуметтік сипаттағы қызмет көрсетулер туралы.
Персоналға қажеттілікті жоспарлау кадрлық жоспарлау процесінің бастапқы … жалғасы