19 ақпан қандай күн: тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Григориан күнтізбесі бойынша 50-ші күн, жыл соңына дейін 315 күн бар
19 ақпанда қандай оқиғалар болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
19 ақпанда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін — Бүкіләлемдік киттер күні. Өткен ғасырдың ортасында теңіздегі сүтқоректілердің бақылаусыз қырып-жойылуының салдарынан олардың саны күрт азайды. Бұл мәселе экологтар мен зоологтар қатты мазалады. Өйткені осылайша табиғатқа зиян келтірудің кесірінен экологиялық жүйенің бұзылатындығы мәлім. 1982 жылы Халықаралық кит аулау жөніндегі комиссия (IWC) киттерді коммерциялық мақсатпен аулауға мораторий енгізуге дауыс берді. Ол 1986 жылдың 19 ақпанында күшіне енді. Бұл оқиғаға орай Бүкіләлемдік киттер күні мерекесі бекітілді. Мейрамның мақсаты – теңіз бен мұхит мекендеушілерін қорғап, табиғатқа қамқорлықпен қарауға қоғамның назарын аудару.
Ол тек ірі теңіз сүтқоректілері үшін ғана емес, олардың өзге түрлерін де қорғауға арналған. World Whale Day барлық құрлықтарда аталып өтеді. Оны дәстүрлі түрде тойлаудың арқасында адамдардың қаталдығы барынша азайып, табиғаттың үйлесімділік заңын бұзу салдарынан өркениеттің жойылатындығына көңіл бөліне бастады.
Бүгін Арменияда Кітап сыйлау күні. Бұл елдегі алғашқы кітап 1512 жылы Венецияда жарыққа шыққан болатын. Арменияда бұл мерекені енгізу бастамасын ел үкіметі көтерді. Мейрамның осы күнге белгіленуі бекер емес. 1869 жылы 19 ақпан күні белгілі қоғам қайраткері, ұлы армян ақыны және жазушысы Ованес Тадевосович Туманян дүниеге келген.
Сондай-ақ бүгін синоптикалық карта күні. Синоптикалық карта дегеніміз («түгел қамтып шолу») — көптеген метеорологиялық стансалардың зерттеу нәтижелері шартты белгілермен көрсетілген географиялық карта. Мұндай карта дәл осы сәтте ауа райының қандай екендігі жайлы ақпарат береді. 1855 жылдың 1 ақпаны синоптикалық картаның туған күні саналады. 1846 жылы Париж обсерваториясының директоры, теорияшы-астроном Урбен Леверье (1811-1877) Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары Нептунды ашуымен әлемді дүр сілкіндірген болатын. Ол Париж ғылымдар академиясына таңғы сағат 9 бен 10 аралығындағы Еуропа ауа райының жедел картасын ұсынды. Ауа райы мәліметтеріне негізделе жасалған ғылым тарихындағы алғашқы синоптикалық карта Еуропа қалаларынан Парижге телеграфпен жіберілді. Ол ауа райын болжаудың әлемдік қызметінің негізін салды деуге болады.
19 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1878 жылы Томас Эдисон фонографты патенттеді;
1938 жылы әлемдегі алғашқы «Солтүстік полюс-1» полярлық қалықтау стансасы өз жұмысын тоқтатты;
1964 жылы Франция экрандары арқылы Катрин Денев басты рөлді сомдаған Жак Демидің «Шербур қолшатырлары» фильмі көрерменге жол тартты;
2004 жылы кубалық тауық әлемдегі ең ауыр, салмағы 148 грамдық жұмыртқа салды.
19 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1994 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия құру туралы» жарлыққа қол қойды;
2013 жылы Тараз қаласының маңында сақ алтынының бөліктері табылған қорғандар қазып алынды;
2003 жылы Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың бірінші экономикалық форумы ұйымдастырылды.
19 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1473 жылы поляк астрономы, математик, механик, экономист, Қайта өркендеу дәуірінің канонигі Николай Коперник дүниеге келді. Ол тұңғыш ғылыми төңкеріске бастау болған әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің авторы ретінде танылды;
1940 жылы түрікмен саяси және мемлекет қайраткері, 1985 жылдан 2006 жылға дейін Түрікменстанды басқарған Сапармұрат Ниязов дүниеге келді.
1945 жылы кеңес және ресейлік сазгер, эстрадалық әнші, ақын, актер, Ресей Федерациясының Халық әртісі Юрий Антонов өмірге келді;
1967 жылы америкалық актер («Лас-Вегастағы қорқыныш пен өшпенділік») Бенисио дель Торо дүниеге келді;
1979 жылы ресейлік әнші әрі композитор Витас дүниеге келді.
19 ақпанда Қазақстанда кім туды
1921 жылы қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Салық Зиманов дүниеге келді;
1942 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы-режиссері, КСРО Кинематография одағының мүшесі Амангелді Тәжібаев дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бұл күні арам пиғылды жандардан барынша аулақ болған жөн. Сондықтан сыйлықтарды қабылдаудан бас тартыңыздар. Жағымсыз адамдармен кездескен кезде абай болыңыздар. Бүгін өз-өзіңізді жетілдіріп, даму жолында кедергілер туындауы әбден мүмкін.
sputniknews.kz