LINUX операциялық жүйесі

0
136



Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Информатика Бөлімі: Презентация Сыныбы: Барлық сыныптар

LINUX операциялық жүйесі Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға LINUX операциялық жүйесінің мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауға дағдыландыру.Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу. СD және DVD диск жетектері Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді Дыбыстық тақша Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютергежазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі. Желілік тақша Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналғантақшалар, ең танымалылары – Ethernet жәнесымсыз желілер. Енгізу-шығару порттары Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады. Монитор Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді. ЭЕМ – нің экранда мәлімет көрсету бөлігі екі жартыдан тұрады: Монитор және адаптер. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан. Монитордың өзінде тек электронды-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейнелеу сигналдарын беретінлогикалық схемалар орналасқан. Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады:EGA, VGA және SVGA. (Super VGA) кеңінен қолданылады. SVGA – ның бейнелеу мүмкіндігі өте жоғары. Пернетақта Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:Символдық пернелерФункциялық пернелерНұсқаушы пернелерЦифрлық пернелер Тінтуір “Тышқан тәрізді қол тетігі”пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады.Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Шағын (портативті) компьютерлерде маустың орнына трэкбол қолданылады.Бұл төңкерілген маус. Трэкбол жұмыс істеу үшін, қолмен жалпы қорапты емес, шарды айналдыру керек. Ақпаратты енгізу құрылғылары Мәтіналғы Сызбалық планшет Дигитайзер Ақпаратты шығару құрылғылары Басып шығарғыш Плоттер Енгізу және шығару қызметерін бірге атқаратын құрылғылар Модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш. Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзарамәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.