Құқық бұзушылықтың түрлері | Скачать Курстық жұмыс

0


С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
ПӘНІ: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған: Айтқалиева А.М.
Ғылыми жетекшісі: Дүйсалиева Л.Ө.

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Исатаева Г.С.
қолы
________________________2019ж.

Ақтөбе 2019-жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік
колледжі ЖШС-і

Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы____________________________ ___________________
(білім алушының аты-жөні)
Мемлекет және құқық теориясы негіздері пәні бойынша
___________________________________ _____________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _____________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ ___________________________________ _____________________________ _____________________________________________________________
Бағасы_____________________________ _____________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні______________________________
Пікір жазушы:____________________________ ___________ Қармысова А.К.
(аты-жөні)

Жоспары:
І) Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
ІІ) Негізгі бөлім
Құқықтық тәртіп
1.1 Құқықтық тәртіп түсінігі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
1.2 Құқықтық тәртіп түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері
2.1 Құқық бұзушылық: түсінігі, оның заңдық құрамы … … … … … … … . … … ..
2.2 Құқық бұзушылықтың түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
3.1 Заң алдындағы жауаптылық түсінігі және түрлері … … … … … … … … … .
3.2 Заң жауапкершілігінің қағидалары … … … … … … . … … … … … … … … … … .
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … …
Қосымша

Кіріспе
Құқықтық тәртіп — бұл заңдылыққа негізделіп, құқықпен реттелінген қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп , арқа сүйеп қалыптасып , тіршілік етеді. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез құлқын , іс — әрекетін реттейтін қағидалардың , есерімен орнатылады. Егер қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт . Адам баласы өмір сүрген ортада құқық бұзушылық орын алады . Бұл шартты құбылыс зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік мәселесі болып табылады . Дегенмен , қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтарда аз болмаған . Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінəлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті əрекеті. Құқық бұзушылық пайда болу уақытын нақты айту қиын. Бірақ теология көзқарасына сүйінсек, алғашқы бұзықты жасаған Құран, Інжіл кітаптарында жақсы суреттелген Адам мен Хауа. Құдайды қанша алдағанмен бұзық жасаған үшін олар жазаға тартылды. Бұдан мынандай мораль туады, қандай да келісімді, шартты, құқықты бұзған үшін, міндетті түрде жазаға тартылуы тиіс. Құқық бұзушылықтың заңды құрамы — бұл құқық бұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті жəне жеткілікті белгілерінің жүйесі.
Занды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғай-тын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Сондықтан да осындай жағдайларды болдыртпау үшін адам құқықтары мен бостандықтары және де заңның қатаң сақталуын қадағалау үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар ұйымдастырылуы қажет.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықтың айырмашылығын анықтап, құқық бұзушылық пен заң алдындағы жауаптылықтың өзара байланысын зерттеу, олардың қоғам өміріндегі рөлін анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы құқықтық тәртіптің рөлі мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заң алдындағы жауаптылықты қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Құқықтық тәртіп , құқық бұзушылық , заң алдындағы жауаптылық, негізгі белгілерін , түсінігі және түрлері туралы түсінік беру.
.

І. Құқықтық тәртіп
1.1 Құқықтық тәртіп түсінігі
Құқықтық тәртіп заңдылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер етеді.
Құқықтық тәртіп — бұл заңдылыққа негізделіп, құқықпен реттелінген қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы. Осыдан келіп, құқықтық тәртіп дегеніміз — бұл заңдылықтың нәтижесі. Оның ерекшелігі мынада: ол, бірінші-ден, құқық нормаларында көрсетілген; екіншіден, құқық нормаларын іске асырғаннан кейін пайда болады; үшіншіден, мемлекеттің құралдарымен қамтамасыз етіледі; төртіншіден, азаматтардың өмірлік қызметі үшін қолай-лы жағдайлар жасалынады; бесіншіден, заңдылықтың қорытындысы болып табылады.
Құқықтық тәртіп мемлекеттік қызметтің ең маңызды мақсаты, өйткені тұлғаның бостандық дәрежесі, олардың құқықтары мен бостандықтарының шындығы, сонымен бірге демократияның дамуы және жалпыадамдық құндылықтың салтанаты оған байланысты.
Құқықтық тәртіп қоғамдық тәртіптің негізін қалайды. Осы екеуінің арасындағы айырмашылық неде? Егер құқықтық тәртіп құқық нормалары-ның талаптарын іске асыру кезінде пайда болса, ал қоғамдық тәртіп бүкіл әлеуметтік нормалар жүйелерінің құқық нормалары, адамгершілік нормала-ры, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер іс-қимылда-рының нәтижесі. Сондықтан қоғамдық тәртіптің ұғымы құқықтық тәртіп ұғымына қарағанда кең мағынада түсіндіріледі. Бұдан келіп туындайтын қорытынды: кез-келген құқықтық тәртіпті бұзушылық сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзушылық болып табылады. Бірақ та құқықтық тәртіп бұзылмаса да, кейбір жағдайларда қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін. Құқықтық тәртіп мемлекет тарапынан қорғалады, ал басқа әлеуметтік нормалардың, мысалы, дәстүр, мораль бұзылуы қоғамдық шараларды қолдануға әкеп соқтырады. Мысалы, адамның әдепсіз қылықтары қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелсе оған тек қоғамдық айыптау, сөгіс қолданылуы мүмкін.
Сөйтіп, құқықтық тәртіп дегеніміз құқық субъектілерінің мемлекет аумағындағы қоланылып жүрген барлық құқық нормаларын сақтау мен орындауға негізделген қоғамдық қатынастардың ықшамдалған жай-күйі.
Құқықтық тәртіп — адамдардың құқық нормаларының ұйғарымына сай тәртібі. Онда, адам баласының бостандығымен қарым қатынастары іске асырылады. Азаматтардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, барлық құқық субъектілерінің құқықтары, тек сол уақытта сай болады, егер олар құқық нормаларында белгіленген қимылға, не болмаса міндеттілікке сай болса.
Құқықтық тәртіп, қоғамдық қажеттілік және қоғамға пайдалы құбылыс, азаматтық қоғамның жөнді қызметінің объективті алғы шарты болып есептеледі. Құқықтық ұйғарымдармен келісілген тәртіп, тек бостандықты ғана емес, оған сай қоғамдық ұйымдастырушылық қатынасты, олардың құқықта көрсетілген тәртіпке бағынуын қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде, құқыққа сай қоғамдық қатынастардың ортасын кеңейтуге және құқықтық реттеудің сапасын арттыру арқылы бір қалыпты-лыққа талпынады.

1.2 Құқықтық тәртіптің түрлері
Құқықтық тәртіп дегеніміз — тек құқықтық нормалармен алдын-ала белгіленген және құқықтық нәтижесі барлар. Құқықтық тәртіптің маңызды екі түрі бар: құқықа сай тәртіп және құқыққа қарсылық.
Құқыққа сай тәртіп — заңды тыңдаушы, саналы және ерікті адамдардың құқық нормаларының талаптарына сай тәртібі. Жалпы көптеген, барлық кездесетін адам тәртіптерінің жолдарында құқықтық тәртіп, құқыққа сай емес тәртіптен жоғары тұрады. Құқыққа сай тәртіпте заңды міндеттер орындалады(мысалы, пәтер иесінің пәтер ақысын төлеу), субъективтік құқықтар пайдаланылады( мысалы, азаматтың мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысуы), ал құқықтық тыйым салынуы сақталынады, бұзылмайды. Құқыққа сай мінез-құлық қоғамның мүддесін көздейтін қажеттілік болып табылады. Ол құқықтық нормалар арқылы ынталандырылады, әрі мемлекет тағайындаған ережесі адамның саналылық қатынастарының нәтижесі болып табылады. Кей уақытта адамның құқыққа сай тәртібі құқықтық нормалар талабын бұзғандығы үшін жазадан қорқу негізінде жүзеге асырылады.
Демек, кез-келген адамның тәртібі заңдық мәнді бола бермейді, ол үшін оның белгілі бір құқықтық белгілеріне ие болуы керек екен. Оған мыналар жатады:
Мінез-құлықтың әлеуметтік мәнділігі, яғни экономикалық, саяси және басқа да қатынастарды дамытудағы пайда болатын тәртіп;
Адамның санасына және еркін еріктілігіне бағыныштылығы;
Құқықтық сфераға кіруі;
Мемлекеттің юрисдикциясында болуы және оның органдарының жағынан бағынатындығы;
Заңды зардаптарды болдыру қабілеттілігі.
Осы белгілерге сай келетін адамның тәртібі құқықтық болып табылады, ал қалғандары құқыққа сай еместігін білдіреді.
Құқыққа сай тәртіп мотивациясына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
Әлеуметтік белсенділік, яғни, тәртіп құқықты орындау қажеттігіне байланысты нанымға негізделген. Ол құқықтық сана-сезімнің және құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл құқықтық тәртіптің түрі қоғам және мемлекет үшін өте маңызды, өйткені, ол қоғам мен жеке адамның арасындағы ымыраға келумен байланысты;
Конформистік, яғни, іс-әрекеттің құқық тұжырымдарына құқықтық белсенділігін көрсетпей-ақ нанымсыз бағынуға негізделген, мұндай құқықтық тәртіп құқық тұжырымдарын сақтауды әдетке айналдырғандығының немесе заңдық іс-әрекетке бейімделгендігінің белгісі болып табылады;
Маргиналдық, яғни, іс-әрекеттің құқық тұжырымдарына сәйкес келгенімен де, бірақ оны орындау — жазадан қорқудан, жеке басының қамынан туындайды.
Сөйтіп, құқыққа сай тәртіптің толық түрлерін атап өтелік:
Көріну нысанына қарай — іс-әрекет және әрекетсіздік;
Белсенділік дәрежесіне қарай — енжарлық, әдеттегі және белсенді;
Құқық нормаларын іске асыру нысандарына қарай;
Құқық салаларына қарай конституциялық құқықты іске асыру, азаматтық құқықты іске асыру, өзге салалар нормаларын іске асыру;
Тәртіп себептеріне қарай жеке адамның нанымына негізделуі, мемлекеттік көндіру шараларын қолданылудан қорқуына негізделуі және таптаурынға бағынуға негізделуі болып бөлінеді.
Құқыққа қарсы тәртіп дегеніміз — құқық нормаларымен сыйыспайтын, оның талаптарына қайшы келетін іс-әрекет (әрекетсіздік). Әрине субъект өзіне жүктелген міндетті орындамайды (мысалы, пәтер иесі шартта көрсетілген мерзімде пәтер ақысын төлемейді), немесе құқықтық тыйым салуды сақтамайды (басқа адамның мүлкін ұрлайды). Құқыққа қарсы іс-әрекет жеке адамның немесе қоғамның мүддесіне зиян келтіреді. Міне, осыдан келіп құқық бұзушылық орын алады.

Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері
2.1 Құқық бұзушылық түсінігі, оның заңдық құрамы
Құқық бұзушылық дегеніміз қоғамға қауіпті, заң жауапкершілігін тудыртатын, деликоқабілеттілігі бар кінәлы адамның құқыққа қайшы іс-әрекеті.
Құқық бұзушылықтың заңдық құрамының барлық міндетті белгілері:
Бұл барлық жағдайда іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік);
Кінәлы іс-әрекет;
Құқыққа қайшылық (яғни, құқық нормасына қайшы іс-әрекет);
Қоғамға қауіпті іс-әрекет ( яғни, қоғамға зиян келтіруші);
Іс-әрекет пен залалды зардаптардың арасындағы себепті байланыстардың болуы;
Заң жауапкершілігі көзделген іс-әрекет.

Құқық бұзушылықтың 4 түрлі белгісі бар:
Құқыққа қарсылығы — құқық бұзушылық дегеніміз құқықтың бұзылуы, құқыққа, оның нормаларына қарсы іс-қимыл; бұл барлық жағдайда да іс-әрекет. Әрекет — бұл белсенді тәртіп актісі, яғни тыйым салынған құқықты бұзу. Әрекетсіздік — бұл қызмет бабында немесе өзге жағдайларда орындауға тиісті міндеттерді орындамау;
Кінәлылығы — бұл жасалынған құқық бұзушылыққа субъектінің психикалық көзқарасы, көңіл — күйі;
Қоғамдық қауіптілігі — ол мынадан көрінеді: құқық бұзушылық жасаған кезде тұлғаның қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіруі;
Жазаланатындығы — қандай да болмасын құқық бұзушылық заңдарда белгіленген жауапкершілікке тартылуы тиістілігі сондықтан заң мәтіндерінде жауапкершілік көрсетулері қажет. Тіпті есі дұрыс емес адамдар да өз іс-әрекеті үшін жауапқа тартылуға тиіс. Егер де қылмыс заң актілерінде көрсетілмесе жаза да болуы мүмкін емес дейді,-ертедегілер.
Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы — бұл 4 элементтердің жиынтығы:
— құқық бұзушылықтың объективтік жағы; — құқық бұзушылықтың субъективтік жағы; — құқық бұзушылықтың субъектісі; — құқық бұзушылықтың объектісі.
Осы элементтердің біреуі ғана болмаса, онда құқық бұзушылықтың толық заңдық құрамы жоқ деп есептелінеді.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы — бұл іс-әрекет не әрекетсіздік көрінісінің сыртқы нысаны,яғни белгілі бір құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілерінің жиынтығы(мысалы,салық төлеуші салық инспекциясына қажетті құжаттарды тапсырмаған). Құқық бұзушылық болып адамдардың ой-өрісі, сезімі табылмайды, өйткені бұлар құқықпен реттелінбейді.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементі болып табылатындар:
1) негізгі элементтер — әрекет немесе әрекетсіздік; іс-әрекеттің құқыққа қарсылығы; қоғамға зиянды зардаптар; іс-әрекет пен зардаптардың арасындағы себепті байланыс; 2) факультативтік элементтер — уақыт, орны, тәсіл, жағдай. Мысалы, құқық бұзушылықты әлдеше рет жасау, қайталау, ұйымдасқан топтың немесе қауымдастық ұйымның құрамында болып, жағымсыз іс-әрекеттер жасау және тағы басқалары.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы — жасалған құқық бұзушылыққа адамның психикалық күйін сипаттайды. Дәлірек айтсақ, адамның өзінің іс-әрекетіне, оның зардаптарына және кінәсына саналы көзқарасын сипаттайтын ішкі белгілерінің жиынтығы. Оның міндетті негізгі белгісі — кінә, ал факультативтік белгісі — мақсат және мотив.
Кінәның негізгі 2 нысаны бар: қасақана және абайсыздық.
Қасақана — бұл кінәның бір нысаны, адам өз іс — әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе немесе осындай зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайлы қараса. Мысалы, тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Абайсыздық — кінәның екінші нысаны, адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз, жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, егер жүргізуші машинаның тормозын қарамай жүріп кетіп, адамды басып кетсе, ол немқұрайдылық деп есептелінеді. Ал, егер жүргізуші машинаның ағаттығын біле тұра, зиянды зардаптарын болғызбаймын деп сенсе, онда оны жеңілтектік деп санайды.
Құқық бұзушылықтың субъектісі болып тек деликоқабілеттілігі бар тұлға ғана танылады. Деликоқабілеттілік — бұл мемлекет белгілеген заң жауапкершілігін атқара алатын қабілеттілік. Деликоқабілеттілік заңға сәйкес міндеттілікті еркін іс жүзіне атқара алатын және құқықтық нормаларда тыйым салынған іс-әрекетті жасағандығы үшін заң жауапкершілігіне тартылатын адам танылады. Сондықтан субъектілерге мынадай тиісті талаптар қойылады. Олар заңда нақтыланған жасқа жетуі тиісті. Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам, ал кейбір аса ауыр қылмыс жасағандары үшін он төрт жастан бастап та жауапқа тартылады; әкімшілік құқықта он алты, еңбек құқығында — еңбек шартымен, ерекше жағдайларда он төрт жасқа толған оқушымен жасауға беріледі; азаматтық құқықта — он сегіз жастан немесе он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, тіпті он төрт жасқа дейінгілер де өздерінің жасына лайықты қатынастарға түсе алады. Жастан басқа да субъектілердің есі дұрыс болуы қажет, яғни ондай адамдар өз істеріне жауап бере алатын және құқық бұзушылық жасаған кезде өз іс-әрекеттерін басқара алатын болуы тиіс. Сондықтан сәбилер және есі дұрыс емес адамдар жауапқа тартылмайды, өйткені, олар құқық бұзушылықтың субъектісі болып есептелінбейді. Есі дұрыс еместік заңға сәйкес медициналық сараптау комиссияларының қорытындылары бойынша анықталынады.
Құқық бұзушылықтың объектісі — құқықтың қорғалуында болатын қоғамдық қатынастар, оған жататындар: зиян келтірілген материалдық және материалды емес игіліктер, мүдделер ( мемлекеттік, қоғамдық, жеке). Осы игіліктер мен мүдделер құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылады (адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, мүлкі және тағы басқалары).

2.2. Құқық бұзушылықтың түрлері
Құқық бұзушылықты топқа бөлуді әр түрлі негізде жүргізуге болады:
Қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай — қылмыс және теріс қылық (әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, конституциялық);
Қоғам өмірінің саласына қарай — экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік-тұрмыстағы, басқалардағы;
Заң қызмет түрлеріне қарай — құқық шығармашылықтағы, құқық қолданудағы;
Кінә нысандарына қарай — қасақана жасалған, абайсызда жасалған;
Шаруашылық салаларына қарай — өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, көліктегі, тағы басқалары.
Осылардың ішіндегі ең көп таралғаны — әлеуметтік қауіпсіздігіне байланысты түрлері — қылмыс пен теріс қылық.
Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі — қылмыс болып саналады. Қылмыстар дегеніміз — қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп табылған, жазаланатын, мемлекеттік конституциялық құрылысына, оның саяси және экономикалық жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекітілген түрлеріне қастандық келтіретін немесе құқықтық тәртіпті бұзатын, сондай-ақ, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер.
Өзге құқық бұзушылықтың түрлеріне қарағанда қылмыстық әрекеттердің тізімі қылмыстық заңдарда дәлме — дәл толық көрсетілген, оны кеңейтіп талқылауға болмайды. Әрине, қылмыс ең маңызды қоғамдық қатынастарды қамтиды, аса көлемді зиян келтіреді. Қылмыстық әділ соттың мақсаты қоғамды тұтастай қорғау болып табылады. Сондықтан, қылмыстық сотқа жататын кез келген іс-әрекет қоғамдық қауіпті деп саналады.
Қылмыстың теріс қылықтардан айырмасы — қоғамдық қаупінің жоғарғы дәрежесі және жеке тұлғаға, мемлекетке, қоғамға анағұрлым ауыр зиян келтіреді. Қылмыстар мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздеріне, азаматтардың жекеменшігіне, жеке басына және құқығына, қарулы күштер қауіпсіздігіне қастандық жасайды, әрі қылмыстық жаза шараларын қолдануға алып келеді. Қылмыстық жаза қылмыс жасағаны үшін ғана емес, қылмыстық қастандығы, соған дайындалғаны, бірге қатысқаны, ал кейбір құрамдар бойынша — қылмысты жасырғаны және ол туралы хабарламағаны үшін де қолданылады. Тек сот қана, бекітілген іс жүргізу тәртібімен, қылмыс жасағаны бойынша айыпты деп санап, жаза белгілей алады.
Теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігі — қылмысқа қарағанда өте қауіпті еместігі. Барлық теріс қылықты мынадай түрлерге бөлуге болады: құқық салаларына қарай — әкімшілік, азаматтық, еңбектік, тәртіптік тағы басқалары.
Қоғамдық қауіптіліктің дәрежесін анықтаудың белгілеріне жататындар:
Құқықпен реттелінетін құқық бұзушылықтың объектісі болып саналатын қоғамдық қатынастардың маңыздылығы;
Келтірілген залалдың (зиянның мөлшері). Егер де зиян өте көлемді, әрі маңызды болып келсе, әдетте қылмыс деп санайды, егер де ол көлемді болмаса, онда оны теріс қылық дейді;
Жасалған құқыққа қарсы іс-әрекеттің тәсілдері, уақыты, жері (орны);
Құқық бұзушылықтың кім екендігі.
Теріс қылық қылмысқа қарағанда тұлғаның өзінің қоғамдық қауіптілігін бейнелемейді.
Әкімшілік теріс қылық пен қылмыстың бірлестік байланыстылығын мынадан көруге болады:
Әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстың көлеңкесі, қылмыстың жасалынуының алды, өйткені, өзінің мәні және көлемі жағынан өте — мөте кең таралған құқық бұзушылық, теріс қылықтың қылмысқа айналуы бір — ақ қадаммен өлшеніледі, айталық, маскүнемдікке қарсы заңдарды бұзушылықтың зардабы қылмыспен тірелетінін біз күнделікті өмірден көріп жүрміз;
Әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыс бір құрамдастық болып келеді (мысалы, ұсақ бұзақылықтың кәдімгі бұзақылыққа айналуы әп-сәтте-ақ болады) немесе одан тыс болуы мүмкін ( аңшылық оқ — дәрі қаруын дұрыс қолданбаудың салдарынан қылмыстың жасалуы);
Әкімшілік құқық бұзушылықтың тууы мынадай қылмыспен байланысты болуы мүмкін (жезөкшелік — СПИД ауруын жұқтыру қаупімен);
Әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық қауымдастықтың тікелей қысымдылығынан туындап, олардың бақылауларында болуы мүмкін (сатып алушыны алдау, салық өндіруден түскен пайданы жасыру, бақылаусыз түскен пайдалар).
Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) — бұл жеке адамның заң бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлы (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс — әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс — әрекетіне әрекетсіздігі. Мысал ретінде ұсақ бұзақылық, қоғамдық көлікте билетсіз тегін жүру, тағы басқаларын алсақ та жеткілікті. Әкімшілік теріс қылықтар, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындарда санитарлық гигиенаны бұзу болып табылады. Әкімшілік делиттер, қоғамдық зияндылық немесе қауіп белгілеріне ие бола отырып, зияндылығының аз дәрежелілігімен қылмыстан айтарлықтай айырмасы болады. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік заңмен қарастырылады. Бұл ең алдымен, айыппұл, арнайы құқығынан айыру (мысалы, көлік құралдарын басқару құқығы), түзету жұмыстары (екі айға дейін), әкімшілік тұтқындау (15 тәулікке дейін) және т.б. Жаза құқық бұзушылық жасаған күннен бастап екі айдан кеш қалдырмай қолданылуы керек. Әкімшілік жаза түрлері әкімшілік құқық бұзушылық істерін олар жөнінде істер бойынша өндіріс қарастыратын өкілетті органдар, сондай-ақ, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен анықталған.
Азаматтық құқықтық құқық бұзушылық (теріс қылық) азаматтық, еңбек, жер, отбасы құқықтарымен реттелінетін мүліктік және оған байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті іс — әрекет. Мысалы, азаматтың немесе заңды тұлғаның өзінің ар — намысына, қадір — қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды өзге адамның таратуы, тағы басқалары. Азаматтық теріс қылықтар мүліктік және сондай-ақ мүліктік емес аймақта жасалады, ол адам үшін рухани құндылық болып табылады. Азаматтық құқық бұзушылық — ұйымдарға және жеке азаматтарға келісім бойынша міндеттерін орындамаудан, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратудан тұратын мүліктік зиян келтірумен бейнеленеді. Азаматтық құқық бұзушылық, зиянның орнын толтыру, бұзылған құқықты мәжбүрлеп қалпына келтіру немесе орындалмаған міндетін атқару сияқты санкцияларды қолдануға алып келеді.
Тәртіптік теріс қылық — қызметтік қарым-қатынастар аумағында жасалатын құқық бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша бағынушылық қатынастың тәртібін бұзады. Тәртіптік теріс қылық адамдардың (жұмысшылардың, қызметкерлердің, оқушылардың және т.б.) белгілі … жалғасы