Дос болуға тұрмайтын 5 адам / Руслан ҚАМБАР

0
239

Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді: 

«Әкем маған:

 — Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма! — деді. 

 — Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім? — деп едім, әкем:

 — Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді,-деді.

 — Әке! Одан да төмені не?

 — Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе.

 — Әке! Екінші адам кім?

 — Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді.

 — Әке! Үшіншісі кім?

 — Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді.

 — Әке, төртіншісі кім?

 — Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді.

 — Әке, бесіншісі кім?   дегенімде:

 — Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім, деп әкем өсиет еткен еді.

P.S. Дос — араб тілінде «садық», яғни, шыншыл деген сөзден туындайды. Демек дос  – әр жағдайда сізбен шыншыл, қарым-қатынастағы бауырыңыз.

 

islam.kz