Абай Тасболатов өмірбаяны
ТАСБОЛАТОВ Абай Бөлекбайұлы — Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі 1951 жылғы 21 қыркүйекте Солтүстік-Қазақстан облысы Ленин ауданының Николаевка селосында туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені, М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясының Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын бітірген. Әскери атағы-генерал-лейтенант. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей Федерациясы Әскери ғылымдар академиясының толық мүшесі.
1969-1973 жж. — Ташкент және Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищелерінің курсанты.
1973-1975 жж. — Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің взвод командирі.
1975-1980 жж. — Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің рота командирі.
1980-1983 жж. — М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның тыңдаушысы.
1983-1986 жж. — Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің тактика пәнінің мұғалімі.
1986-1990 жж. – Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі курсанттары батальонының командирі.
1990-1991 жж.- Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі жанындағы запастағы және кадрлық офицерлерді дайындау бөлімшесінің бастығы.
1991-1992 жж. — Мемлекеттік қорғаныс комитеті жанындағы жоғары оқу орындары және әскери емес штаб дайындығы бөлімінің бастығы.
1992-1997жж. — Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищенің бастығы.
1997-2002 жж. – Әскери академияның бастығы.
2002- 2006 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
2006 – 2011 жж. – Республикалық ұланның қолбасшысы.
2012-2015 жылдан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық- Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Даңқ» — І дәрежелі, «Даңқ»- ІІ дәрежелі, «За службу Родине в Вооруженных Силах СССР» — ІІІ дәрежелі ордендерімен және «За боевые заслуги» медалімен марапатталған.
Үйленген, екі баласы, немерелері бар.