«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді
Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды.
Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен, сондай-ақ ауқымды күту залы; заңды тұлғалар үшін жеке қызмет көрсету аумағы; қызмет көрсету терезелерінің көптігі, балаларға арналған ойнау бұрышының ұйымдастырылуы сияқты артықшылықтары бар. Орталық касса дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана LRT» ЖШС-нің орталық кассасында қолма-қол қаражатты қайтаруды жүзеге асыра аласыз. Сондай-ақ мұнда жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарының дубликаты беріледі.
Жаңа мекен-жайға қатынайтын бағдарлар: №3, №20, №41, №47, №21, №33, №107(экспресс), №100(экспресс). Аялдамалар: «Тұрсын Астана» Т/К және «Барыс» Т/К