Ресейде 46 қазақстандық мінген автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

650 0 0

Автобус жүк көлігімен соқтығысып, жыраға аударылып түскен

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. «Р-254» федералды тас жолының 1368 километрінде Новосібірден Шымкентке 46 қазақстандықты әкеле жатқан жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, жыраға аударылып түсті.

Жол апаты 12 қараша күні таңертең ерте болған, деп хабарлайды «Вечерний курьер» порталы.

Неге екені белгісіз, 45 жолаушысы бар автобус жүк көлігімен соқтығысты. Жолаушылар мен жүргізуші – бәрі Қазақстан азаматтары, Новосібірден Шымкентке қайтып келе жатқан.

Соқтығысу салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, бір қырына аударылып қалған. Алты жолаушыға медициналық көмек қажет болды. Жедел жәрдем оларды Коченев ауданы ауруханасына жеткізген. Қалған 40 адам жеңіл-желпі жарақат алыпты.

Оқиға орнына жеткен полиция инспекторлары, өрт сөндіру қызметі, аудандық әкімшілік өкілдері қазақстандықтарға барынша көмек көрсетті. Жолдағы қонақүйлердің біріне жолаушыларды орналастырып, басқа автобуспен Шымкентке аттандырған.

Апаттың себебі туралы тергеу аяқталған соң белгілі болады.

Ақтөбедегі автобус өрті: сотталушыларға үкім шықты