Алматыда 10 мың доллар парамен ұсталған судья уақытша жұмыстан қуылды — новости Казахстана
Пара алып жатқан жерінде ұсталған №2 Әуезов аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке уақытша жұмыстан шеттетілді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін прокуратура органдарында лауазымды қызметкер болған ол соңғы үш жылда судья болып, сотта үкім шығарып жүрген.
10 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталған Андрей Штейнкенің 6 баласы бар болып шықты. Парақор судья олардың төртеуін асырап алған.
«Бүгіннен бастап Ұлттық бюро мен Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі Әуезов аудандық №2 сотының судьясы Андрей Штейнкеге қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды. Андрей Штейнке Президенттің жарлығымен 2015 жылдан бастап судья лауазымына тағайындалған», — деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz