Қазақша реферат: Мəдениет жəне оны бiлдiретiн ұғымдар
“Мəдениет дегенiмiз не ? “– деген сұраққа жауап беру ұшiн, бұд сөздiң этимологиясына, яғни осы бiр күлдерi ұғымды бiлдiретiн сөздiң шығуына тоқталуды жөн көрдiк. Қазақ тiлiне бұл термин арабтың “маданият”- қала, қалалық деген сөзiнен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мəдениетiнiң өркендеуi кезiнде қалыптасқан түсiнiкпен байланысты. Мəдениетке берiлген көптеген анықтамаларды альтернативтiк ( қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетiнi- мəдениет пен табиғатты, культура мен натураны қарсы қоюшылық. Көне заманда “культура” деген ұғым “жердi өңдеу” деген мағынаны берген. Кейiнiрек , дəлiрек айтқанда Цицеронның еңбектерiнде ( б.з.д 45 жыл) бұл сөздiң мағынасы терңдеп, “жанды жетiлдiру” деген ұғымды бiлдiрдi. Уақыт өткен сайын еуропалық тiлдерде мəдениет сөзi “бiлiм беру”, “даму”, “қабылеттiлiк”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ин бола бастады. Қазiргi заманғы сөздiктерде мəдениетке төмендегiдей анықтамалар берiлген.
а) мəдениет-белгiлi бiр халықтың бой жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ə) мəдениет- адамзат қауымының белгiлi бiр тарихи кеңстiктегi қызметi мен өзiндiк ерекшелiктерi (палеолит мəдениетi, крит-микенi мəдениетi , қазақ мəдениетi т.б.); б) мəдениет-адамдық əрекетiң белгiлi бiр салалсының жетiлу деңгейi(сөйлеу мəдениетi, еңбек мəдениетi, құқық мəдениетi жəне т.б.); в) агромəдениет (дəндi өсмдiктер мəдениетi, цитрустық мəдениет жəне т.б.);
Ал осы ұғымдардың iшiнде мəдениеттану пəнiне алғаншқы екi ұғымның тiкелей қатысты екендiгiн аңғаруға болады. Мəдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өттi. Мəдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар болды. Бiрақ өкiнiшке орай, ХУШ ғасырға, яғни Ағартушылық кезеңiне дейiн, басты құндылық- “адам мен оның ақыл ойы” деген қағида жүзеге асқанға дейiн “мəдениет” сөзi белгiлi бiр мойындалған термин ретiнде қолданылмады. Бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимi ретiнде ғана пайдаланылды. Сөзiмiз дəлелдi болу үшiн- “мəдениет” ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн көрдiк. Жоғарыда атап көрсеткенiмiздей, бұл терминнiң алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп –баптаумен тығыз байланысты болды. Демек “мəденет” ұғымы жердi жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiмен, дəлiрек айтқанда, егiншiлiк пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты қарастырылды. Оған қоса бiзге үйреншiктi болып кеткен мəдениет ұғымының тəрбие мен бiлiммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр.Бiлiмсiз жəне тəрбиесiз адам еш уақытта мəдениеттi бола алмайтыны ақиқат, ендеше бiлiммен тəрбие барлық халықтар мəдениетiнiң , қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бiрге мəдениет сөзi “құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық”. Осылардың iшiндегi ең бастысы дiни табынушлық. Көне замандағы адамдар əр уақытта да құұдайлар қоршауында болды, олардың санасында құдайлар берiк орын алды. Үйде де , түзде де құдайлар адамдармен бiрге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдарымен қала азаматтырын бəле-жаладан қорғады.Мiне, сондықтан да болар белгiлi эллинист Макс Поленц полистiк патриотизiмдi ерекше дəрiптейдi.
Полис дегенiмiз-шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып снанлады.Олар өз қаласының заңына бағынады, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажеттi азаматтық мiндеттерi мен борыштарын(халық жиналыстарын өткiзуге, сот орындары көп қаланың басқа да мекемелерiнiңжұмыстарына жəне т.б. қатысуы) мүлтiксiз орындап отырды. Мұндай қалаларда мəдениет əрi тəрбие берудi, əрi дiни табынушылықты, əрi жер өңдеудə де бiлдiрген. Дəл осындай үйлесiмдiлiе көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл прцестi “падейя”(бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тəрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, кең мағынада бiлiм беру, бiлiмiдiлiк .ағартушылық. мəдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тəрбие иен бiлiмнiң жəй ғана байланыстары жайында идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның өзiнде-ақ өмiрге икемдi, қабiлеттi, жае- жақты қалыптасқан азаматтарды тəрбиелеуге бағытталған сирек кездесетiн бiлiм беру жүйесiн жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсiз гуманистiк құндылық бар, негiзiнде мəдени процестердiң мақсаты үшiн күресетiн адам идеялы жатыр. Бұл жөнiнде В.Йгер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: “Грек мəдениетiнiң идеяларынсыз ертедегi дүне тарихи кезең болып өмiр сүре алмас едi де, ал Батыс Еуропалық мəдениет дүниеге келмеген болар едi” Грекияда, негiзiнен, мəдениеттiң аристократиялық( ақсүйектiк) түрi кеңiнен таралған, ал оның негiзiнде терең генеалогиялық дəстүрлер ( Гомер шығармаларының кейiпкерлерiнiң көпшiлiгi құлайлардан тараған) жатыр. Ақсүйектiк қасиеттермен қатар, “адамзаттық” қасиеттерге де ерекше көңiл бөлiндi. Басты мақсатқа апарар жол-бiлiм жолы болды. Г.Е.Жураковский былай деп жазды. “Көп жылдық Афины мектептерiндегi бiлiм берудiң түпкi мақсаты- оқушыларға афин қоғамының толық праволы мүшесi екендiгiн толық сезiндiру болып табылады.” Балаларды мектепке жазып- сызуға үйретiп, грек əдебиетi мен таныстырды. Грамматиканы музыкадан сабақ беру толықтырды, өйткенi көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. Он екi жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретiнде мемлекеттiк iстер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бəрi көне “паядейяның” гуманитарлық қызметiмен қатар, көне мəдениеттiң дамуына ықпал жасағандығын көрсетедi. Ерекше атап өтетiн бiр жəйт, мұндай бiлiм беру жүйесi белгiлi бiрталаптар мен ережелердi игерумен ғана шектелмей, жатарды қоғамдық өмiрге де дайындады. Демек, Грек қоғамының белсендi мүшесi болу, қоғамдық өмiрдiң сан-саласына араласу белгiленген ережелер, талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырады, ал бұларды гректер “даналық табыстар-нома” (заңдар) деп атады. Демек, мəдениеттiң мақсаты – адам бойында ойлау, пiкiр айтып пайымдау қабiлетi мен эстетикалық сезiмдi дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзiнiң табиғатпен байлансын еш уақытта жоғалтқан емес, ол үшiн табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды.
Өкiнiшке орай, қоғамның даму барысында, əсiресе эллинизм дəуiрiнде, көе полистердiң өз тəуелсiздiктерiн жоғалтуына байланысты грек “паядейясының” идеялдары бұзыла бастады. Əлеуметтiк тұрақсыздықпен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мəдениетке нұқсан келдi.Бiлiм берудiң жəне тағы ды басқа мəдени құндылықтардың дəрежесi түсiп кеттi. Бiрақ қоғамдағы мұндай өзгерiстерге- қиындық пен тоқырауларға қарамастан мəдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негiзiнде дамыған ортағасырлық мəдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мəдениеттiң негiзгi табыстарын сол қалпында сақтай бiлдi. Ортағасырлық мəдениет политеизмге-монотейзмдi, натурализмге руханилықты, гедонизмге-(сүйсiнiп рақаттану табынушылығы) аскеттiк идеалды, дүниенi бақлау жəне логика арқылы тануға – Библияға сүйенген жəне оны шiркеудiң белгiлi бiр қайраткерлерi арқылы түсiндiрiлетiн – кiтаби бiлiмдi қарама-қарсы қойды. Өзiнiң жан дүниесiне терең үңiлген ортағасырлық адам өз тұлғасының қайталанбайтындығын , ерекшелiгiн, тұңғиық екендiгiн байқады.Ал бұл жағдай политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкiндiк бердi. Көне заманның адамы өзiне сену қасиетiн мəңгiлiк кеңiстiк дүнесiнен, оның iшiнде ең бiрiншi кезекте табиғаттан алды.Ол — құпиялы аспан мен жұлдыздар əдемi, таулар мен өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегi ғана. Ортағасырларда мəдениеттi түсiнуге келелi өзгерiстер байқалды. Рационалдық iзденiстi адамгершiлiкке, адамның жан-жақты жетiлуiне апарар жол деп қарастыратын мəдениеттiң көне түсiнiгi тұйыққа тiрелдi. Адамның заттық аспандық дүнеден, оның отанынан басқа да дүниелердiң, атап айтқанда, ерекше ляззат алар рухани дүниенiң бар екендiгi айқындалды. Адам өзiн қоршаған ортада, кеңiстiкте адамзаттың ақыл –ойынан тəуелсiз заңдылықтардың, ережелердiң бар екенiн аңғара отырып, онда жоғарғы “ақыл-ой” мен ең жоғарғы əдiлеттiлiктiң əрекет ететiндiгiн сезiне бiлдi. Мəдениет тағыда адамның өз мүмкiндiктерiн “жетiлдiру”, оның iшiнде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда “табиғи бұзылмаған” жəне сенiммен толықтырылған ақыл-ойды” жетiлдiру” тұрғысынан адамзат баламының алдында тұрған келелi мəселе дəрежесiне көтерiп, құпия дүниелер есiгi айқара ашылды, қоршаған ортада, адам бойында рациональдық ең басты емес екендiгi айқындалып , ендiгi жерде адам бойындағы жңаң өлшемдер махаббат,,үмiт,сенiм жəне т.б. жаңа сатыға көтерiлдi. Адам өзiнiң əлсiздiгiнде сезiне бастады бiрақ ол дəрменсiздiктi танумен қатар, өзiнiң алып күш иесi екендiгiн де көрсетет бастады, Құдай адамды оның мəңгiлiк жанын жаратты. Адамның бақыты өзiн тануда емес, құдайды тануда.Адамның бақыты мен бостандығы оның тəуелсiздiгiнде емес, оның Құдайтағаланың ықпалында болуымен онымен рухани бiрлiкте екендiгiн мойындауында. Мiне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетедi, Осындай қасиеттерге ие болған ортағасырлар мəдениетi- тəлiм-тəрбие,үйлесiмдiлiк пен тəртiп өлшемi ретiнде емес, шектеушiлiктi жеңу, адамның үнемi рухани жетiлуi мен жəне жан-жақтылығымен де сипатталады.
Жаңа заманда (ХУП-Х1Х ғ.ғ.) мəдениеттiң көптеген теориялары өмiрге келдi. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мəдениетiн нақты түсiну жəне оған шындық тұрғысынан баға беру қайта қаралып, жаңа мазмұнға ие болды. Мəдениет философиясы тұрғысынан алып қарастырғанда, ең озық идеялар осы дəуiрдiң философиясында кеңiнен насихатталды.Ағартушылық кезеңi-буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси -əлеуметтiк өзгерiстерге толы тарихи, əрi рационаьды кезең болып саналады. Бұл дəуiрдiң мəдениет теориясына үлес қосқан өз алыптары болды. Олар (Англияда-Толанд, Францияда-Вольтер мен Монтеськие, германияда – Лессинг, Шиллер , Гете) дүние мен адмзат жайындағы ақиқатты айту құқығын дiннен тартып алып, адамның ақыл ойының тəуелсiздiгiн батыл қолдады, Адам өзiнiң табиғи жаратылысынан –ақ қабiлеттi,ақылды жан жəне соны тиiмдi пайдаланудың нəтижесiнде адам игiлiгiне сай қоғам құруға қабiлеттi. Ал бұл iзгi мұраттың iске аспауына адамның өзi кiнəлi.
Оның бiлiмсiздiгi мен мəдениетсiздiгi, халықты қараңғылық түнегiнде ұстау жəне т.б. мəдениет пен өркениеттiң дамуындағы басты кедегiлер болды.Олай болса, дəуiр ойшылдарының антеклерикалық ( дiнге қарсы) көңiл-күйiнiң астарынаңғару онша қивнға соқпайды. Осындай көңiл күй табиғат пен адамның дүниедегi орны туралы мəселенi қайта қоюға мүмкiндiк бередi. Сондықтан да болар Ағартушылық дəуiрiнi философиясы мəдениет туралы iлiмдi дамытуға мүмкiндiк беретiн категорияларға сүйендi (табиғат, адам,қоғам,таным,ақыл-ой). Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар ХУШ ғасырдың ағартушыларына тарихи процесс идеяларын дамытуға жəне тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштерi жəне мағынасы жөнiнднгi сұрақтарды белгiлеуге мүмкiндiк бердi. Əрине, бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философияляқ негiздер тұрғысынан берiлдi. Мысалы Мəдениеттiң классикалық үлгiсi ұғымы мəдениеттi- адамзаттың тарихи дамуының нəтижесi жəне адамзат баласының саналы жəне адамгершiлiк қоғамдық қарықатынастарының қол жеткен дəрежесi деп қарастырады. Мəдениетке байланысты қағидаларды Ағартушылықкезеңнiң ойшылдары жəне жаңа мəдени үлгiлер( адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия жəне т.б.) жасауға тырысты жəне өткен заман мен жаңа заманның мəденит тəжiрибесiн жаңаша сын елегiнен өткiзе отырып қарастырды. Бұл игi мақсатты жүзеге асыруда олардың алдында орасан зор көне жəне тың материалдар көптеп кездестi. Ортағасырлар мен қайта өрлеу дəуiрiнен бастап зерттеле бастаған көне заманның тарихи, философиялық, ғылыми жəне көркем əдебиетiнен басқа, олардың назарынан археологиялық ескерткiштер, халық мəдениетiнiң шығармалары, саяхатшылардың дүниежүзiнiң əр елдерi жөнiндегi суреттемелерi, түрлi тiлдер жайындағы мəлiметтер тыс қалған жоқ. Осыншама бай фактiлердi есепке ала отырып, Ағартушылық дəуiрiнде Адамзат мəдениетiн тұтастай қабылдауға талпыныс жасалынды. Мəдениеттiң мəн-мағынасы табиғаттағы дүниежүзiлiк күштердiң (құдайтағаланың құдыретiн де ескергенде) батыл iс-əрекетiнiң нəтижесi мен жемiсi деп есептелдi. Бiрақ, сол кезеңнiң өзiнде-ақ “табиғат” пен “мəдениеттiң гармониялық “ бiрлiгiне шүбə келтiру, оларды бiр-бiрiне қарсы қою сарыны байқала бастады ( Əсiресе Жан Жак Руссоның еңбектерiнде).
Ж.Ж.Руссо сол кездi өзiнде-ақ ғылым мен өнердiң адамдардың табиғатын өзгерте алатынына күмəн келтiрдi. Оның бұл көрегендiгiн бүгiнгi күннiң адамзат баласының тағдыры, яғни “прогрестiң кейбiр қайғылы iздерi, салдарлары” айқын көрсетiп отырған сияқты. Руссо ғылым мен өнердiң жандануы қоғамдық прогреске нұқсан келтiргенiн дəлелдеуге тырысты. Оның ойынша, ғылым мен өнердiң дамуына байланысты “адамдардың” табиғи жағдайы бұзылады, адамгершiлiккерi кетедi, қоғамдық теңсiздiк орын алып, адамның бостандық сезiмi аяққа басылады. Ол былай деп көрсеттi. “Адам еркiн болып туады, бiрақ ол өз тiршiлiгiн əрқашанда күреспен өткiзедi” ( Об общественном договоре. Книга первая, глава 1). Күн тəртiбiне қойылған бұл ойлар мен пiкiрлерге қарап Русо өркениеттiң рахатынан мүлде бас тартып, өткенге, яғни “тағылыққа” қайта шақырған екен деген түсiнiк туып қалмауы керек. Ол адамзат болмысының қарама-қайшылықтарф адамның алғашқы қауымдық құрлыстан бастап өркениетке деген құлшынысы жолындағы тарихи қозалысының қарама-қайшылықтарынан келiп туындайтын көрсете бiлдi. Қалай болғанда да, Руссо жаңа ғана туындап келе жатқан “буржуазиялық мəдениеттi” сынай отырып “табиғи адам” ретiнде көне заманның “тағы” адамдарын ерекше бағалаған. Бұзылған жəне моральдық жағынан азғынданған “өркениеттi” ұлттарға Руссо патриархалдық даму сатысында өмiр сүрген адамзат қоғамдарының тазалығы мен адамгершiлiк қасиеттерiн қарсы қойды. Адамзатты қоғамдық-тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бiрi – Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесiмдiлiк мəселлерiне, оның заңдары мен ережелерiнебаса назар аудару негiзiнде “адамзат баласының үздiксiз дамуы” идеясын алғашқы рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дəуiрдi басынан кешiредi- “құдайлар ғасыры”, “батырлар ғасыры” жəне “адамдар ғасыры”.
Ұлы немiс философы Иманнуил Кант (1724-1804) ақыл-ойға табынған. Ол француз ағартушыларының дүниенiң негiзiнде “ақиқат”, “қайырымдылық”, “сулулық” деп есептейтiн идеяларын қолдай отрып, мəдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша қарастыруға əрекет жасады. Осы орайда Канттың “мен үшiн екi құпия нəрсе бар”, олар: жұлдызды аспан мен адамның iшкi рухани дүниесi” деген қағидасы кеңiнен таралғандығын атап өткен жөн. Болмыстың адамгершiлiк( моральдық) жағына ерекше мəн бере отырып, ол мəдениеттi адамды хайуандардан айыруға мүмкiндiк беретiн құдайдың адамға берген ерекше қабiлетi деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен iзгiлiк қасиеттердi “келiсiмдi императив” деп атады. Кант этикасының негiзгi заңы бойынша, адамға тек “құрал” деп қарауға күнə болып саналады. Дəл осыған ұқсас идеяларды Спиноза, Фейербах, Маркс, рейд сияқты ұлы философтар да айтқан болатын. Демек, Канттың ұғымынша, “мəдениет- табиғаттан бостандық патшалығына “ бара жол, ендеше Кант iлiмiнiң маңыздылығы-оның мəденеттi гуманистiк тұрғыдан қарастыруында.
Х1Х ғасрда мəдениет мəселелерiмен тығыз айналсқан ғалымдардың бiрi ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. Ол “мəдениет жөнiнлегi ғылым –реформалар жөнiндегi ғылым” деп тұжырымдай отрырып, мəдениеттi үздiксiз даму үстiндегi процесс деп қарастырады. Тайлор өркениет кең, əрi этнографиялық мағынада – бiлiмнен,наным-сенiмдерден, өнерден , адамгершiлiктен, заңдардан, салт-дəстүрлерден жəне қоғамның мүшесi ретiнде адамның игерген дағдылары мен түрлi қабiлеттерiнен құралады деп есептедi. Нақты идеяалды тұрғыдан қарастырсақ, мəдениет жеке адам мен бүкiл қоғамды адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетiлдiру болып табылады. Демек ,Тайлор мəдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегiнiң жемiсiнiң тiзбектерi ретiнде, дəлiрек айтқанда, материалдық жəне рухани құндылықтар ретiнде қарады. Тайлордың iлiмiнде барлық заттар мен идеялар бiр-бiрiнен туындап жатады. Мұндай көзқарасты эволюциялық деп атау дəстүрге айналған. Оның ойынша. Барлық ұлы адамдар өзiнен бұрынғы əрiптестерiнiң шығармашылығын жетiлдiрiп, не соған сүйенiп отырады. Тайлордың басты жаңалықтарының бiрi- мəдениет атауларының бастамасы, тiптi негiзi болып табылатын дiнiң шығуының анимистiк теориясын өмiрге келтiруi. Бұл теория бастапқы қандай дiн болса да(Тайлор оны “кiшкентай дiн” деп атаған) “тағы(дикарь) философтың” жанның қабiлетiне, рухтың адам денесiнен бөлiнiп шығатынына деген сенiмнен шықты деген тұжырымға негiзделегн. Бiздiң көне замандағы ата-бабларымыз үшiн жұмбақ болған түс көру, галлюцинация, летаргиялық ұйқы, өлiп- тiрiлу жəне т.б. түсiнiксiз табиғат құбылыстары “кiшкентай дiннiң” қалыптасуына əсер еттi. Егер Кантта, мəдениеттiң мағынасы адам бойындағы хайуандық сезiмдiк бастауды ақыл-ойдың немесе адамгершiлiктiң(моральдың) көмегiмен жеңуге əкелiп тiресе, ұлы ойшылдардың бiрi Фридрих Вмьгелм Шеллинг (1775-1854) мəдениеттi естетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгерудi басты орынға қойып, мəдениеттiң басты мазмұны-адамдардың көркемдiк қызметi деп жариялады. Шеллингтiң эстетикалық көзқарастары оның “өнердiң философиясы” ( 1802-1803) атты еңбегiнде толық баяндалған. автор бұл кiтабында адамның көркемдiк шығармашлықтың артықшылығын, тiптi өнердiң ғылымнан да, адамгершiлiктен де жоғары тұратындығын дəлелдеуге тырысқан.