Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Махаббаттың жеті кереметі)

0

Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Махаббаттың жеті кереметі) казакша Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Махаббаттың жеті кереметі) на казахском языке

Біріншісі — СЕНІ КӨРУ — көз алдымнан күн сайын,
Екіншісі — СЕНІ СЕЗУ — жан-тәніммен түн сайын…
Үшіншісі — СЕНІ ҚОЛДАУ — бар күнәңді кешіру,
Төртіншісі — СЕНІ ҚОРҒАУ — мерейіңді өсіру,
Бесіншісі — СЕНІ ТЫҢДАУ — шын ниетпен, төзіммен,
Алтыншысы — СЕНІ СЫЙЛАУ — шаттық сезіп көзіңнен,
Жетіншісі — СЕНІ СҮЮ — артық көріп Өзімнен…