Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Тас дәуірін кезеңдерге бөлу. Адам баласының пайда болуы, даму эволюциясы.» 10 сыны

0
САБАҚ Мектеп: А.Жами ЖОМ Күні: Мұғалімнің есімі: Кенжеева Улбосын СЫНЫП: 10Тақырыбы: Тас дәуірін кезеңдерге бөлу. Адам баласының пайда болуы, даму эволюциясы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Адам баласының пайда болуы және оның дамуы, ежелгі тас дәуірі, тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы Палеолит кезеңінің зерттелуі туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтінмен жұмыс жасай алады, суретке қарап әңгіме құрастыра алады Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты еске түсіру барысында оқушылардың басым бөлігі сұрақтарға жауап бере алады. Мәтінді талдай алады. Кейбір оқушылар: Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады, салыстырады, шығармашылық тапсырмалар орындай алады Бағалау критерийлері:(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) Тірек тақырыптармен жұмыс жасай аладыКестемен толтыра аладыТірек-сызбаны толтыра отырып, салыстыра алады.Сұрақтарға жауап бере алады. Тілдік мақсат Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым Терминология: хронологиялық шеңбері, палеолит, мезолит, неолит, Homo sapiens Сөз тіркестері: тарихи кезеңдер атауы, тарихи уақыт шеңбері Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік Ел» — бұл — тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Пәнаралық байланыстар Биология, география АКТ қолдану дағдылары Графопроектор, бейнежазба Алдыңғы оқу/Бастапқы білім 6-9 сыныптарда алған білімдері Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Басталуы Ұйымдастыру кезеңіҮй тапсырмасын сұрау: Тірек-тақырыптарды талдау:

  • Адам баласының пайда болуы және оның дамуы
  • Ежелгі тас дәуірі
  • Орта палеолит және соңғы палеолит
  • Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы
  • Сұрақ-жауап әдісімен:Оқушыларға берілетін сұрақтар:

  • Қазақстан тарихы курсы қандай кезеңдерден тұрады?
  • Тас дәуірі нешеге бөлінеді?
  • Тас дәуірінің хронологиялық шеңберін атаңдар.
  • Қола дәуірінің хронологиялық шеңбері.
  • Қола дәуіріндегі өмір сүрген тайпалар?
  • Темір дәуірінің хронологиялық шеңберін ата.
  • Темір дәуіріндегі өмір сүрген тайпалар?
  • Өтпелі кезең деп қай кезеңді атаймыз?
  • Оқулық Ортасы Жаңа тақырыпты меңгерту.Тірек-сызбамен жұмыс: Қазақстан картасы

    Оқулық

    Кестемен жұмыс

    Оқушылармен тірек-сызба жұмысын жүргізу.

    Оқушыларға толтыру үшін кесте ұсынылады.

    Ежелгі Қазақстанның тарихи кезеңі

    Кеспе қағаздар

    Аяқталуы Сабақты бекіту.Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу. Сұрақтарға жауап іздеу.Оқушыларды бағалау. Смайликтер Қосымша ақпарат Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
  • Бүгін оқушылар не білді?
  • Сыныптағы ахуал қандай болды?
  • Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
  • Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
  • Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
  • Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1.2.