Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

0

Акцияның мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардар болуын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.

2019 жылдың 1-10 ақпаны аралығында Қазақстанда #IAmAndIWill ұранымен кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық акция өтуде.

Өткен жылы Үкімет Қаулысымен 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.:

1. Тәуекел факторларын басқару және алдын алу

2. Жоғары тиімді ерте диагностика

3. Онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу

4. Кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту

Жыл сайын Қазақстанда қатерлі ісіктің 35 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 179 мыңға жуық қазақстандық тұр. Жылына онкологиялық аурулардан шамамен 15 мың адам қайтыс болады.

Онкологиялық аурулардың ішінде 1 орында – сүт безі қатерлі ісігі (12,6%), 2 орында – өкпе қатерлі ісігі (9,9%), 3 орында – асқазан қатерлі ісігі (7,4%), 4 орында-жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісігі (4,7%) тұр.

Негізгі фактілер

Қатерлі ісік әлемдегі өлімнің екінші негізгі себебі, 2018 жылы 9,6 миллион өлімнің себебі осы аурудан болған. Бүкіл әлемде алты өлімнің біреуі қатерлі ісіктен болады.

Обырдан болатын өлім-жітімнің 70% табысы төмен және орташа елдерде орын алады.

Қатерлі ісіктен болатын өлімнің үштен біріне 5 фактор әсер етеді: дене салмағының жоғары индексі, жемістер мен көкөністерді аз тұтыну, дене белсенділігінің жоқтығы, темекі мен алкогольді тұтыну.

Темекіні пайдалану қатерлі ісіктің даму қаупінің ең маңызды факторы және шамамен қатерлі ісіктен болатын 22% өлімге себепші.

Қатерлі ісіктің экономикалық салдары айтарлықтай өсті. 2010 жылы обырдан болатын жиынтық жылдық экономикалық шығын 1,16 трлн $ шамасында бағаланды. Төмен және орташа табыс деңгейі бар бес елдің біреуі ғана обырға қарсы күрес саясатын жүргізеді.

Дереккөз: http://egemen.kz/