Құрманай Бақтиярқызы плагиат әндерге сөз жазатынын мойындады — новости Казахстана

0

Танымал сазгер Құрманай Бақтиярқызы плагиат әндерге де сөз жазатынын айтты. Бұл жайында ақын «Өз ойым» бағдарламасында хабардар етті деп жазады NUR.KZ.

Сазгер өзіне ұнаған әннің плагиат екеніне қарамайтынын жеткізді.

«Плагиатқа көзқарасым өте тамаша. Менің ең алғаш атым «Толғанай» әнімен шықты. Ол да орыстың әні. Ән көңілге ұнаса, біз қазақшасын тігісін жатқызып жазамыз. Қай әннің кімнің бағын жағатыны біздің қолда емес», — дейді Құрманай Бақтиярқызы.

Сонымен қатар ақын ең алдымен әннің әуеніне мән беретінін жасырмады.

«Ән ұнаса, қандай сөз жазу керектігін ойланамын. Тақырыпты да мен шешемін ғой. Маған адам келіп тұрса, ән ұнаса, «Сен плагиат айтайын деп жатырсың» деп несіне тәлпіштенемін? Ол маған ақша төлейін деп жатыр ғой. Ақша төлейді деп, нашар сөзді де жаза салмаймын. Ізденемін. Дұрыс дүниені өмірге алып келуге тырысамын», — деп ағынан жарылды сазгер.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz