Өзбекстанда күйеу жігіт әзілдемек болған қалыңдығының сазайын тартқызды
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Ер адам той кезінде қалыңдығын шапалақпен тартып жіберді
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Өзбекстанда өткен тойлардың бірінде күйеу жігіт қалыңдығына қол көтерді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Видеодан көрініп тұрғандай, жас жұбайлар дәстүр бойынша шығыс тәттілерінен бір-біріне ауыз тигізбекші болады.
Жас жігіт тәрелкедегі тәттіні алып, қалыңдығына жегізеді. Қыз да дәл солай жасамақшы болады, алайда соңғы сәтте күйеуімен әзілдемек болып, қолын тартып қалады. Қалыңдығының қалжыңын түсінбеген ер адам ашуға булығып, жұрттың көзінше қызды шапалақпен тартып жібереді. Соққының қатты болғаны соншалық, қалыңдық артта тұрған орындыққа құлаған.
Күйеу жігіттің әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/