«Тобыл» Сенин Себаи үшін 50 мың доллар төлеген

0

«Тобылдың» директоры Николай Панин команда сапына шабуылшы Сенин Себаидің ауысуы жайында айтты.

Бұған дейін БАҚ беттерінде қостанайлық клуб Сенин Себаидің трансфері үшін «Тамбовқа» жарты миллион еуро төлегені жайында ақпарат жарияланған болатын.

«Бізге өте қажетті шабуылшының ауысуы үшін «Тамбов» футбол клубымен трансферлік келісімге келдік. Бірақ журналистер мұнда да асығыстық танытып, бәрін асырып көрсеткен. Сенин Себаидің «Тобылға» 500 мың еуроға ауысқаны жайында ақпарат шындыққа жанаспайды. Себаи үшін 50 мың доллар төледік. Мұны тексеру оңай, Тамбовқа сұратым жіберсеңіз, олар растайды», — деді Панин клубтың баспасөз-қызметіне.

Сондай-ақ, «Тобылдың» директоры алдағы маусымда клубтың бюджеті 3 миллиард теңге болатынын мәлім етті.

Айта кетейік, биыл «Тобыл» Қазақстанның намысын Еуропа лигасында қорғайды.



prosports.kz