Ресейде балалар мінген автобус аударылып, 7 адам қаза тапты (фото, видео) — новости Казахстана
Ресейдің Калуга-Вязьма тас жолында автобус жол апатына ұшырап, жеті адам қаза тапты. Олардың төртеуі балалар деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қаза болғандар жайлы ақпаратты өңірдің ІІБ растаған.
«Жол апатынан жеті адам қаза тапты олардың арасында төртеуі балалар», — деп хабардар етті баспасөз хатшысы Наталья Горохова.
Жол апаты үшінші ақпан күні Мәскеу уақытымен 9:15-те (Астана уақытымен 12:15-те) болған. Автобус Калуга:-Вязьма та жолында аударылған. Көлік балаларды жарысқа апара жатқан екен. Бар ақпаратқа сүйенсек, салонда 48 адам болған. Олардың 33-і бала.
Оқыс оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Автобустың жеке кәсіпкерге тиесілі болғаны айтылуда.
Жолаушылардың тізімі Life Shot-тың телеграм-каналында пайда болған.
Дереккөз: kaz.nur.kz