Air Astana ұшағында жолаушы әйел қайтыс болды — новости Казахстана
Делиден Алматыға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағында жолаушы әйел қайтыс болды деп хабарлайды Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Белгісі марқұм 67 жастағы қазақстандық әйел болған. Әйел адам ұшар алдында өзін жайсыз сезінген. Сондықтан оның билетін келесі күнге ауыстырған. Алайда ұшу кезінде әйелдің жағдай күрт нашарлаған.
Әйелдің онкологиямен ауырғаны белгілі болды. Алматы әуежайында жәдел жәрдем қызметкерлері жолаушының өлімін тіркеген.
Дереккөз: kaz.nur.kz