«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойларын дамыту»
«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойларын дамыту»
Автор: Сарсенбаева Асылгул Мусаевна
Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-02-02
Материал туралы қысқаша түсінік
«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойларын дамыту» тақырыбындағы баяндама бұл мұғалімдерге қажет. Өйткені қазіргі технологияның дамыған заманында мұғалімдерге талапта жылдан- жылға артып келеді. Сондықтан әрбір мұғалім жан-жақты өз білімін дамытып, үнемі ізденіп білімін арттырып отыру керек. Ол үшін бір-бірімізбен тәжірибе алмасып отыруымыз қажет.
Баяндама
Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
арқылы оқушылардың ойларын дамыту
Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева
Асылгул Мусаевна
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың
ойларын дамыту
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің деңгейлік біліктілігін арттыру курс бағдарламасының нәтижесі – жаңа заманға сай, еркін, өзінің ойын еш кедергісіз жеткізе алатын, сыни пікір-көзқарастары жан-жақты дамыған, сандық технологияларды тануға бейім белсенді жеке тұлға қалыптастыруды қамтиды. Бізге ұсынылған курстың негізгі бағдарламасы — әр мұғалім оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жеті модульді практикада тиімді қолдана білу.
Сондықтан да 2013-2014 оқу жылының алғашқы күнінен бастап Әдебиеттік оқу, Дүниетану сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясындағы Топтау, ойлау, жұптау тағы да басқа көптеген әдістерді тиімді қолдандым. Топқа бөлу барысында оқудың алғашқы кезеңінде көптеген қиыншылықтар болды. Өйткені оқушылар топтау әдісіне бейімделмегендіктен, сыныпта тәртіп болған жоқ. Оқушылар бір- бірінің сөзін тыңдауды, сыйлауды мүлдем білмегендіктен, сыныптағы оқушылар арасында келіспеушіліктер болып, шулап кетті. Сондықтан оқушыларды Алтын ережемен таныстырып, сыныпқа іліп қойдым. Содан кейін смайликтер, ою-өрнектер, жеміс-жидектер көкөністер, геометриялық пішіндер т.б заттар арқылы топқа бөлдім. Топқа бөлудің бұл тәсілі де оқушылардың көңіл күйлерінің көтерілуіне әсер етті. Сөйтіп оқушылар топқа бөлу әдісін біртіндеп үйренді. Ал Алтын ережені үнемі қолданып отырдым. Әдебиеттік оқу, дүниетану сабақтарында әр топқа жеке тапсырмалар беріп, топтың көшбасшысын анықтап, топқа жеке тапсырмалар беріп, постер қорғағанда, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары дамып, белсенділіктері артты. Сыныптағы Бекжан, Жансара деген оқушылардың қабылдау қабілеттері өте төмен болатын, олар 1-2 сыныпта тек 42 әріпті үйреніп, дыбыстарды қосып оқуды үйрене алмаған еді. Олармен қосымша сабақтар өткізгенмен, ешқандай нәтиже болған жоқ. 3-сыныптан бастап, сыни тұрғыдан ойлау технологиясындағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы осы оқушылардың өзіне деген сенімділігі артып, сөйлеуді үйрене бастады. Оқу жылының аяғына дейін Бекжан мен Жансара мәтінді жүргізіп оқуды, Қазақ тілінен диктант жазуды үйренді. Өзге оқушылармен қарым-қатынасы орнады. Бұл оқушыларға басқа оқушылардың көзқарасы өзгеріп, көмек беріп, олардың қабілеттерінің ашылуына көп көмектесіп отырды. Күнделікті сабақта Есте сақта, Кім жылдам, Молекула, Сыңарыңды тап т.б ойындарын пайдаланып отырдым. Топ ережесі үнемі сақталды. Әдебиеттік оқу мен дүниетану сабақтарында мәтінді үзіп оқу бойынша топтарға тапсырма берілді.Топтарға мәтіннен үзінді беріліп,топта оқушылар бірлесе жұмыс жүргізіп, өздерінің ойларымен жалғастырып, өздерінің ұсыныс — пікірлерін еркін айтуға, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір сабақ кезеңі оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп,баланың тереңде жатқан ойын дамытып сөйлетуге баулыдым. Күнделікті сабақ сайын оқушылардың сабақты қаншалықты деңгейде меңгергендігін анықтау мақсатында Басбармақ, стикерді, ауа райына болжам тағы басқа да кері байланысты қолданып отырдым. Мысалы: Бағдаршам
Бaғдaршaмда үш түрлі түсті қағазды қолдандым.
1.Бүгiнгi caбaқтa бiлдiм,үйрендiм?(жacыл cтикер)
2.Қиындықтaр кездеcтi,бiрaқ жеңе бiлдiм. (caры cтикер)
3.Түciнбедiм,үйренбедiм (қызыл cтикер)
Сабақ сайын сабаққа түсіндім деген оқушылардың саны артып, жасыл стикерді көрсетіп отырды.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының қағидаларын тиімді пайдаланудың нәтижесенде үш оқушы, мектепішілік Кіші ғылыми конференциясында жүлделі орындарға ие болды. Жиенбай Бейбарыс Алоэның емдік қасиеті, Байсын Расулла Пияздың пайдасы, Мухиядин Жансая Киіз тақырыптарын қорғаған кезде өз ойларын еркін жеткізе білді. Бұл оқушылар тақырыптарын қорғау барысында нақты дәлелдер келтіре отырып, сөздік қорларының, қабілеттерінің дамығандығын, білім сапаларының жоғары деңгейде екендігін көрсете алды. Сондықтан да Жиянбай Бейбарыс екінші орынды иеленсе, Байсын Расулла мен Мухиядин Жансая алғыс хатпен марапатталды. Қарағанды қаласында Халықаралық Мен-зерттеушімін байқауы шеңберіндегі мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылары арасында өткен облыстық фестивалға белсене қатысып, алғыс хат алды. Оқушылардың 1-2 сыныптағы білім сапалары төмен көрсеткішті көрсеткен болса, 3- сыныпта оқушылардың белсенділіктері артуына байланысты білім сапалары жоғары көрсеткішті көрсетті.
Мен тек оқушылармен ғана жұмыс жүргізумен шектелген жоқпын. Тәлім алушы Байменова Аякөзбен жыл бойы жұмыс жүргізіп, үнемі тығыз қарым-қатынаста болдым.Тәлім алушы Аякөзбен сaбaқ жоcпaрын бiрге құрacтырып бiртiндеп caбaқтың жүру бaрыcын, құрылымын өзгертіп, сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолдануға бағыт-бағдар беріп, бiртiндеп aлғa жылжыдық. Жaңaшa тәciлмен жоcпaрлaнғaн caбaқтың бaрыcындa және кейiн оқушылaр дa, мұғaлiм де caбaқтaн өте жақсы әсер алғандары олардың жүздерiнен көрiнiп тұрды. Аякөздің жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып өткізілген әрбір сабағынан кейін, оқушылaр оcындaй caбaқтaр жиi болca, caбaқ қызықты болды, шіркін күнделікті сабақтар осылай өтсе екен, бiз бәрiн түciндiк, меңгердiк деп шынaйы көңiлдерiн бiлдiрiп жaтты. Сондықтан тәлім алушы Аякөзбен жыл бойы өткізетін сaбaқтарының жоcпaрын да бiрге жоспарладық. Соның нәтижесінде тәлім алушының оқушыларының да білім сапалары жоғары көрсеткішті көрсетті.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің үнемі сабақтарына қатысып, сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білулеріне көмек беріп отырдым. Жоғарғы буын мұғалімдерінің арасында Сыни тұрғыдан ойлау тақырыбында коучинг өткіздім. Мектеп көлемінде Инновациялық әдіс-тәсілді оқу үрдісінде пайдалану тақырыбында коучинг өткіздім. Осы коучингің нәтижесінде мұғалімдер өздерінің сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану арқылы, тәжірибелері артты. Ал,өзімнің тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушыларым көптеген жетістіктерге жетті.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.