Жаркентте ең аласа бойлы 42 жастағы азамат төрт дипломды аруға үйленді — новости Казахстана

0

Алматы облысы Жаркент қаласы Аққұдық ауылының ең кішкентай бойлы тұрғыны Ардақ Бекишев төрт дипломды аруды жар етті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Жаркентте ең аласа бойлы 42 жастағы азамат төрт димпломды аруға үйленді

Ардақ Бекишев жарымен. Фото: отбасылық мұрағаттан

Ардақ — туа бітті гипофизоарный нанизм (бойдың өспеуі) дертіне шалдыққан, екінші топтағы мүгедек жан. Яғни, 42 жасқа келген азаматтың бойының биіктігі небәрі 135 см.

Жаркент тұрғыны өзі секілді аласа бойлы аруды әлеуметтік желіден тауып, бірден ғашық болғанын айтады.

Жаркентте ең аласа бойлы 42 жастағы азамат төрт дипломды аруға үйленді

Ардақ Бекишев жарымен. Фото: отбасылық мұрағаттан

«Жаркент қаласындағы бойы ең қысқасы менмін. Жасым қырықтан асқанша үйленбей жүруімнің басты себебі — мені түсінетін, өзім тағдырлас жанды жолықтыру.

Гаухармен біз секілді жандарға арналған желіде танысып, үш айдан соң үйленуге бел будым. Гаухар да мен секілді аласа, бойының биіктігі 130 см», — дейді Ардақ Бекишев.

Гаухар Төлегенова ОҚО Мақтарал ауданының тумасы. 1979 жылы өмірге келген келіншек осы уақытқа дейін бірнеше оқу орнын тәтәмдап, төрт дипломға қол жеткізген.

Жаркентте ең аласа бойлы 42 жастағы азамат төрт дипломды аруға үйленді

Гаухар Төлегенова. Фото: отбасылық мұрағаттан

Бүгінде жас отбасы Жаркент қаласында тұрып жатыр.

«Дүркіретіп, үлкен той мен құдалықты күзде жасасақ деп отырмыз. Гаухарға ақ орамал салып, бірге тұрып жатырмыз.

Туыстарымыз екеуміздің үйленуімізге еш қарсылық білдірмеді, керісінше, теңімізді тапқанға қатты қуанды. Арманымыз — үлгілі, үбірлі-шүбірлі жанұя болу», — дейді Ардақ Бекишев.

Дереккөз: kaz.nur.kz