Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты

0









Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты

Автор: Серкешова Жадыра Болатқызы

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 5 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-01


Материал туралы қысқаша түсінік

Сабақ ҚМЖ 5 сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға көп көмегі бар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5.1.А. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Мектебі
Күні Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып. 5 Қатысқандар – Қатыспағандар –
Сабақтың тақырыбы Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.2.2.5 Әлкей Марғұланды ғалым-археолог ретінде айқындау

5.2.2.2 Археологиялық деректерге суйене отырып Андронов мәдениетінің белгілерін анықтау

Сабақ мақсаты Барлық білім алушылар: Әлкей Марғұланды ғалым-археолог ретінде айқындайды, Археологиялық деректерге суйене отырып Андронов мәдениетінің белгілерін анықтайды.Басым білім алушылар:Андронов мәдениетінің картадан орналасқан аймақтарын көрсетедіКейбір білім алушылар: Әлкей Марғұланды жеке тұлға,ғалым-археолог ретінде сипаттайды,оның жаңалықтарын сипаттайды
Ойлау деңгейлері Білу, түсіну
Бағалау критерийі
  • Әлкей Марғұланды ғалым-археолог ретінде айқындайды,
  • Археологиялық деректерге суйене отырып Андронов мәдениетінің белгілерін анықтайды.
  • Андронов мәдениетіескерткіштерінің картадан қайда орналасқанын көрсетеді
  • Әлкей Марғұланды жеке тұлға, ғалым-археолог ретінде сипаттайды,оның жаңалықтарын анықтайды
  • Тілдік мақсаттар 1 Оқылым: Оқулықтан мәтін оқиды2 Жазылым:Постер жазады 3 Айтылым:Пікірлерін айтады4 Тындалым:Бір-бірінді тыңдайды Терминдер; Археология, Ғалым,Археолог, Мәдениет
    Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілің бір тұтастығын ұлы ғалымдарға, академиктерге, тарихи тұлғаларға құрметпен қарау арқылы баулу
    Пәнаралық байланыс «Қазақстан тарихы», «Жаратылыстану»Осы пәндердегі алған білімдерімен пәнаралық байланыс жасаймын
    Алдыңғы білім Археологтар Қазақстан жерін зерттелуін сипаттайды

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
    Сабақтың басы 1-2 минут

    7 минут

    Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылармен амандасу, түгендеу.2) «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар шаттық шеңберін құрып бірбіріне жылы лебіздерін білдіреді.3) Уәждеу, қызығушылықтарын ояту.«Серпілген сауал» әдісі бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп жаңа сабаққа өту.1 Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?2 Қандай алғашқы адамдарды білесіндер?3 Археологтар Қазақстан жерінен қандай олжаларды тапты?М. Тақырыптың атына назар аударады, мақсаттарына жету жолдары пікір алмасып, болжайды.
    Сабақтың ортасы

    25 минут

    «Мозаика» әдісі бойынша топқа бөлу.«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі:  1-тапсырма ЖТЖаңа тақырыпты меңгеру үшін Ә. Марғұлан туралы ақпарат үш топқа бөлініп  беріледі. Бұл әдіс бойынша оқушылар берілген тақырыпты жекелей оқып, топта жұптасып,сосын топпен талқылайды.Дескрипторы:Ә.Марғұлан археологиялық экспедициялар құрып, қола дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі ескерткіштерінің сырын ашты.Кері байланыс«ССС» (сенім, сезім, сыйластық) арқылы аламын.

    Т. 2 тапсырма«ДЖИГСО 2»әдісі  Мәтінді оқыды, топ ішінде талқыланды 4 топқа бір-бір тапсырма берілді.Зерттеу мәселесі

  • Топ Әлкей Марғұлан қола дәуірінің қандай ескерткіштерін тапты, олар қайда орналасқан (картамен жұмыс)
  • Топ Әлкей Марғұлан анықтаған археологиялық ескерткіштерінің сыры неде? (картамен жұмыс)
  • Топ Андронов мәдениеті ескерткіштерін Беғазы-Дәндібай мәдениетімен салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, Т кестесін құру (+/-), (картамен жұмыс)
  • Топ Андрон мәдениетінің белгілерін анықтайды. (картамен жұмыс)
  • II Кезен №1 №2 №3, №4 нөмірге сәйкес жаңаданқұрылған екінші топтар өз мәселесін түсіндіреді,картадан қола дәуірінің ескерткіштерінің орналасқан жерлерін көрсетеді, топтастарымен талқылайдыКері байланыс: 2 жұлдыз, 1 ұсыныс

    ЖТ. Тапсырма 3. «Өзінді тексер» тестЕжелгі Қазақстан. Қола дәуірі1. Андронов тайпалары қашан өмір сүрген?а) темір дәуіріә) қола ғасырыб) тас ғасырыв) тастан мысқа өтпелі кезеңде2. Қола ғасыры орталық Евразия континентінде қай мәдениетпен байланысты?а) түркі мәдениетіә) сақ мәдениетіб) скиф мәдениетів) андронов мәдениеті3. Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш қашан табылды?а) 1924 ж.ә) 1950 ж.б) 1914 ж.в) 1921 ж.4. Андронов тайпалары тұрғылықты мекен-жай үшін (б. з. б. XVIII-VIII ғғ.) нені пайдаланған?а) үңгірлердіә) ағаш үйлердіб) киіз үйлердів) балшық үйлерді5. Андроновтарға бағалы болған малдың түріа) сиырә) жылқыб) қойв) ешкіТест тапсырмалар арқылы оқушының тақырыпты қалайша меңгергендігін анықтауды мақсаттайды. Тест тапсырмаларын дәптерлеріне орындайды. Жұптарымен дәптерлерін ауыстырып, дұрыс-қателерін тексереді.

    Кері байланыс: Смайликтер.арқылы

    Мәтін
    Сабақтың соңы 10 минут Рефлексия.«3, 2, 1» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекіту. 3 қызықты ақпарат, 2 есте сақтайтын нәрсе, 1 сұрақ

    Үй жұмысы Ә. Марғұланды ғалым туралы эссе жазып келу







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.



    Загрузка...

    ПІКІР ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз