Сауық-сайранды ұнататын әйел алты айлық баласын шатырда қинап өлтірген — новости Казахстана

0

АҚШ-тың Мичигана штатында тұратын 23 жастағы ана Лавили Джонсон баласын қинап өлтіргенін мойындады. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: facebook/Lovily Johnson

Фото: facebook/Lovily Johnson

Безбүйрек ана 6 айлық cәбиін көліктің креслосына байлап, 32°C температура көрсетіп тұрған шатырдағы жатын бөлмеге қалдырып, өзі сауық кешіне кеткен.

Анасы көңіл көтеріп, есірткі қолданып жүргенде, нәресте ыстықта сусыз, тамақсыз үш күн жатқан.

Ол баласын есіне түсіргенде, нәресте қайтыс болыпты.

Безбүйрек ана сәбиді балалар ауруханасына өзі апарған.

Бірнеше сағат өткен соң, оны тұтқындаған.

Судьяның айтуынша, бұл сұмдық жағдай Лавили Джонсонның ауыр балалық шағымен байланысты екен. Әйел басынан өткен жағдайды өз баласына қайталаған.

Джонсон соттан кешірім беруін өтінген. Сондай-ақ, егер баласы үшін жанын беру керек болса, оған дайын екендігін білдіріпті.

Бірнеше сот отырысынан кейін қылмыстық іске байланысты үкім шыққан. Сот безбүйрек ананы 20 жылға бас бостандығынан айырыпты.

Оның 4 жастағы қызы арнайы ұйымға табысталған.

Фото: facebook/Lovily Johnson

Фото: facebook/Lovily Johnson


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz