Индонезияда цунамиден 4340 адам көз жұмды
Астана. 31 қаңтар. KAZISLAM – Индонезияда 2018 жылдың 28 қыркүйек күні Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан 4340 адам мерт болды. Бұл туралы Antara ақпарат агенттігі хабарлады.
Орталық Сулавеси провинциясының губернаторы Лонгк Джангголдың айтуынша, апаттан қаза болғандардың басым бөлігі Палу қаласында тіркелген, онда 2141 адам көз жұмған. Сонымен қатар Сиги ауданында – 289, Донгола қаласында – 212 және Париги – 15 адам қайтыс болған.
Провинция губернаторы сондай-ақ әлі 667 адам із-түзсіз кеткендер қатарында екенін, тағы 1016 адамның тұлғасы анықталмағанын жеткізді.
Дереккөз: http://kazislam.kz/