Ақтауда қандаланы қырмақ болғандар көршінің 6 жасар баласын өлтіріп алды

0
151
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Бүлдіршіннің қай затты қолданғаннан көз жұмғаны әлі анықталмады. Полиция тексеру жұмысын әлі жалғастырып жатыр

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Көршінің үйіндегі дәрілеуден кейін алты жасар баланың көз жұмуына қатысты әзірге ешкім қамауға алынған жоқ. Сондай-ақ қандаланы қандай препараттың көмегімен улағаны да белгісіз болып отыр, деп хабарлайды «Лада» газеті.

Ағасымен бірге ауруханаға түскен бес және төрт жасар басқа балалар үйге жіберілді. Облыстық балалар ауруханасының жетекшісі Кәмшат Тұрсынбекова олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты.

«Пәтерлерден сынама алынды. Олардың барлығы жабық тұр. Қандаланы қандай затпен қырмақ болғаны белгісіз. Себебі оны қолданған әйел атын еске түсіре алмады және қабын қоқысқа тастаған. Екінші пәтерде «Агран» қолданылған. Оны Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген және арнайы сертификаты бар. «Улы еместер» тобына жатады», — деді Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Тағы оқыңыз: Жаңа туған нәрестені ата-анасы бақсының кеңесімен көміп тастады

Полиция қызметкерлері тергеу жұмысын жалғастырып жатыр. Олар көз жұмған баланың көршілері препараттарды сатып алған сауда орындарын тексеріп жатыр. Әзірге ешкім ұсталған жоқ.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/