балаларды орман жануары кірпімен таныстыру

0
Білім беру саласы: Шығармашылық, коммуникация
Бөлімі: Сурет салу, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»
Мақсаты: Білімділік: балаларды орман жануары кірпімен таныстыру,
Дамытушылық: Бастыру әдісі, ойын арқылы ұсақ қол бұлшық еттерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер, қажетті құрал — жабдықтар: демонстрациялық материалдар және слайд. Қара бояу, шанышқы,
Билингвальды компонент: кірпі — ежик — Hedgehog
Оқу іс — әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық — қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарға құрметпен,
Бас иеміз біз. Шаттық шеңберін айтады.
Ұйымдастыру — шылық — ізденістік — Балалар, жұмбақ шешіп көрейікші. Жауабын тапсаңдар бүгін сендермен сол жануар туралы қызық деректермен бөлісемін.
Тұмсығы бар түймеден,
Тон жамылған инеден.
— Дұрыс, кірпі. Енді назарымызды слайдқа салайық. Кірпінің дене құрылысы, өмір сүру жағдайы туралы ақпарат беру.
— Енді балалар, мына суретте кірпіге не жетпей тұр?
— Шанышқыны алдымызда тұрған сұр сияға малып, кірпінің үстіне бастырсақ тікенек пайда болады.
Сергіту сәті: «Кірпімен қара жорға билейік»
Кірпі- тікенек

Видеоға қарап билейді.
Рефлексиялық — түзетушілік Ойын: «Кірпіні тамақтандырамыз»
Мақсаты: балалардың іс — әрекет бойынша алған білімдерін қорытындылау, ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Шарты: кірпінің үстіне алма, саңырауқұлақ, шаянды жабыстыру.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Кірпі туралы мәліметтерді
Игереді: бастыру арқылы сурет салуды.
Меңгереді: таза, ұқыпты болуды.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/