Саудиялық шенеуніктер жемқорлық бабымен қызметтен қуылды

0

Астана. 30 қаңтар. KAZISLAM – Сауд Арабиясында 126 шенеунік жемқорлықпен айыпталып, қызметтен қуылды. Муниципалит ведомствосының хабарлауынша, аталмыш шенеуніктер 15 қалада, оның ішінде Рияд және ел астанасы Жидда қалаларында лауазымдарын асыра пайдаланғанын жариялады, деп жазады Islam-today.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың соңында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман жемқорлыққа қарсы күрес компаниясына бастамашы болған еді. нәтижесінде жүздеген шенеунік, саясаткер, бизнесмендер, тіптен корольдік әулеті мүшелері де қамауға алынып, қызметте аластатылды. Олардың басым бөлігі кейіннен мемлекетке өз активтерін өткізу арқылы бостандыққа шықты.








Дереккөз: http://kazislam.kz/