физика пәнінен сайыс сабақ жоспары, Физиканың ғажайып әлемі
2 — бастаушы: Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.
1 — бастаушы: Физика терең ойлап, көп толғануды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.
2 — бастаушы: Ал достар ғалымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!
9 сынып оқушыларынан құралған аудиторияны екі командаға бөліп бірінші командаға «Тербелістер» деп, екінші командаға «Қозғалыстар» деп ат қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастаймыз.
I – бөлім: Жұмбақтар
II – бөлім: Қызықты тәжірибелер
III – бөлім: « Кім көп формула біледі?»
IV – бөлім: Кім жылдам?
V – бөлім: «Ия» немесе «жоқ»
VI – бөлім: Сөз құрау
VII – бөлім: Шешендік.(Капитандар сайысы)
Бірінші ұсынған ойынның түрі: «Физикалық жұмбақтар».
I — бөлім: Жұмбақтар:
1. Етек — жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз — тоз болып өшеді.
Жауабы: Бұлт.
2. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін.
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны?
Жауабы: Генератор
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.
Жауабы: кемпірқосақ.
4. Күндіз қасыңнан қалмайды,
Бірақ ешкім ұстай алмайды,
Қорқақ па, қараңғыға бармайды.
Жауабы: Көлеңке.
5. Жылт – жылт етеді,
Жылғалардан өтеді.
Жауабы: Су.
6. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
Жауабы: Масса.
7. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.
Жауабы: Ток
8. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз.
Жауабы: Компьютер.
9. Көкке қараған, жұлдыз санаған.
Жауабы: телескоп
10. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен – ақ басы айналды.
Жауабы: Электр есептегіш.
II — ші бөлім: Қызықты тәжірибелер
1. Тәжірибе: Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар. (Су ішіндегі түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.)
2. Тәжірибе: Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы ашылған жұмыртқа. Бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен? (Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды.)
III – бөлім: Кім көп формула біледі?
Бұл сайыста плакатқа бірнеше формулалар жазылған, солардың ішінен қатесіз жазылған формулаларды табу керек.
IV – бөлім: Кім жылдам. Екі топқа есептер беріледі, олар топтасып шығарады.
Осы аралықта 9 сынып оқушысы Әбдіқұл Қуаныш «Мерекем» әнін орындайды.
V – бөлім: «ия» немесе «жоқ»
1. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
2. Үдеу F әріпімен белгіленеді ма? (жоқ)
3. F=ma Ньютон заңы ма? (ия)
4. Гук заңы F=mg ма? (жоқ)
5. Бұрыштық жылдамдық радианмен өлшене ма? (ия)
6. Бүкіләлемдік тартылыс заңын Ньютон ашты ма? (ия)
7. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (ия)
8. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
9. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (ия)
10. Бірінші ғарыштық жылдамдық 11, 2км/с па? (жоқ)
VI – бөлім: Сөз құрау
Екі топтқа бір сөз «Электродинамика» беріледі.
Екі топ оқушылары осы сөзден көптеген сөз құрайды.
VII – бөлім: Шешендік.(Капитандар сайысы)
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек топ бірінші болып қағазды таңдайды. Қағаздарда физика информатика сөздері жазылған.
Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздерге дайындыққа
3 минут уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физмка не информатиканың қоғамда және өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізетін пайдасы мен келтірген зияны жайлы сөз айтасыңдар.
VIII – Қорытындылау бөлімі:
Бүгінгі кешімізді мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялар мен аяқтағым келіп тұр.
1. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жіберіпті: «Өкінішті – ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз»
2. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті: «Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» — деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хатты оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге сау болыңыздар демекпін.
Дереккөз: http://bilimsite.kz/