Назарбаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

0
82
Саясат

Қысқа сілтеме алу

43 0 0

Берік Бисенқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Калайчиди ҚР ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Ол жаңа қызметке дейін ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен.

Ал Берік Бисенқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Алексей Калайчиди 1963 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген.

2005-2006 жылдары ІІМ заң қызметін және жеке құрам инспекциясын басқарған. Президенттің әкімшілігінде 2008 жылдан бастап қызмет етті. Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі етіп оны Назарбаев 2016 жылдың жазында тағайындады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/