Шығыстың жарық жұлдызы» атты ертеңгілік сценариі » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

                                             «Шығыстың жарық жұлдызы»

                                                  атты ертеңгілік сценариі

Әкесі мен баласы келе жатыр :

Баласы (Нұрбек) Әке, мынау кімнің суреті?

Әкесі (Ербол) балам бұл Ғани Мұратбаевтың суреті

Баласы: Әке Ғани Мұратбаев деген кім?Неге оның суретін іліп қойған?

Әкесі: Балам, Ғани жастардың жалынды жетекшісі, қамқоршысы болған ол осы біздің Қазалы ауданындағы қазіргі Ғани Мұратбаев ауылында дүниеге келген, қазіргі №16 мектепте оқыған. Балам сен ертең мектепке оқуға барғанда, мен сені Ғани Мұратбаев атындағы мектепке беремін. Сенде жақсы оқып Ғани ағаң сияқты қайратты, халықтың қамқоршысы, азаматы болғанынды тілеймін.

Баласы:  Иә, әке менде Ғани ағамдай «Жарық жұлдызы» боламын.

Әкесі: Балам, сенің балабақшаңдада Ғани ағаңа арналған ертеңгілік өткізгелі жатыр екен, жүр екеуміз соны тамашалайық.

Жүргізуші: Жарқын іске бастап Шығыс ұл-қызын

                        Қараңғыда жарық берген жұлдызым.

                        Сен аңсаған азат ашық аспанда

                        Ұшырамын өзіңе арнап жыр құсын

                        Өшпес ісің кеткен артқа қалдырып

                        Жасай бермек әр күн сайын жаңғырып

                        Миллиондаған жүректердің төрінде

                        Жарқын бейнең жасай бермек мәңгілік

-деп ақындар жырлағандай шығыс жастарының жалынды жетекшісі атанған Ғани ағамыздың азаматтық және қайраткерлік тұлғасын, жүріп өткен жолын, халқына жасаған қамқорлық ісін, жігерлі сөздерін, жарқын болашаққа деген жалынды жүрегімен сенімін бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету мақсатында өткізіліп отырған Ғани Мұратбаевтың 112 жылдық мерейтойына арналған «Шығыстың жарық жұлдызы» атты әдеби сазды ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

                             Биік ұстап Жас Алаштың тұлғасын

                             Әр кездеде мәңгі жас боп тұрасың

                             Құтты болсын бір ғасырлық тойыңыз

                             Әр жүректе мәңгілікке соғасың     –      деп Ғани Мұратбаевтың 112 жылдық мерейтойы (бәрі) құтты болсын!

Бүгінгі Ғ.Мұратбаевтың 112 жылдық мерейтойына арналған «Шығыстың жарық жұлдызы» атты ертеңгілікті ашу үшін балабақша меңгерушісі А.Кеулімжайға сөз береміз.

Жүргізуші :       Қара көзде жарқылдап ұшқын атып ,

                            Бала кезден бір асау күш тұратын

                            Жанып тұрған жалындай қара бала

                            Жалт қараса жауыңды ықтыратын .

Әрине бұл өлең шумақтары Ғаниға арналған еді. Халқымыздың ардақтыда, абзал азамат Қазақстан мен  Орта Азиядағы жастар ұйымының талантты ұйымдастырушысы, көрнекті қоғам қайраткері , демократ – ағартушы , қазақ жастарының рухани көсемі, «Шығыстың жарық жұлдызы» атанған Ғани Мұратбаев Сыр бойында қасиетті Қазалының киелі топырағында дүниеге келген.

                                Жетелеп биік арманын ел – халқының ,

                                Ұйқысыз түндер таңдарды талай атырдың .

                                 Қажымай қарсы, дүрбелең зар заманда ,

                                 Қайсырлыққа сеніммен үндеп шақырдың.

Өзінің қысқа өмірін халық ісі , партия ісі үшін сарп еткен коммунист . Орта Азия мен Қазақстанның еңбекші жастарының жалынды жетекшісі қазақ халқының ардагер ұлы Ғ.Мұратбаев өмірімен қызметі жөнінде қысқаша болсада баяндай кетейік .

Сарбиназ: Ғ.Мұратбаев 1902 жылы 3 маусым күні Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы қазіргі өз атымен аталатын ауылда дүниеге келді.

Сайран : 1911 жылы шешесі Бәтима Ғаниды Қазалыдағы орыс – түзем мектебіне оқуға берді. 1914-1917   жылдары Ғани Қазалыдағы бастауыш училищеде оқыды.

Сымбат: 1918 жылы Ташкенттегі пед училищені бітірді. 1919 жылы жастар ұйымына мүшелікке қабылданды.

Асемай : 1920 жылы Ғани Вернида педогогикалық курстың тыңдаушыларына сабақ берді. 1921 жылы Түркістан  Комсомолы Орталық Комитетінің төрағасы болып сайланды .

Аяжан : 1921 жылы 22 наурызда Ғ. Мұратбаев бастамасымен Ташкент қаласында  «Жас Алаш»  газетінің тұңғыш номері жарыққа шықты. 1921 жылы Ғани РКЖО (Ресей комсомолдық жастар одағы) ІV съезіне  делегат болып қатысты . 1921 жылы Түркістан комсомолы орталық комитетінің жауапты хатшысы болып сайланды .

Нұрай :1922 жылы Коммунистік партия қатарына  кандидаттыққа  мерзімсіз қабылданды . 1922 жылы Хоррезм Республикасының «Қызыл Еңбек» орденімен марапатталды. 1922 жылы «Құрметті теңізші» атанды .

Ақмоншақ : 1922 жылы Коммунистік жастар интернационалының Шығыс жастары бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1925 жылы 15 сәуірде Мәскеудегі «Биік Тау» санаториясында ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

Жүргізуші :                             Ғани жолы ізгіліктің ақ жолы,

                                                  Ғани жолы парасаттың пәк жолы

                                                  Ғани жолы милиондаған жүрекке

                                                  Қол бұлғаған бақыт жолы бақ жолы

Қожантай Досмамбетовтың сөзіне Жеңіс Өтемісовтың әніне  жазылған «Біздің Ғани» әнін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:                Ер Ғани тіршіліктен қыршын кеткен

                                    Жүрегін жұмыр жердің дүрсілдеткен.

                                    Қазақы қараша үйден көтеріліп

                                    Жарқырап жұлдыз болсын тұрсын көктен,       —         дей отырып келесі кезекте бала бақша тәрбиеленушілері ақындардың жырына арқау  болған мәңгілік жас Ғанидың өр тұлғалы бейнесін көркем жырмен өрнектеп сіздерге ұсынады.

Жансая: «Ғани Жұлдыз» Ақнұр Нұрғали қызы

Шығыстың шамшырағы

Жұлдыз боп жарқырады,

Қияға құлаш ұрды

Қазақтың бір қыраны

Ісіңіз өнегелі

Ойыңыз керегелі

Ұлылық танытты көп

Жетіледі жебегені

Жалғасып мұратыңыз

Аңыз боп жүр атыңыз

Ісіңді болашаққа

Жеткізер жүр атыныз

Арай : Шынберген Менқоразов «Қамқоршысы халқымның»

Қазалыда Ғани келді өмірге

Мәңгі тұрар есімі оның көңілде

Ұрпағына ұран болып әр ісі

Жарқырайды қазағымның көгінде

Білмейтұғын барма қазақ Ғаниды

Айтқан сөзі , істерінің бәрі игі

Жарқыраған шығысымның жұлдызы

Исі қазақ деймін тегіс таниды

Күні түскен ел баласын

Мынау жетім, мынау жарлы демедің

Қамқоршысы бола білдің бәрінің

Мәңгі атыңның өшпесіне сенемін .

Жүргізуші: Мәңгі жас боп жүректерде сақталдың

Ауыр  күнде қилы жұмыс атқардың

Жалаңаяқ жетім бала жастарды

«Білім ал» деп интернатқа алып бардың

Ия , Ғани жалаңаяқ , аш жалаңаш, жетім балаларды өз бауырына тарта білді . балаларды интернатқа апарып пана бола білді . Жазушы Шаяхмет Құсайыновтың «Біз Ғанидың ізбасарларымыз» атты пъесасынан ықшамдалып алынған үзіндіні бала бақша тәрбиеленушілері театрланған көрініс көрсетеді.

Жүргізуші : Жетіру Сымбат «Ағатайым» әнін орындайды

Самғатқан биік қанатын

Жүректе отсын жанатын

Жырымда сенсің жазатын

Әнімде сенсің салатын – дей отырып композиторлардың әндеріне арқау болған Ер Ғани туралы әндерге кезек берейік.

Сайран «Ғани Аға» әнін орындайды. Сөзі Р.Наурызбаева әні З.Дүйсебаева 

Сатбай Рза «Қазақ елі» әнін орындайды   

Би : «Қазақ биі» орындайтындар «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері.

Жүргізуші : Құлақтан кіріп бойды алар

          Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,- деп ұлы Абай атамыз жырлағандай Ғани әндіде сүйе білген .

1921  жылы Орынбор қаласында өткен қазақ жастарының І съезі кезінде Ғанидың айтуымен музыка зерттеушісі қазақ әндерімен жырларын нотаға түсіруші А.Затаевич халық әні «Дударай» мен «Қатын жырауды» жазып алып нотаға түсіреді.

Затаевичтің  «Қазақтың 1000 әні» атты кітабында әндерді ауызша орындағандар тізімінде Ғанидың да есімі бар.

Балабақша қызметкері Жансап  Айгүлдің орындауында  халық әні «Дударай» .

Жастардың жалын жетекшісі болған Ғани Мұратбаевтай асыл тұлғаның Қазалы топырағында дүниеге келгенін бәріміз мақтаныш тұтамыз.

Қасиетті «Қазыналы Қазалыға» арнап , Ақтан Сарбиназдың орындауында « Қазалым» әні орындалады

Мүрдең сенің жатсада орыс жерінде

Рухың жүр орта азия көгінде

Сан ғасырға жеткізеді ұрпағың

Мәңгі сақтап жүрегінің төрінде.

«Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі : Сатбай Рзаның орындауында «Ғани менің асқарым» әні

23 жыл өмір сүріп , осынша қысқа мезгілде өзін қалың халыққа танытып артында ұмытылмас із қалдырған   жарқын жолы жастар үшін жасаған жан қиярлық еңбегі ел тарихында мәңгілікке қалады . Ғани есімі ұрпағының мәңгі есінде.

Мәңгі от боп жанасың, лапылдайсың

Шабытына өртенген ақындайсын

Жыл керуенгі алысқа жылжығанмен

                                              Бізге қарай сен ылғи жақындайсың ,                                                                                             —

-деп бүгінгі әдеби сазды ертеңгілігімізді «Мұратбаевшылар маршы» әнімен аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!