Тәрбие сағаты: «Ана өмірдің гүлі» » Қазақстан ұстаздарына арналған

0
164

Тақырыбы:Ана өмірдің гүлі

Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.  Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

1-жүргізуші: (Айару)

Армысыздар ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Халықаралық әйелдер күніменен,

Құттықтаймыз аналарды осындағы.

2-жүргізуші: (Айша)

Құрметті: Ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және ару қыздар! Біз жыл мезгіліндегі ең тамаша шуақты мейрамдардың бірі 8- наурыз «Халықаралық әйелдер» күнімен құттықтай отырып,

«Ана өмірдің шуағы» атты сазды бағдарламамызды бастаймыз.

 

1-жүргізуші: (Айару)

Ер жеткізіп, елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым! әсем ән  ортада Алмасқызы Жанельді  «Мама» әнімен шақырамыз.

2-жүргізуші: (Айша)

Бойына бар сұлулық жиналғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген ел алдына,

Биші қыз ғажап еді биің қандай? –дей келе ортамызға мың бұралған биші қыздарымызды «Өзбек» биімен шақырамыз.

1-жүргізуші: (Айару)

Айша  қарашы маған ұлдар сыйлық сыйлады.
2-жүргізуші: (Айша)

Қойшы Айару сыйлық сыйлағанша одан да неге әзіл сыйламайды.
1-жүргізуші: (Айару)

Әрине олардың әзілі де дайын
Екеуі бірге: Ендеше ортаға  «Қожаның достарын»  шақырамыз.

 

2-жүргізуші: (Айша)

Сенен өскен балалар.

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті жан аналар

1-жүргізуші: (Айару)

Ортаға ата-аналармен ойын ойнатуға  Садықов Бейбарыс пен Мырзакелен Әлияны  шақырамыз.

 

2-жүргізуші: (Айша)

Әнші әнмен таңырқатар,

Күйші күймен таңырқатар.

Ал биші ше, бишілер де,

Мың бұралған билерімен

Барлық жұртты таң қалдырар- ортаға сыныбымыздың биші қыздарын «Қазақ» биіменен  шақырамыз.

 

1-жүргізуші: (Айару)

Құрметтейік, о адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істейік әр қадамды деп ортаға Аманжол Аяулымды «Ана» әнімен шақырамыз.

 

2-жүргізуші:(Айша)

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғынам- дей келе ортада Марат Аружан фортопианомен, аналарға арналған шығармасын орындайды.

1-жүргізуші:(Айару)
Мейірімің балқытып жүрегімді,

Құлпыртады қуаныш нұр өңімді.

Асыл анам! Айтқым кеп тұрады ылғи,

Мен өзіңе ең ізгі тілегімді- дей отырып ортаға Руслан Перизатты «Ана жаным» әніменен шақырамыз.

 

2-жүргізуші:(Айша)

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда «Вальс» биі.

2-жүргізуші:(Айша)

Қуаныштан нұр шашады жанарың

Мәз боласың мерекелік сөзіммен.

Шаттығыңды шаттығыма баладым,

Бақыт мәңгі бірге болсын өзіңмен!

1-жүргізуші: (Айару)

Хор: «Сенің анаң алтын» 3 «А» сынып оқушыларын ортамызға шақырамыз.

 

1-жүргізуші: (Айару)

Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған

Әлемде сен болмасаң осылайша

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман.

 

2-жүргізуші:(Айша)

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен кешімізді аяқтаймыз,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа

 

1-жүргізуші: (Айару)

Құрметті  ата-аналар, арулар мерекелеріңіз құтты болсын.Осымен  «Ана өмірдің шуағы» атты сазды бағдарламамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!