Көктем аруы қыз сыны
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 7 сынып
Жүргізуші: Қыз сыны,қыз өнері,қыз әдебі, Тал бойына жарасқан күлкі әлемі. Бір көргенде болмай-ақ сахнада, Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып, Көрейік, аруларды жарыстырып. Бұл залда білетін бар, білмейтін бар, Әрбір ару көрсін өзін таныстырып. Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық, Өнерпаз өрендерге тамсанайық Әділдікпен шыңдықты арқа тұтқан, Әділқазы алқасымен танысайық.1. Нарбаева Шынар2. Телходжаева Мадина3. Сейітханова Жадыра
Жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
- Өзін-өзі таныстыру
- Өз өнерін көрсету(ән айту, би билеу,күй тарту,өлең оқу)
- Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
- Жемістермен безендіру
- «Бәйге» мақал-мәтелдерді жалғастыру
- «Шешендік өнер»
- Салат дайындау
Жүргізуші: І кезең.ТаныстыруГұл көңілің қуаныштан өрілді,Жанарыңнан жалын нұры төгілдіЖыр ұшқындап тұр ғой әне үнінен,Көпшілікке таныстыршы өзіңді,
Жүргізуші: ІІ кезең Өз өнерін көрсету.Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,Би-билеп, ал біреулер ән салыпты.Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға.Арулар аянбай-ақ жан салыпты
(әділқазылар алқасы бағаларын берсеңіздер)
Жүргізуші: ІІІ кезең Білгенге маржан (сұрақ-жауап)Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,Қуантқан әрбір үйдің арманысыңДәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.Әр аруға 7 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 7сұраққа жауап беруі тиіс.1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1-ші арудың сұрақтары лезде жауап беру
1.Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)2.Еттен жасалатын тағам (Бесбармақ)3. Киелі құс (Аққу)4.Ас атасы (Нан)5.Мойынға тағатын әшекей бұйым (Алқа)6.Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз (Б.Төлегенова)7.Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? (Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.)
2 –ші арудың сұрақтары
1.Төлегеннің серігі (Жібек)2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)3.Сүттен жасалатын тағам (Көже,ірімшік, айран, қаймақ,май)4.Әйгілі күйші- анамыз ( Дина Нүрпейісова )5.Тай,құлынның анасы (Бие)6.Ақ сүт берген аналардың анасы (Нағашы әже)7.Аққуда не жоқ? (Сүт)
3 –ші арудың сұрақтары
1.Еңліктің серігі (Кебек)2.Ананың қызы сізге кім болады?(Әпке)3.Абай Құнанбаевтың әжесі (Зере)4.Ас пісіруші маман адам (Аспаз)5.Көздің суы (Жас)6.Әйел көркі неде? (Ақылда)7.«Сұлу» сөзінің синонимі (Ару)
4 –ші арудың сұрақтары
1. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)2.Анаңның бауырлары (Нағашы)3.Киіз үй жиһазын ата (Кебеже, абдырма, кереует, жастағыш, жүк аяқ, түс киіз,кілем)4.Бөбек қорының президенті кім? (С.Назарбаева )5.Жылқыда не жоқ (Өт)6.Халқымыздың батыр қыздары (Әлия, Мәншүк)7.Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады? (7)
5 –ші арудың сұрақтары
1.Абай Құнанбаевтың анасы (Ұлжан)2.Апа сіңлінің балалары (Бөле)3.Қазақтың діни мейрамы(Құрбан айт,ораза айт)4.Ешкінің төлі (Лақ)5.Ою өрнектің бір түрін ата (Қошқар мүйіз,арқар,сыңар, өркеш,қос алқа)6.Әйелдің күші аз, несі көп? (Айласы)7.Жеті қазынаны атап бер (Ер жігіт, Сұлу әйел, Ілім-білім, Жүйрік ат, Құмай тазы, Қыран бүркіт)
6 –ші арудың сұрақтары
1.Қозы Көрпештің серігі (Баян Сұлу)2.Білім, оқу жазуды үйретуші адам (Ұстаз)3. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі? (Мұқағали)4.Қамырдан жасалатын тағам (Бауырсақ,нан)5.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары (Сырға, білезік, жүзік, сақина, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу, шолпы) 6.Тігінші құралы (Ине)7.Қыз туралы мақал айтыңыз?(әділқазылар алқасының бағаларын білу)Жүргізуші: ІV кезең Жемістермен безендіру (алма, банан, қияр, т.б)
Жүргізуші: Қыздарымыздың тапсырмалары дайын болғанша ән: «Ана» орындайтын: ЕркебұланЖүргізуші: V кезең «Бәйге» (мақал-мәтелдерді жалғастыру)
І . 1. Ананың көңілі балада,————Баланың көңілі далада. 2. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,——— Қарызыңан құтыла алмайсың. 3. Ана алдында құрмет,—— Ата алдында қызмет.
ІІ. 1. Ана сүтін ақтамағанды,——-Ешкім мақтамайды. 2. Атасыз үй батасыз,———Анасыз үй панасыз. 3. Ананың сүті — бал,—— Баланың тілі — бал. ІІІ.1. Ананың құны,————Ананың сүті 2. Анасын сүйгеннің———Баласын сүй. 3. Ананың ойы ұяда,—— Баланың ойы қияда.IV.1. Ата-ананың қадірін,———Балалы болғанда білерсің. 2. Ағайын алтау,———Ана біреу 3. Алып анадан туады,——— Ат биеден туады
V. 1. Қызым— үйде,———Қылығы түзде 2. Ата көрген оқ жонар,————Ана көрген тон пішер 3. Анасын сүйгеннің,————-Баласын сүй
VI.1. Жұмақтың кілті,——— Ананың табанының астында 2. Қыз өссе — елдің көркі,———-Гүл өссе-жердің көркі 3. Анасыз өмір———-сөнген көмір.
Жүргізуші: VІ кезең «Шешендік өнер» Көңілі көктем, жаны жаз, күлім көздер, Жалын атқан жүректер отты көздер, Тамсандырып талайды табындырып, Еліктіретін жүректі елік пе едіңдер. Ал ендігі кезекті ару қыздарымыздың мәнерлеп оқу сайысын тамашалаңыздар
Жүргізуші: Ә, дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. VІІ кезең Салат дайындау әр ару үйлерінен пісіріп келген, тағамнан салат дайындайды.Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.Әні «Ана туралы жыр» Орындайтындар: Азамат, ЖаппарҚорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.Жүргізуші: «Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын» — дегендей, қыздарымыз ата-бабаларымыздың ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз. Осымен байқау—ымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
1.Ананың көңілі балада,————2.Ананды Меккеге 3 рет арқалап барсан да,——— 3.Ана алдында құрмет, ———-
1.Ана сүтін ақтамағанды,——-2.Атасыз үй батасыз,———3.Ананың сүті — бал, ———1.Ананың құны,————2.Анасын сүйгеннің———3.Ананың ойы ұяда, ———
1.Ата-ананың қадірін,———.2.Ағайын алтау,———3.Алып анадан туады, ———
1.Қызым- үйде,———2. Ата көрген оқ жонар,————3. Анасын сүйгеннің ———
1.Жұмақтың кілті,——-2.Қыз өссе- елдің көркі,———-3. Анасыз өмір — ——-
«Болашақ» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Көктем аруы – 2015 Сынып: 7 «Б» Сынып жетекшісі: С.Ауезова
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.