Ұлттық валюта бағамы долларына 374 теңгеге тең болды — Нарық

0

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 374,84 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

12 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 373,6 теңгемен өтті. Минимал құны да осы болды, ал максимал құны — 375,8 теңге. Сауданың жалпы көлемі 44,55 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау орындарында 373-376 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астана уақытымен сағат 11.03-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 71,31 доллар болды.