Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

0

Қазақстандықтар қыстың бірінші айында үш бірдей мерекені атап өтеді. Соның есебінен азаматтар 13 күн демалады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: dvhab.ru

Көрнекі фото: dvhab.ru

Желтоқсан айындағы мереке күндері заңды демалыс күндерімен сәйкес келеді.

1 желтоқсанда қазақстандықтар Тұңғыш президент күнін тойлайды. Мереке сенбі күніне түсіп тұрғандықтан, ел тұрғындары дүйсенбі, 3 желтоқсан күні демалады.

Сонымен бұл мейрамда ел тұрғындарын қатарынан үш күн яғни 1, 2 және 3 желтоқсан демалыс күндері күтіп тұр.

Оған қоса Тәуелсіздік күнінде тағы төрт күндік демалыс берілмек. 16 желтоқсан жексенбіге тура келгендіктен, мерекелік демалыстар 15-18 желтоқсан аралығына жылжытылған.

Бұл жылы 31 желтоқсан дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған орай, дүйсенбідегі жұмыс күні 29 желтоқсан сенбі күнге ауыстырлады. Яғни айдың соңғы аптасы алты күндік жұмыс күнімен аяқталмақ.

Төрт күндік демалыстан кейін ел тұрғындары үшін үшінші қаңтар жұмыс күні болып есептеледі.