Димаш Құдайберген алғашқы альбомын қашан шығарады? — новости Казахстана

0

?Димаш Құдайберген наурыз айында Мәскеулік Кремльде өтетін концертінде бірнеше жаңа ән орындамақ. Әншінің репертуарында ресейлік композитор Игорь Крутойдың тағы бірнеше әні болады, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы Димаш Құдайберген ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Дүние жүзіндегі фанаттарына сәлем жолдаған Димаш осы күндері Мәскеуде өтетін алғашқы жеке концертіне дайындалып жатқанын жеткізді.

NUR.KZ

Фото:NUR.KZ

«Қай қалада, қай елде болмасын, концертімді ерекше өткізгім келеді. Сондықтан, бағдарламаға үнемі өзгерістер енгізіп отырамын. Ресейде өтетін концертімде жаңа әндер шырқаймын. Репертуарымда Игорь Крутойдың бірнеше әні болады», — деді Димаш Құдайберген.

Әнші жақын арада алғашқы альбомы жарық көретінін де хабарлады.

NUR.KZ

Фото:NUR.KZ

«Бүгінде жаңа әндер жазылып жатыр. Мен әрдайым ізденістемін. «Любовь усталых лебедей» әніне бейнебаян түсіреміз. Жалпы бір жобаға кіріспем бұрын жүз ойланып, мың толғанатын адаммын. Сондықтан, алдын ала осындай дүниелер жасап жатырмын деп жария еткім келмейді. Табынушыларыма бірден дайын дүние ұсынғым келеді», — деді әнші.

Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz