Баяндама «ОЖСБ-ға 4 сынып оқушыларының дайындығы»

0









Баяндама «ОЖСБ-ға 4 сынып оқушыларының дайындығы»

Автор: Калиева Айгерим Мейрамханкызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-29


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материал 4 сынып ұстаздарына ОЖСБ-ға сараптама жасау барысында өз үлесін қосады деген пікірдемін.




Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Баяндама

Тақырыбы: ОЖСБ-ға 4 сынып оқушыларының дайындығыДайындаған: Қалиева Айгерім Мейрамханқызы

2017-2018 оқу жылы

Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады. ОЖСБ жүргізудің мақсаты:

  • Білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;
  • Білім алушылардың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының меңгеру деңгейін айқындау.

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық кезінде пәндер бойынша тест тапсырмаларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынылған оқулықтарды басшылыққа ала отырып, тест тапсырмаларын құрастырамыз. Себебі, ОЖСБ жүргізілетін кешенді тестілеудегі тапсырмалар саны мен мазмұны, тестілеуге берілетін уақыт әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес анықталады. 4 сыныпта қағаз тасымалдағышты қолдана отырып, жыл сайын екі пән бойынша жүргізіледі. Тесттілеуге 1 сағат 10 минут уақыт беріледі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мендеңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатады. Жалпы МАБ жағдайына дайындық оқушылар арасындағы ғана емес, олардың отбасы, ата-анасы, мектепте психолог мамандар арасында, мектептен жанұялық өзара қарым-қатынаста жүреді.

  • МАБ талаптары менстандарттарына сай білім бағдарламаларын жетілдіру;
  • МАБ-ға дайындық жұмыстарын жүргізу, қосымша сабақтар өткізу;
  • Әр айда 2-3 рет тест жұмыстарын алу, нәтижесін талдау;
  • Ата-аналар мен оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізу;
  • Жауап парақтарын толтыруда икемдік дағдыларын жетілдіру жұмыстарын жүргізу, оқушыларды жаттықтыру.

Негізі тест жұмыстарына дайындықты 3 сыныптан бастап дайындық жұмыстарын жүргізе бастадым. 3 сыныптан бастап оқушыларға тест тапсырмаларымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру барысында, тарау соңында тоқсан аяталғанда үнемі тест тапсырмаларын алып отырдым. Алынған тест жұмыстарын күнделікті бағалап, қорытындысын сыныпта талдап, қатемен жұмыс жүргізіп отырдым. Және де әр тест сайын қай оқушының қай тақырыпты меңгермей отырғанын анықтап, қосымша сабақтарда түсіндіріп отырдым.Жүйелі тест жұмыстарын жүргізудің нәтижесі қандай болмақ?

  • Ынтасы, қызығушылығы артады.
  • Өзін-өзі таниды, бірін-бірі таниды
  • Білімді өз беттерімен алудың жолдарын үйренеді.
  • Танымдық іс-әрекетті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.

ОЖСБ-ға дайындық бойынша деңгейлік тақырыпты жоспар құрылады.Тест түрлері:

  • Толықтыруды қажет ететін тест түрлері
  • Балама жауаптары бар тест
  • Таңдамалы тест. Бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс берілуі таңдалады.
  • Еске салушы тесттер. Тест сұрағына қандай да бір факті, заң мағынасы, ережелер болады. Мұндай нақты қойылған сұраққа бір жақты жауапты білу тексеріледі.
  • Сәйкестілік тесті. Екі бағандағы бір-бірімен мағынасы сәйкес элементтерді табуы керек.

Бірінші жарты жылдық бойынша аналитикалық анықтама:Тесттілеуге барлығы: Болжамды нәтижеШыққан нәтиже:Тест тапсырмаларын қорытындылау.

Пән атауы Оқушы саны Сапасы Үлгірімі
Математика1 тест2 тест3 тест
Қазақ тілі1 тест2 тест3 тест
Әдебиеттік оқу1 тест2 тест3 тест
Дүниетану 1 тест2 тест

Математика пәні бойынша 17-20 аралығында ұпай жинайтын оқушыларға тоқтала кететін болсам: –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––14-17 аралығында ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ тілі пәні бойынша ——————————————————————Жоғарыда атағанымдай БайдалинС, Батырбек Ж, Бейсенбекова Г, Орынбасар Н, Жомартова Н жоғары деңгейде ұпай жинайтын оқушылар.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.