Қазақстанда ақша жымқырған күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды
Ұсталған адам 2005-2009 жылдарда «БТА Банк» АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыпталған.
Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан Артур Трофимовты экстрадициялады. Бұл туралы Zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұсталған адам 2005-2009 жылдарда «БТА Банк» АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқыруға сыбайлас қатысқаны үшін және оны заңдастыруда (жылыстатуда), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды деген күдік келтірілді.
Оны экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбек әріптестерімен бірлесе отырып үйлесімді әрекет жасауының арқасында мүмкін болды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/