Талғарда ауылдасын ұрып өлтірген күдікті ұсталды

0

Күдікті мұндай қатыгездік қадамға жұбайын қорғау үшін барған.

Тәртіп сақшылары ауылдасын жұдырықпен ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Талғар ауданының 50-жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының полиция өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 23-қаңтар күні Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында орын алған. Екі ауылдастың арасындағы тұрмыстық жанжал төбелеске ұласып, ауыр жарақат алған 52 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болған.

Тергеу барысында анықталғандай, қайтыс болған азамат пен күдіктінің жұбайы арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқан. Осы сәтте күдікті жұбайын қорғау мақсатында осындай қадамға барған.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат ұсталып, ол Талғар аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Істі тергеу Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/