Спорт түрлері 4сынып

0
278









Спорт түрлері 4сынып

Автор: Суйншкалиев Арсен Курмангалиевич

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-29


Материал туралы қысқаша түсінік

әдістемелік көмек




Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері 4 сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: сабақ барысындағы сөздердің мағынасын, мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру. Дамытушылығы: оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру. Тәрбиелігі: оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, әдемілікке, сұлулыққа құштарлықтарын ояту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың құралдары: кітап, дәптер, қалам, маркер, қарындаш, постер, интерактивті тақта, үнтаспа, видео.
Пән аралық байланыс: денешыңықтыру, тарих
Оқу нәтижелері: спорт адамға қандай көмегін көрсетеді, спорттың пайдасы неде.
Түйінді идеялар: спорт туралы жалпы түсінік беру және спорттың керектігін.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: топтық жұмыс, бағалау парағы, өзөзін бағалау, топтық жұмысыты бағалау,
Сабақтың жоспары: І. Кіріспе бөлім 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Білімдерін тексеру. Суреттің қиындыларын құрай отырып, оқушыларды екі топқа бөліп,тиісті тапсырмалармен таныстыру.Ітоп боксшылар, ІІтоп футболшыларІІ. Негізгі бөлім

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру
  • – Спорт деген не?– Сен спортпен айналысасың ба?– Қандай спорт түрлерін білесіңдер?– Қандай спорт түрі ұнайды?– Қандай белгілі спортшыларды білесіңдер?– Спорт үйірмесіне барасың ба?– Самат Смақов,Серік Сәпиев,Алексей Полторанин, Жансая Әбдімәлік,Генадий Головкин бұл спортшылар кімдер?

    Спорт туралы слайд, видео көрсетіледі.

    Спорт туралы нақыл сөздер:1. Тәні саудың – жаны сау.2. Шынықсаң, шымыр боларсың!3. Спорт – саулық кепілі.4. Адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керекӘл-Фараби5. Көп жасау – деннің саулығы, бақытты болу – адамның өз қолындағы ісі.А. М. КирхенштейнСөздікпен жұмыс: 1-тапсырма. Сөз тіркестерін құрап жазыңдар:

    даму-развиваться , пайдалы-полезныйденені дамыту, спортты дамыту, пайдалы спорт, пайдалы жаттығу2-тапсырма.Мәтінді тыңда. Сөйлемдерді аударыңдар.Қазақстанда спорт жақсы дамыған.Спорт адам денсаулығына пайдалы.Спорттың түрлері өте көп.Маған спорттың барлық түрі ұнайды.3-тапсырма. Сөйлеп үйрен, ІІ жақта айт. Мен ……….. бүгін боксқа барамын.жақсы жүгіремін.футбол,волейбол,баскетбол ойнаймын.теледидардан хоккей көремін.4-тапсырма. Сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.Футбол, шахмат.5-тапсырма.Толықтырып жаз.Мен бүгін стадионға (пойду).Сен кеше теледидардан футбол (смотрел).Мен досыммен шахмат (играю).Сен көшеде велосипед (катаешься).Мен спортзалда көп (бегаю).

    6-тапсырма. Сөйлемдерімізде сөздер түсіп қалған, соны сендер орнына дұрыс қойып, сөйлемді аяқтаңдар. Сөйлемдерді аяқтап жаз.

  • Бос уақытымда мен…. 2. Маған…. ұнайды.
  • 3. Кейде… барамын.4. Мен... айналысамын. 5. Мен… жақсы көремін. Көмекші сөздер: сурет салғанды,кітап оқимын, киноға, футбол, бокспен.Бекіту : Бір біріне сұрақ қою арқылы бекіту

  • Спорттың пайдасы қандай?
  • Қандай қазақтың ұлттық спорт ойындарын білесіңдер?
  • Қазақстанда спорттың қай түрінен атақты чемпиондарды білесіңдер?
  • Бағалау:Үйге тапсырма: Өзіңе ұнайтын спорт түрі туралы шағын мәтін құраңдар.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.