Ислам ынтымақтастығы ұйымы шіркеудегі терактіні айыптады

0

Астана. 28 қаңтар. KAZISLAM – Әлемнің мұсылман және христиан дін басылары Филиппиндегі католиктік шіркеуде болған терактіні айыптады.

Теракт Филипиннің оңтүстігіндегі Холо аралында католиктік шіркеуде жексенбілік рәсім кезінде болған. Терактіден кейін әскерилердің оқиға орнына келген сәтінде екінші құрылғы іске қосылып, тағы жарылыс болды. 80-нен аса адам әртүрлі жарақат алды, ал қаза болғандар саны әлі де өсе түсуде, деп жазады Sydney Morning Herald.

Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Усаймин католиктік шіркеуге жасалған шабуылды, сондай-ақ, ұйым зорлық-зомбылық, экстремизм мен терроризмнің кез келген түрін айыптайтынын мәлімдеді.

Панамаға ресми сапармен келген Рим Папасы да терактіні айыптады. «Мен қаза болғандар мен зардап шеккен барлық адамдар үшін дұғадамын. Құдай жауыздықпен соғыс жасаушылардың жүректерін жұмсартқай»  дейді понтифик.








Дереккөз: http://kazislam.kz/